Сабақ тақырыбы: Б. Соқпақбаев. «Менің атым -Қожа»


І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу



бет8/13
Дата30.01.2024
өлшемі2.69 Mb.
#490216
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Б.Соқпақбаев. «Менің атым -Қожа» повесі

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Тамаша күн» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту.



ІІІ. Жаңа тақырып

Б алалар, М.Мақатаевтың қандай өлеңімен таныссыңдар?
- «Қара өлең», «Қайырлы түн»
- Осы өлеңдер не жайында жырланған?
- Бейбітшілік, тыныштық, тілге деген құрмет
( видеопроектрден М.Мақатаевтың суреті, жыр жинақтарының аты шығады)
Оқушыларға таныстыру.
Өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту.
( оқушыларға оқыту)
Сөздік жұмысы :
Желі – құлын, боталарды мойнынан байлап қоятын, екі қазықтың арасына керілетін жіп.
Көген – қой, қозы- лақтарды мойнынан байлау үшін қысқа жіптер тағылған, ұшы түйілген, ұзын арқан.
Талдау –табыс кілті
Идеясын ашу «Елім барда» өлеңі, - туған еліне арқа сүйеу, соның болашағына 
нұрлы үмітпен қарау.
«Анау – аспан, мынау бақ» - табиғатты қорғау, оның жан жарасын 
жазу. 
а)Өлең талдау
Не сыйлайды, / / не береді // келер күн?! а
Не де болса// тірі тұрсам // көрермін. а
Желідегі // құлынымын // мен елдің, б
Көгендегі //қозысымын// мен елдің. Б 
Егіз ұйқас, Буын саны -11
Бунақ саны – 3
Метафораларды табу
Құбылтудың бір түрі:
Метафора( ауыстыру) - суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау, суреттеліп отырған құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдету, әсерін күшейту 
Желідегі құлын, көгендегі қозысымын, таусылмайтын бақытым, ырысым
Анау аспан –// мынау –бақ, а
Аспанда бұлт, //бақ жадау б
Мамық ұшты // қылаулап а
Қыс та келіп //қалған – ау б
Шалыс ұйқас Буын саны -7
Бунақ саны – 2
Құбылтудың бір түрі – кейіптеу
Кейіптеу – жансыз табиғат құбылысының кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттелуі.
б)«Елім барда», «Анау-аспан, мынау-бақ» өлеңдерін сатылай талдау 
( дұрыс жауаптары ____ сызылған - «Елім барда» өлеңінікі, қалың жазу – «Анау-аспан,мынау -бақ» өлеңінікі)
І.Өлеңдегі ақынның айтпақ ойы не?
Туған еліне арқа сүйеу, болашағына нұрлы үмітпен қарау
Табиғатты қорғау, оның жан жарасын жазу
ІІ. Лириканың қай түріне жатады:
1. саяси - әлеуметтік лирика: Отан, ата – ана, бейбітшілік , достық, интернационалдық, өнер, еңбек
2. Махаббат 
3. Табиғат
4. Көңіл – күй
ІІІ. Өлеңдегі буын саны
1. 11 буынды 5. 7 буынды
2. 10буынды 6. 6 буынды
3. 9 буынды 7. аралас буынды
4. 8 буынды 8. Көп буынды
ІҮ. Шумақ түрін анықтау
1. 2 тармақты ( 2жолдан) 5. 6 тармақты
2. 3 тармақты 6. 7 тармақты
3. 4 тармақты 7. 8тармақты( «Сегіз аяқ» өлеңі)
4. 5тармақты 8. Ерікті өлең ( терме жыр)
Ү. Бунақ түрін анықтау
1. 1 бунақты
2. 2бунақты
3. 3бунақты, 
4. 4 бунақты
ҮІ. Өлеңді ұйқас түріне айыру
1. Шұбыртпалы ұйқас 5. Егіз ұйқас, 1-шумағы
2. Ерікті ұйқас 6. Қара өлең 2,3 шумағы
3. Шалыс ұйқас 7. Аралас ұйқас
4. КЕзекті ұйқас 8. Осы күнгі ерікті ұйқас
ҮІІ. Метафораны тап.
1. не сыйлайды
2. тірі тұрсам
3. көгендегі қозысымын
4. елім де аман
ҮІІ. Кейіптеулерді тап.
Дәрігер қыс, табиғаттың жарасын, ақ дәкемен таңуда, тоңдырып ап маңдайын,, тағы көйлек сұрап жүр, бақты кезіп, жалаң аяқ жылап жүр, түксиеді
ҮІІІ. Ақынның оқырманға ұсынған негізгі ой -өзегі, берген тәрбиесі:
Туған елді сүю, ел үшін жанын пида ету
Сымбатты табиғаттан тек өз қажетіңді ғана алып, оның басқа байлығына қол сұқпау, орны ойсыраған жерлерін толтыру.
ә)Венн диаграммасы:
«Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңін Абайдың «Қыс» өлеңімен салыстыру.
Анау –аспан, мынау – бақ 1-шумағы Қыс
Айырмашылығы Ұқсастығы Айырмашылығы
Шалыс ұйқас 4тармақты 1-шумағы қара өлең
7 буынды метафоралар 11 буынды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет