Бағалау критерийлері
|
Мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтайды.
Ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер етеді.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Рухани құндылықтарға баулу. Адамгершілік ,өзге пікіріне құрметпен қарау құндылығын қалыптастыру,ұлт жанды болуға шақыру, еңбекке баулу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тарих тіл, өнер,халық ауыз әдебиеті.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Ноутбук
|
Бастапқы білім
|
Кино саласы туралы хабары бар.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі
Сабақтың соңы
|
Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.
«Біз өте жақсымыз» әдісі.
Сандар арқылы 3- топқа бөліп аламын.
Бағалау критериімен таныстырамын.
Ширату жаттығуы
1. Анаң қандай сериалды қарағанды ұнатады?
2. Түнде мистикалық киноларды көру сен үшін қызық па, қорқыныш па?
3. Сен режиссер болсаң, қандай жанрдағы фильм түсірер едің? Неге?
4. Ата-анаңмен бірге тамашалайтын фильмің бар ма?
5. Кинотеатрға жиі барасың ба?
6. Қай киноактерге ұқсағың келеді?
1- тапсырма мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау
Қамажайдың інісі аспирант Омар кіреді. Гауһармен бас изеп амандасып, портфелін қояды.
Қамажай: Туу Омар –ау таңертең кеткеннен енді келдің бе? Әбден қарның ашқан шығар. Жуған матадай боп- боз болып кетіпсің ғой.
Омар: Дұрыс айтасыз.Таңертеңнен бері дым сызған жоқпын. Кітапханадан шығуға мұршам болмады.
Қамажай: Денсаулығыңды бұзып алмасаң жарар еді. Тамақ ыстайын.
Омар: Жоқ, жоқ,сіз олай әуре болмаңыз Байқауымша, бұл үйде қонақтар боп кеткен сияқты.Демек сіз менсіз де шаршаған болуыңыз керек. Маған екі ыстақан ... тіпті бір ыстақан ыстық сүт болса жетеді. Қалғаны осы жерден табылатын сияқты
Қамажай шығып кетеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |