Сабақ тақырыбы Заңнамада отбасы қалай қорғалған? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


Пәнге тән лексика мен терминология



бет2/5
Дата05.02.2024
өлшемі36.86 Kb.
#490865
түріСабақ
1   2   3   4   5
Адам.Қоғам.Құқық. 9 сынып. КМЖ. Заңнамада отбасы қалай қорғалған. Қарағанды НЗМ. Юсупова Т.К

Пәнге тән лексика мен терминология:



Отбасы, неке, отбасы мүшелері, ерлі-зайыптылар, отбасы құқығы, толық отбасы, толық емес отбасы



Диалог пен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Отбасы дегеніміз...
Неке дегеніміз...
Некеге отырудың негізгі шарттары...
Отбасының қоғамдағы маңызы...
Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарда ғана қиылған неке заңды деп есептеледі, себебі...

Құндылықтарды
дарыту

Сабақ мазмұны оқушылардың бойында отбасы мүшелерінің бір-бірлеріне құрмет көрсетуі, адалдықты ұстану құндылықтарын дарытуға бағытталады. Қоғамдағы отбасы құндылығын түсінуі арқылы мейірімді болуға тәрбиелейді.

Пәнаралық
байланыстар

Мазмұны бойынша қолданылған материалдар арқылы әдебиет және өнер пәндерімен байланысты.

ІТ қолдану
дағдылары

Белгілі бір тақырып бойынша бейне сюжетті пайдалануы.
Ақпарат іздеуде арнайы сайттардан алынған материалдарға сілтеме көрсетуі.

Бастапқы білім



Құқық ұғымы мен құқық салалары туралы білімдері қалыптасқан. Отбасы туралы бастауыш және 5-6 сыныптарда дүниетаным сабақтарында алған білімдерін қолдана алады.

Дифференциация

Сабақтың әрбір кезеңінде жабық дифференциация бар. Дифферинциация тапсырма, әрбір оқушыға жеке көмек беруде, оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне қарай тапсырмаларды таңдап алу арқылы жүзеге асырылады. Дифференциация сабақтың уақытын тиімді қолдану арқылы әрбір кезеңінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Сабақ түрі

Аралас сабақ – жаңа білімді игеру және тақырыпты бекіту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет