Сабақ тақырыбы Риторика туралы жалпы мағлұмат. Жалпы мақсат


Бекіту Үйге тапсырма беру



бет2/27
Дата31.03.2023
өлшемі166.51 Kb.
#471500
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
1 топ-поурочный план

Бекіту


Үйге тапсырма беру

Сұрақ-жауап.

Риторика саласы туралы тың ақпараттар жинап әкелу.



Үйірме жетекшісі: А.А.Балғожа


Бекітемін:________________



Уақыты:


21.09.2022

«Тарихи риторика» үйірмесі

Тобы:2

Сабақ тақырыбы

Көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті.

Жалпы мақсат

Оқушыларға көпшілік алдында сөйлеу мәдениетінің маңыздылығы туралы түсіндіру. Практика жүзінде сөйлеу мәдениетінің дұрыс және бұрыс қырларын көрсету. Көп алдында сөйлеу барысындағы оратордың іс-әрекеттері мен қолдануға тиісті сөздері туралы мағлұмат беру.

Сабақ типі

Жаңа сабақ

Көрнекіліктер

Видеоақпараттар, мінбер.

Жаңа тақырып

Көпшілік алдында көбінесе баяндама, дәріс оқылады. Оны қоғамдық, экономикалық, мәдени мәселелерді көтеруге байланысты қарым-қатынас орнатуда, ақпарат құралдарында да қолданады. Мұндағы маңызды мәселе, айтатын сөздің мазмұндылығы, қажеттілігі, көпті қызықтыруы. Сөздің көп түрі мынадай ерекшеліктерге ие: - мағлұматтылығы, құжаттық-дәлелдік, нақтылық, жинақылық, пайдаланған материалдардың ресмилігі; - шынайы өмір құбылыстары мен дәлелдер; оқиға, хабар, көргендердің әңгімесін пайдалану; - талқылау, іс-әрекет, зерттеу, түсіну, жүйе т.с.с. сөздерді пайдалану; - нақты біреуге бағыттау. Мысалы нақты әріптесіне арналған сөз; - эмоционалды, қуатты, түсінікті, әртістік мәнерде айтылатын сөздер. Мысалы, мақал-мәтелдер, үзінділер, даналық сөздер, т.б. Көпшілік алдында сөз сөйлеу үшін арнайы дайындық қажет. Артық сөздерді алып тастап, ойды жүйелеп, логикалық байланысын дайындап алған абзал. Сонымен қатар қалжың, сықақ, өткір сөздерді де пайдаланған дұрыс.
Жұрт алдында сөйлеуге негіз болатын 2 себеп бар: бірі – өз көзқарасын, сезімін білдіруге деген қажеттілік, екіншісі – өз ойын өзгелермен бөлісуге деген тілек. Ол үшін көп ізденуі, сөйленер сөздің сапасын арттыратын шарттарды, қағидаларды терең білуі тиіс.
Көпшілік алдындағы сөзді жоспарлау қарым-қатынастың əр түрлі жағдайына (мекемеде, көшеде, сахнада), тыңдарманмен қатынастың сипатына (ресми, бейресми), тыңдармандардың əлеуметтік орнына интеллигенция, жұмысшы, студент, оқушы) немесе олардың жасы, білімі т.б. байланысты түрліше болады.
Сөйлеу тілінде тек сөз мазмұнының тереңдігімен ғана емес, интонация, сөз екпіні, ым, дене қимылдары да үлкен қызмет атқарады. Сондықтан тыңдаушыларды жалықтырып алмау үшін дауыс сан құбылып, ал шешен қимылы сөзін толықтыратындай дәрежеде жарасымды болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет