Бекіту
Үйге тапсырма беру
|
Сұрақ-жауап.
Шешендердің шешендік сөздерін жаттау.
|
Үйірме жетекшісі: А.А.Балғожа
Бекітемін:________________
Уақыты:
09.11.2022
|
«Тарихи риторика» үйірмесі
|
Тобы:2
|
Сабақ тақырыбы
|
Пікірсайыс тарихы
|
Жалпы мақсат
|
Оқушыларды пікірталастың тарихын және оның түрлерімен таныстыру. Пікірталастың заңдылығы мен салалары туралы ақпарат беру.
|
Сабақ типі
|
Жаңа сабақ
|
Көрнекіліктер
|
Газет, журналдар.
|
Жаңа тақырып
|
Пікірсайыс — ұжымдағы әр түрлі көзқарастың, ой-пікірдің ортаға салынып, көпшіліктің талқысына түсуі. Пікірсайыста қате көзқарасты әділ сынап жеңу көзделеді. Пікірсайыс түрлері: жиналыс, конференция, пікірталас және т.б. Пікірсайыстыру жиын, топ алдында екі адамның немесе екі топтың өзара пікір таластыруы. Пікірталас тақырыбы алуан түрлі болуы мүмкін. Мысалы, саясат, мәдениет, тіл, құқық қорғау, өнер салыстыру және т.б. Пікірсайыстың тақырыбы нақты, көкейтесті болуымен бірге, ондағы мәселе, ұсынылатын әдебиеттер қатысушыларға күні бұрын таратылады. Уақыт тәртібі сақталып, шебер жүргізуші тағайындалады. Пікірсайыс — ғылыми жұмысты қорғау алдында немесе көркем әдеби шығарманы жариялау алдында пікір білдіру. Пікірсайыс барысында жұмыстың көкейтестілігі, құрылымы, баяндау қисыны мен уәжі анықталып, ғылыми немесе көркемдік мәні бағаланады. Пікірсайыс әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылым салаларындағы зерттеулерде қолданылады. Пікірсайыс әдістемесі сауал қою және сұхбаттасу болып екіге бөлінеді.
Пікірсайыс тарихы ежелгі Грекиядан бастау алады. Афина азаматтары әртүрлі заңдардың артықшылығы мен кемшілігі туралы пікір таластырды. Мұндай даулы мәселені жан-жақты талдауға мүмкіндік берді.
Ежелгі Римде риторика деп аталатын мектептер болды, онда шешендік өнер оқытылды. Риторикалық мектептер беделді болды, ал риторика мектебінің мұғалімдері ең көп жалақы алатын болды.
Ежелгі Грекиядағы Афины демократиясындағы саяси және философиялық пікірталастар, Ежелгі Үндістандағы «Шастрартха» («Шастраның», яғни қасиетті жазулардың түпкі мәнін анықтауға бағытталған интеллектуалды пікірталас) пікірталастың көне заманнан басталғанына дәлел бола алады. Осылайша, пікірсайыс бұрынғы кездерден-ақ мемлекеттің саяси өмірінде маңызды орынды алып отырған.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |