Сабақ тақырыбы: Көйлектің мойын ойындысын өңдеу Оқу тобы: т-17-9 Өткізілген күні



бет2/6
Дата05.09.2023
өлшемі477.59 Kb.
#476570
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Ашық сабақ Мойын ойындысын өңдеу Манат

Сабақтың типі: аралас
Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндірмелі-иллюстративті, топтастыру, «Кубизм» ойыны, «Ателье» ойыны.
Сабақтың көрнекілігі және техникалық жабдықталуы: интерактивті тақта, нұсқау карталар, слайд, үлгілер, маталар, тігін машинасы, ине-жіп, қайшы, сантиметрлік таспа.
Пәнаралық байланыс: «Тігін өндірісінің технологиясы», «Киімді құрастыру», «Тігін бұйымдарына арналған материалдар».


Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (3-5 минут)

  2. Өткен тақырыпты тексеру, бекіту. «Кубизм» ойыны (15 минут)

  3. Кіріспе нұсқау. Жаңа білімді игеру (10-15 минут)

  4. Ағымдағы нұсқау. «Ателье» ойыны (35-40 минут)

  5. Қорытынды нұсқау. (10 минут)

  6. Үйге тапсырма беру (5 минут)



Сабақтың өткізілу барысы:
1 .Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ басталмай тұрып, алдымен дәрісхананың тазалығына және дайындығына назар аударамыз. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру кезінде топ басшысы арқылы кімнің жоқ екендігін журналға белгілейміз. Топты шағын 2 топқа бөлеміз.
ІІ. Өткен тақырыпты тексеру, бекіту.
Оқушылардың пән бойынша білім деңгейін тексеру мақсатында «Кубизм» ойыны жүргізіледі. Алдын ала дайындалған 2 кубикке барлығы 12 сұрақ жазылған. Әр топқа 6 сұрақтан беріледі. 2 топ кезегімен жауап береді. Бұл ойынды пайдалану арқылы оқушының өткен сабақты күнделікті қайталап тұруға, сонымен қатар жақсы сақтауға тигізетін пайдасы байқалады.
1-сұрақ: Әйелдер көйлегі қандай пішім бөліктерден тұрады?
Жауабы: Көйлек көбінесе белдемшеден және үстіңгі бөліктен тұрады. Үстіңгі бөлік алдыңғы және артқы бөліктерден, жең, жаға, қалтадан тұрады. Белдемше тұтас пішілген немесе бірнеше бөліктерден тұруы мүмкін.
2-сұрақ: Өлшемді адам денесінің қай жағында тұрып өлшейді?
Жауабы: Өлшемдерді адамның денесінің оң жағында тұрып өлшейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет