3-сұрақ: Бүкпе қандай қызмет атқарады?
Жауабы: Адамның тұлғасына сәйкес бұйымға белгілі бір пішінін беру, киімді адам дене мүшесіне сәйкес белгілі бір қалыпқа келтіру үшін, сондай-ақ бұйымның денеге қонымдылығы үшін негізгі бөлшектерге бүкпелерді өңдейді.
4-сұрақ: Бүйір қиықтары қалай өңделеді?
Жауабы: Бұйымның алдыңғы бойын артқы боймен бірге оң беттерін ішіне қарата салады, қиықтарын теңестіреді, кертпелерін теңестіріп белгіленген сызықтар бойынша көктейді, артқы бойды кертпелер арасындағы бөлігінде енгізеді, ал бел сызығы бойынша қырқылмаған, адам денесіне тығыз қыналып тұратын бұйымның алдыңғы бойын бүйір қалталар тұсында отырғызады. Жаппай өндірісте жан қиықтарын алдыңғы бой жағынан алдын ала көктеместен, бөлшекті кертпелер арасындағы белгіленген бөліктерде отырғыза отырып сырып тігеді. Тігіс ені – 1-1,5 см.
5-сұрақ: Иық қиықтары қалай өңделеді?
Жауабы: Алдыңғы бой мен артқы бойдың өң беттерін беттестіре отырып, иық қиықтарын біріктіре отырып, 1-1,5 см тігіледі. Тігісті торлап, өң бетінен жатқызып үтіктеледі. Артқы бойдың иық қиықтарында моделіне байланысты бүкпе өңделуі мүмкін. Алдыңғы бойды немесе бұйымның алдын және артқы бойдың қиықтарын теңестіреотырып, өң беттерін ішіне қарата салады. Артқы бойда иық қиығынан бүкпе болған жағдайда аз енгізеді.
6-сұрақ: Белдемшенің көкірекшеге қосылуы қалай жүргізіледі?
Жауабы: Егер көкірекше мен белдемшенің бел қиығында бүрмелері жоқ болса, онда көйлектің белдемшесін терісіне аударьш, көкірекшесін оң бетіне аударып, көкірекшені белдемшеге оң бетін ішке қаратып, бүйір тігістерін, бүкпелерінің кертпелерін сәйкестендіріп, көкірекше жақтан бағыттаушысы бар баспа табанның көмегімен қайып тігеді.
7-сұрақ: Белдемше мен көкірекшенің жиек арқылы қосылуы қалай жүргізіледі?
Жауабы: Жиектің бөліктерінің шеттерін қайып тігіп алады.Тігістің ені- 0,7см. Тігісті айырып үтіктейді. Жиекті ұзына бойына ортасынан теріс жағын ішіне қаратып, қиықтарын теңестіріп, 2-ге бөліп қайырады. Дайын жиекті белдемшенің не көкірекшенің оң бетіне, қиығын бұйымның қиығына қаратып, қосып тігеді. Көкірекшені белдемшеге салып, бүкпе, бүйір тігістерін теңестіріп, көктеп алады. Жиек қай бөлікке салынса, сол бөлік жақтан қайып тігеді. Жиек қосылған тігістің үстінен тігіс салады.
Достарыңызбен бөлісу: |