Сабақ Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды сайыс Мақсаты


-сайыс «Ертегілер әлемінде»



бет2/4
Дата13.03.2024
өлшемі216.88 Kb.
#495186
түріСабақ
1   2   3   4
1 сынып ашық сабақ "Зерде" зияткерлік сайыс

1-сайыс «Ертегілер әлемінде»
2-сайыс «Дыбыстар әлеміне»
3- сайыс «Теңге алу»
4-сайыс «Кім жылдам?»
5- сайыс «Ханталапай»

6-сайыс «Кім көп біледі?»
7- сайыс «Жұмбақ жарыс»

Сайысымызды бастамас бұрын қатысушы топтармен танысып алайық:
«ОЙШЫЛДАР»
Ұраны: Білегіңе сенбе, біліміңе сен
«ЗЕРЕКТЕР»
Ұраны: Оқу инемен құдық қазғандай.
«ТАПҚЫРЛАР»
Ұраны: Күш білімде, білім кітапта

Жарысымызды 1-кезең үй тапсырмасы «Ертегілер әлеміне саяхат» сайысымен бастайық.Әр топ үйге берілген ертегіні сахнада ойнайды. Мақсаты актерлік шеберліктері мен ертегіден негізгі ойды ашу


Ойшылдар: «Үндемес ит»
Зеректер: «Қыт –қыттың сыры»
Тапқырлар: «Түлкі»

Жарысымыздың 2-кезеңі


Шопан, биші, ұстазда
Ғарышкерде, аспазда.
Барлық, барлық жақсыда
Әріптерден басталған, - дей отырып келесі кезекті «Дыбыстар әлеміне» береміз. Әр топтың алдына кеспе әріптер беріледі. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып тиісті үйшікке салу керек. Қай топ бірінші тапсырманы орындап болса, сол топ тақтаға шығып әріптерден сөз құрайды және дыбыстық талдау жасайды.


Жарысымыздың 3-кезеңі « теңге алу» деп аталады.


Теңге дегенде ойларына не келеді?
Қайда қолданамыз?
ТЕҢГЕ АЛУ - қазақ ұлттық ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Бұл ойын ат спортына жатады. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп кетулері керек. Ақшаны ат үстінен алған адам иеленеді.
Ендеше мұқият мына теңгелерге қараймыз. Балалар неше теңгеліктерді көріп тұрсыңдар, Яғни әр теңгеге берілген сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, сонша ұпай санын иеленесіңдер!



1-топ







2-топ







3-топ







1-топ
5 теңге Бауырсақ сөзінде қанша буын бар?


20 теңге көру мүшесін ата
50 теңге 4 бен 2 нің айырмасы
2-топ
5 теңге Қосудың компоненттерін ата
10 теңге Дыбыс нешеге бөлінеді?
50 теңге Тірі табиғатқа нелер жатады?
3-топ
5 теңге Кесінді дегеніміз не?
10 теңге Ауа температурасын өлшейтән құрал?
50 теңге Сөйлем неден құралады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет