сурет
Кейінірек кішілеу ыдысқа май құйып, оған жіптен немесе мақтадан жасалған білтелерді матырып жағып қойған. Осылайша «май шамдар» пайда болған.
Сурет
Бір заманда адамдар ақылының арқасында электр шамын ойлап тапқан. Ол тиімді, әрі дұрыс пайдаланса қауіпсіз болып есептеледі. Электр тогын үлкен «Электр станциялары» шығарады.
Сурет
Табиғатта да электр заряды бар. Ол «Найзағай» деп аталады.
Проблемалық сұрақ: сынып бөлмесінде қандай құралдар электр тоғының көмегімен жұмыс жасап тұр. Оларды атаңдар.
Дескриптор: сынып бөлмесіндегі электр құралдарын атайды.
ҚБ. Мадақтау арқылы бағаланады.
Т. «Сиқырлы лента» әдісі
-Балалар, осы электр құралдарымен жұмыс жасағанда бізге абай болу керек пе?
-Олай болса, сендер өз беттеріңмен электр тогымен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережелерін құрастырып көріңдер.
Топтық жұмыс үшін мұғалім әр топқа түрлі-түсті жолақ болып қиылған «лента қағаздар» мен маркерлер таратылады. Оқушылар топпен ойланып, әр лентаға электр тогын пайдаланудағы қауіпсіздщік ережелерін жазады. Тапсырманы орындауға уақыт шектеулі болады.
«Эстафета» ойыны
Ойынның шарты: уақыт аяқталған соң әр топтан бір оқушы тұрып, бір ережені оқып береді де тақтаға лентаны іледі. Осылайша келесі топтар кезекпен бір-бір ережеден оқып, тақтаға іліп отырады.Бірақ бірінің ойын бірі қайталамаулары қажет.
Дескриптор:
Электр тоғын пайдаланудағы қауіпсіздік ережелерін біледі, құрастырады, жазады.
ҚБ: «От шашу» тәсілі арқылы бағалау.
МК. Оқушылардың ойын толықтыру мақсатымен бейнебаян көрсетіледі.
https://www.youtube.com/watch?v=1hTrpETszT8
МК. Проблемалық сұрақ.
-Балалар, жаңа сыныптағы барлық электр тогы арқылы жұмыс жасап тұрған барлық құралдарды атадыңдар. Ал сағат қалай жұмыс жасап тұр?
- Батареяны да электр көзі деп атауға бола ма?
- Батареяның қуаты таусыла ма?
- Оны қайта қуаттауға бола ма?
- Батареямен жұмыс жасайтын қандай құрылғыларды білесіңдер?
Достарыңызбен бөлісу: |