Сабақ Тапсырмалар



бет7/9
Дата15.02.2023
өлшемі38.76 Kb.
#469611
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бастауыш мектепте қазақ тілі 2 семестр 1-4 тапсырма

4-тәжірибелік сабақ
Тапсырмалар:
1. Қазақ тілі пәнінің әдістемелік оқу кешенінің түрлері, өзіндік сипаттарын анықтау
Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруды жаңа тұрғыда қарастыратын қағидалар
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Оқу әрекетін қалыптастыруды оқушы дамуының басты шарты ретінде қарастыратын дамыта оқыт
Ортақ тақырыптар арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыр
Оқушылардың қимылдық, әлеуметтік, танымдық, қатысымдық белсенділігін және өз беттерімен жұмыс істеу біліктерін дамыту
2.Қазақ тілі сабақтарының құрылымын тізбектеп жазу. Cабақ жоспарын жасау
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, мақалдың мағынасын ашу,
Көрнекілігі: суреттер, тапсырамалар, таблица,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Жаңа сабақты сызбаларда берілген сұрақтар арқылы, пікірталас:
Тіл және сөйлеу не үшін қажет?
Ата - бабамыз бізге мұра етіп нені қалдырды?
Пікірталас барысындағы оқушылардың жауабын тыңдау.
2. Сөйлеу түрлерін таныстыру.
Сөйлеу
Ауызша Жазбаша
Әңгімелесу Сызу
Пікілесу сурет салу
Хабарласу Таңбалау
Кітап оқу хат жазу
3. Дәптермен жұмыс
Әрбір аяқталмаған сөйлемді оқып, оның астындағы берілген сөздердің біреуін ғана пайдаланып, сөйлемдегі ойды аяқта.
1). Жексенбіден кейін ________________________
( жыл, сағат, дүйсенбі)
2). Алманың ішінде әруақытта ________________________
( құрт, тұқымы, гүл)
3). Тау өзенінің ағысы ________________________
(ақырын, күлкілі, қатты)
4). Бүгіннен кейін ________________________
(биыл, ертең, былтыр)
5). Әкеден кейін ________________________
( немере, бала, шөбере)
6). Сағат тілі ________________________
( жоғарыдан төмен қарай, оңнан солға қарай, солдан оңға қарай қозғалады).
4. Оқулықпен жұмыс.
6, 7, 8 - жаттығуларды орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет