Сабақ Тапсырмалар



бет3/9
Дата15.02.2023
өлшемі38.76 Kb.
#469611
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бастауыш мектепте қазақ тілі 2 семестр 1-4 тапсырма

2 тәжірибелік сабақ
Тапсырмалар:
1.Қазақ тілін оқыту құралдары мен жіктемесі
Оқыту «әдістері» мен «тәсілдері» ұғымдары және оқыту әдістерінің жіктелуі. Жалпы алғанда әдіс (метод) — «methodos» деген грек сөзінен шындыққа жету жолы, тәсілі деп аударылады. Оқыту әдісі ұғымы дидактикалық мақсаттарға сәйкес оқыту үдерісінде мұғалімнің оқу жұмысы мен оқушылардың танымдық іс-әрекеті жолдары байланыстырыла шешілетін оқу іс-әрекеті міндеттерін бейнелейді. Демек, оқыту әдістері — оқыту міндеттерін, яғни дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалімдер мен окушылардың біріккен іс-әрекеті жолдары болып табылады. Сонымен бірге дидактикада оқыту «тәсілдері» ұғымы кеңінен қолданылады. Тәсіл — әдіс элементі, оның кұрамды бөлігі, бір реттік әрекет. Оқыту үдерісінде әдістер мен тәсілдер әр түрлі құрамда қолданылуы мүмкін.
Оқыту әдістері — күрделі, көп жақты, көп сапалы құбылыс. Окыту әдістері арқылы объективтік заңдылықтар, мақсаттар, мазмұн, принциптер, оқыту формалары бейнеленеді. Оқыту әдістері оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылаушы-түзетуші кызметтерді атқарады. Әдістер көмегімен оқыту мақсаты жүзеге асырылады, яғни бұл — үйретуші функцияның байқалуы, оқушылардың даму деңгейі мен қарқыны қамтамасыз етіледі — дамыту функциясы, сол сияқты тәрбие нәтижелерінің анықталуы — тәрбиелік функцияның жүзеге асырылуы болып табылады. Әдістер мүғалім үшін оқушыларды оқуға үмтылдырушы құрал ретінде қолданылады, ал кейде танымдық іс-әрекетті ынталандыру қызметін атқарады. Бұл оның ынталандырушы релін атқаруы.
Қазіргі кезде педагогика ғылымы мен практикасында колданылатын оқыту әдістері өте көп. Мұғалім оқыту әдістерін кеңінен қолдана білуі үшін оларды белгілі бір жүйеге келтірудің мәні зор. Сондыктан оқыту әдістерінің жіктелу ерекшеліктерін қарастырайық. Оқыту әдістері әр түрлі негіздерге байланысты жіктеледі. Ең алғашкы кезде мұғалімнің жұмыс әдістері (әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу) және оқушының жұмыс әдістері (жаттығу, өзіндік жұмыс) деп бөлінді. Кейіннен білім алу көздеріне байланысты оқыту әдістерінің жіктелуі кеңінен қолданылды. Білім алу көздері бойынша жіктелетін оқыту әдістері:
а) сөздік әдістер (білім ауызша немесе жазбаша сөздерден алынады);
б) көрнекілік әдістер (білім көзі рөлін пәндер, құбылыстар, көрнекілік құралдар атқарады);
в) практикалық әдістер (білімдер мен біліктерді практикалық әрекеттерден алады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет