«Суреттер сөйлейді» әдісі (жеке жұмыс) Тапсырма №1 Суреттердегі бейнеленген жағдайлар үшін инерция құбылысын түсіндіріңдер.
«Ойлан, тап» әдісі
Тапсырма №2 Екі бала роликті конькиде 3 м/с және 4 м/с жылдамдықпен қарама-қарсы бағытта қозғалады. Бір баланың массасы 40 кг, ал екіншісінің массасы неге тең?
Неліктен массасы аз дененің жылдамдығы, массасы көп дененің жылдамдығынан көп болатынын түсіндір.
Дескриптор: Ньютонның бірінші заңын біледі.
Ньютонның бірінші заңын есептер шығаруда қолданады.
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Ұсынылған сұрақтарға жұптық талқылау жүргізеді.
1.Инерция құбылысы негізінде Ньютонның І заңы қалай тұжырымдалады?
2.Инерция заңы орындалатын жүйе қалай аталады?
3.Инерциялық санақ жүйелеріне мысал келтір.
4.Егер денеге күштердің теңгерілмеген жүйесі әсер етсе ол дене қандай күйде болады?
«Неліктен» әдісі (сапалы логикалық есептер)
1.Диванды итергенде неге ол орнынан қозғалмайды?
2.Жер қазғанда күректегі батпақты қағып түсіре алатынымыз неліктен?
3.Не себепті желдеткіш тоқ көзінен ажыратылғаннан соң біразға дейін айналып тұрады?
4. Неліктен жарыстарды мотоцикл, велосипедтер бұзылады, темір жол вагондары рельстен шығып апатқа ұшырайды, автокөліктер жаяу жүргіншілерді қағып кетеді?
Дескриптор: - Ньютонның І заңы негізінде инерция құбылысын біледі.
-Есептердің жауабын инерция құбылысымен байланыстыра отырып түсіндіреді.