Диагнозы: 1. Жүктіліктің 38-39 аптасы, ірі нәресте. Нәрестенің бетімен орнығуы.
2. Талқылау – ірі нәресте және оның бетімен орнығуының диагнозы жатыр деңгейінің биіктігіне және іш айналым өлшемінің үлкендігіне, (қалыпты жағдайда, мерзімі жеткен жүктілікте іш айналымы 95-100см тең) қынаптық зерттеуге сүйеніп қойылды. Әйелдің өзі босанады.
7-есеп. Перзентханаға Жүктілік мерзімі жеткен, босануы 2-рет 28 жастағы әйел түскен, бақылауда болмаған. Толғағы 6 сағаттан кейін басталған. Жамбас өлшемдері қалыпты, бүкіл денесі ісінген, тамыр соғуы 90-рет минутына, қ/қ 165/100 с.б., көру қабілеті анық, басының ауырғанын шағымданған. Зәрін қайнатқанда бірден ұйыған. Нәресте ұзынша орналасқан, басы үлкен сегментпен жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында. Нәрестенің жүрек соғуы минутына 140. Толғақ әрбір 2-3 минут сайын, қарқынды. Перзентхананың қабылдау бөлмесінде қағанақ суы кеткен, мөлшері 300 мл, тұнық. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны толық ашылған. Қағанақ қуығы жоқ. Нәресте басы кіші жамбас қуысында. Төбе жігі оң қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жағында. 1. Диагнозы? 2. Талқылау, дәрігердің тактикасы.
Диагнозы: мерзімі жеткен жүктілік. Преэклампсия. Босанудың ІІ кезеңі. 2. Талқылау: әйелдер кеңес орнына әйел есепке тұрмаған, жүктілік кезінде ешқандай бақылаудың болмауы салдарынан, жүктілік ағымы гестозбен асқынған.Дәрігердің тактикасы: Жатыр мойны толық ашылған, нәресте басы жамбас қуысында, осы жағдайларды ескере отырып, әйелге наркоз беріп, «қуыстық» қысқышты салып босандыру.
8-есеп. Әйелдер кеңес орнының дәрігері босанып жүрген әйелді төменгі диагнозбен: жүктіліктің 34-35 аптасы, А.А.А (асқынған акушерлік анамнез), резус-қайшылықты жүктілік (антидененің титрі 1:24) перзентханаға жолданған. Мәліметтерінен: I-жүктілігі он апталығында өздігінен түсікпен аяқталған (жатыр қуысы қырылған), II –жүктілігін мерзімінде босанған, сәбиі үшінші тәулікте сарғайып шетінеген.Жатырдың деңгейі 34-35 аптаға сәйкес. Нәресте ұзынша, басымен орналасқан, жүрек соғуы 136 рет минутына. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны сақталған, қатты, сыртқа ернеуіне саусақ ұшы енеді, нәресте басы кіреберіс жазықтыққа орныққан. 1. Диагнозы? 2. Мерзімінен бұрын босандыруға көрсеткіштер бар ма? 3.Дәрігердің тактикасы
Диагнозы:1) Жүктіліктің 34-35 аптасы А.А.А. (асқынған акушерлік анамнез).Резус (1:24)
2.Әйелді мерзімінен бұрын босандыруға көрсеткіштер: ААА, 2 жүктілікте сәбидың үшінші тәулікте сарғайып шетінеуі ) гемолитикалық аурудан). Антидененің титрі 1:24
3.Дәрігердің тактикасы- әйелге клиникалық – лабораториялық зерттеу жасау )узд), жатыр мойнын босануға дайындау, толғақты қоздыру ,нәресте гипоксиясының комплексті емін жүргізу, содан кейін әйелдің өзін босандыру. Кесар тілігін тек әйел өміріне қауіпті асқынуларда ғана жасайды.
.
9-есеп. 28 жастағы босанып жүрген әйел, перзентханаға әйелдер кеңес орнының жолдамасымен келген. Диагнозы: жүктіліктің 17-18 аптасы. Үйреншікті түсік. Мәліметінен: бірінші жүктілігін 5 жыл бұрын босанған; нәрестенің салмағы 4200,0 г. Босану кезеңдерінде жатыр мойны жыртылған. Екінші жүктілігі 20аптада, үшінші жүктілігі 22 аптада өздігінен аяқталған. Соңғы жүктілігі – төртінші. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, оның ернеулері бұрынғы жыртылған тыртықтармен өзгерген. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны 2см дейін қысқарған, сыртқы өзегіне 1,5 саусақ енеді, қағанақ қуығы бүтін. Жатырдың көлемі 17-18 апталық жүктілікке сәйкес, қозбаған, жатырдың қосалқы мүшелері анықталмайды. 1. Диагнозы? 2. Талқылау. Дәрігерлік амал.
Достарыңызбен бөлісу: |