2.Дидактикалық ұстанымдар дегеніміз не, онда не туралы айтылады
Дидактика – педагогиканың білім беру және оны оқыту теориясын қарастыратын саласы. Ол білімнің мазмұнын, оқыту ұстанымдарын, оқуды ұйымдастырудың әдістәсілдерін, білік пен дағды қалыптастырудың амалдарын зерттейді. Мұғалім материалды меңгерту үшін дидактиканың оқыту, білім беру жӛніндегі заңдылықтарын сақтай отырып, теориялық қағидаларын басшылыққа алады. «Дидактикалық принциптер оқу үдерісінің жалпы мақсаттары мен заңдарына сай келетін оқудың жалпы мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін айқындаушы тірек тұжырымдар жиынтығы». «Принцип» деген сӛз кӛптеген ғалымдардың ғылыми еңбектерінде «ұстаным» деп қолданылады. Оқыту ұстанымдары мұғалім мен оқушының бірлескен әрекетіне негізделеді. Дидактикалық ұстанымдар жӛнінде ғалымдардың пікірлері әртүрлі болып келетінін айту керек. Қазақ балаларына педагогика ғылымының не екенін, дидактикалық ұстанымдарды тәрбие үрдісімен ұштастыруын алғаш рет түсіндірген адам, «Педагогика» еңбегінің авторы – М. Жұмабаев болды. Кейінгі уақытта еліміздің педагог-ғалымдары (М. Мұқанов, Н. Кӛшекбаев, Р.М. Қоянбаев, Ж.Б. Қоянбаев, С.Б. Бабаев) ӛздерінің теориялық еңбектерінде оқытудың барлық пәнге ортақ жалпы дидактикалық ұстанымдары мен әдістерін негіздеп берді. Дегенмен, педагог-ғалымдардың ұсынған дидактикалық ұстанымдарында бірізділік сақталмайды. Бұл ғалымдардың ұсынған ұстанымдарының бастылары мыналар: ғылымилық, жүйелілік, материалды дұрыс орналастыру, алдын-ала болжау, саналылық, беріктік, теорияның тәжірибемен, ӛмірмен байланысы, кӛрнекілікС. Қазыбаев дидактикалық ұстанымның тоғыз түрін беріп, оларда белгіленген талаптар барлық пәнді оқыту ісінде бірдей басшылыққа алынатынын айтады да, кейбір пәндегі оқу материалының түріне, олардың ӛтілу кезеңдеріне қарай ерекшеліктер болатынын, соның ішінде, кӛрнекілік ұстанымының (грамматиканы оқытуда таблица, схеме, карӘдіскер Ә. Исабаев ұстанымдарының басқа әдіскерлердің ұсынған ұстанымдарынан ерекшелігі – оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымын басшылыққа алуы. Ал Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, С. Тәжімбетова бірлесе жазған «Ана тілін оқыту әдістемесінде» (1-сынып) бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай: оқытудың түсініктілік, есте берік сақтау, оқушының ӛзіндік ерекшеліктерін есепке алу, тәрбиелік ұстанымдарын белгілейдіточка, техникалық құралдар) ана тілін оқытуда ӛзгеше қолданылатынын кӛрсетеді
Сонымен, ғалымдардың ұстаным туралы пікірлерін жинақтай келе, дидактикалық ұстанымдар жүйесінің құрылымы ӛмір талабына сәйкес сараланып, толықтырылып, ӛзгеріп отыратыны байқалады. Аталған ұстанымдардың барлығы да білімнің жан-жақты тиянақты, жүйелі, саналы, бірізді, терең, сапалы т.б. берілуін мақсат етіп, қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |