1. Диагнозы: Мерзімі жеткен жүктілік. Көп босанған әйел. Асқынған акушерлік анамнез. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі. Нәресте гипоксиясы.
2. Талқылау. Жүкті әйел әйелдер кеңес орнына ерекше есепке тұрып, 2-3 апта бұрын перзентханада жатуы тиіс еді (клиникалық зерттеуден өтіп, босанудың жоспарын алдынала анықтау үшін). Көп босанушы әйелдің үш жыл бойы гипертония және пиелонефритпен ауырғаны, жүктіліктің қауіпті асқынуына (қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі) душар етті. Осы асқынуды және нәресте гипоксиясын ескеріп, әйелді жедел тек кесар тілігі арқылы босандыру қажет.
5-есеп. Босанып жүрген 36 жастағы әйел, толғағы басталған соң 4 сағаттан кейін перзентханаға түскен. Жүктіліктің мерзімі жетілген, қағанақ суы кетпеген. Түскен кездегі қ/қ 160/100 мм с.б., аяқтар ісінген, зәрде 1% белок бар. Әйел кенет бозарып , ішін кернеп тұрған ауру сезімі пайда болғандығына шағымданған. Жамбастың кіреберіс жазықтығында нәрестенің еш бөлігі анықталмайды. Нәрестенің жүрек соғуы әлсіз, минутына 90 рет, жатыр кернеуленіп сол жақ бұрышына қарай ығысқан. Тамыр соғуы 100 рет, жұмсақ, әлсіз толымды. Қан шығыны жоқ. Қ/Қ 150/90-ға дейін төмендеген. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны жазылған, ашылуы – 5см, қағанақ қуығы бүтін, кернеулі. Нәрестенің еш бөлігі анықталмайды. 1. Диагнозы? 2. Талқылау.
1. Диагнозы: Жүктіліктің 39-40 аптасы. Нефропатияның ІІ дәрежесі. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі. Нәрестенің көлденең орналасуы. Нәресте гипоксиясы.
2. Талқылау- қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуінің диагнозы төмендегі клиникалық белгілерге сүйеніп қойылды: әйелдің кенет бозаруы, ішін кернеп тұрған ауру сезімі, жатырдың солға қарай ығысуы, нәресте жүрек соғысының сиректеуі. Дәрігердің тактикасы – әйелді жедел кесар тілігі арқылы босандыру.
6-есеп. Қайталап босанушы, 33жаста, босану мерзімі жеткен, жамбас өлшемдері қалыпты, толғақ басталған соң 6 сағаттан кейін перзентханаға түскен, қағанақ суы кетпеген. Алдыңғы 2 жүктілікте де мерзімінде босанған, соңғы жүктілігі де асқынусыз өткен. Объектілік зерттеулер: жағдайы қанағаттанарлық, қ/қ 125/80, іш айналымы 111см, жатыр деңгейі 37 см, нәресте ұзынша, кіші жамбас қуысының кіреберісінде баспен орналасқан. Басының тік өлшемі 12см. Нәрестенің жүрек соғуы минутына 136 рет, кіндіктің сол жақ төменгі жағында естіледі. Толғақ 2-3 минут сайын ұзақтығы 40-45 секунд. Қабылдау бөлмесінде қағанақ суы кеткен.Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны жайылған , 8см-ге ашылған, қағанақ қуығы жарылған, нәресте басы кіре беріс жазықтықта, бет жігі сол жақ қиғаш өлшемде, қас үсті, доғасы, мұрын түбі анықталады.. Мүйіске қол жетпейді. 1. Диагнозы? 2. Талқылау.
Достарыңызбен бөлісу: |