Қазақ тілі оқулығы. Оқулықтың негізгі атқаратын қызметі: ақпараттық,
трансформациялық, жүйелілік, тəрбиелік. Оқулықтың жасалу теориясы, оқулықтың жүйелік-құрылымдық сипаты. Қазақ тілі оқулықтарының даму жолы жəне олардағы
теориялық жəне практикалық материалдардың берілуі. Жаңа буын оқулықтарының
ерекшеліктері. Теориялық материалдардың берілу логикасы. Оқулықтың ғылыми жəне
əдістемелік деңгейлерінің үйлесімділігі. Бағдарлама мен оқулықтың сəйкес болуы.
Қазіргі кезеңдегі электрондық оқулық, оның өзіндік ерекшеліктері. Жаттығулардың
түрлері, оларды оқулықтарда орналастыру жүйесі.
3-тәжірибелік сабақ Тапсырмалар:
1.Әдіс – көпсатылы құбылыс екенін дәлелдеңіз Әдіс - белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу тәсілі немесе мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы, ал тәсіл - әдісті құрайтын әлементтер. Оқыту әдісі - оқытудың мақсатын, міндеттерін, шет тілін оқытудың мазмұнын тудыратын және оларға жетудің оқыту кезеңдері мен шарттарына сәйкес тәсілдерін айқындайтын оқытудың бағыты.
С.Рахметова қазақ тілін оқыту әдістерін жинақтап, жүйелей келіп, оқу-таным әрекетінің басынан бастап соңғы нәтижесіне жеткенге дейінгі аралықты толық қамтитын негізгі үш топқа бөліп қарастырды:
«1) Оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері;
2) Оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері;
3) Оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері».
Профессор Е.Я.Голант оқыту әдісінің 8 түрін береді:
1.Ауызша мазмұндау; 2.Әңгіме; 3.Кітапты пайдалану; 4.Көрсету; 5. Экскурсия; 6.Лаборатория жұмыстары; 7.Жазу-сызу жұмыстары; 8.Практикалық жұмыс.
2 .Әдіс және тәсіл туралы түсінік беріңіз Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) — көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.
Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады.
Ғылымның алдына қоятын негізгі мақсаты –өз нысанын жан-жақты танып білу, оның белгісіз сырларын, заңдылықтарын ашып айқындау. Мұндай мақсатты орындау үшін ғалымдар зерттеудің әр түрлі амал-тәсілдерін қолданады. Ондай амал-тәсілдердің жүйесі мен жиынтығын зерттеу әдістері деп атайды. Тіл білімінің зерттеу әдістеріне айтылғанда әдіс (метод), әдістеме (методика), әдіснама (методология) және тәсіл (прием) деген терминдері қолданылады. Алдыңғы үшеуінің ішіндегі ең жалпысы және мағынасы жағынан ауқымдысы –әдіснама да, ал нақтылысы –әдіс термині.
Әдіснама (методология) –жаратылыс пен қоғам өміріндегі құбылыстардың зерттеудің, танып-білудің, түсіндірудің жалпы ғылымдық, философиялық бағыт-бағдарын, жолын көрсетеді. Ол барлық ғылым салаларына ортақ. Мысалы: бұрынғы Кеңес Одағындағы мұндай әдіснамалық принцип –тарихи материализм немесе маркстік диалектика деп аталынған. Ол барлық ғылым салаларына басшылық жасады және бірден-бір ғылыми жол деп есептелінді.
Ал әдіс (метод) дегеніз –әр ғылымның тек өзіне ғана тән арнаулы зерттеу жолы, амалы. Яғни ол –әр ғылымның өз нысанын теориялық тұрғыдан зерттеуде қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы. Мысалы: биология ғылымында –биологиялық әдіс, тіл ғылымында –структуралық әдіс деген сияқты.
Әдіс, белгілі дәрежеде, әдіснамаға тәуелді, соған бағынады. Әдіснама дүниедегі алуан түрлі құбылыстарды ғылыми тұрғыдан танып-білудің жалпы ұстанымдарын белгілейді. Әрбір ғылым өз нысанын зерттеуде қандай әдіс қолданса да, оны ортақ әдіснамалық ұстанымға бағындырады.
Тәсіл (прием) –ол бір әдістің ішіндегі одан гөрі майдарақ, одан гөрі нақтылау келеген іс жүргізу амалы. Тәсіл қажетті материалды қалай жинауды, қалай екшеп сұрыптауды, қалай топтап жіктеуді айқындап береді. Бұл жағынан алғанда тәсіл әдістің көмекші құралы қызетін атқарады.
Зерттеу әдістері мен тәсілдерін таңдау –зерттеушінің өз еркіндегі нәрсе емес, ол –жұмыстың тақырыбына және алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне қарай айқындалатын нәрсе.
Әрбір ғылыда біренеше әдіс болуы мүкін. Мәселен, тәл білімінде мынадай әдістер бар: сипаттамалық әдіс, салыстырмалы әдіс, салыстырмалы-тарихи әдіс, салғастырмалы әдіс, структуралық әдіс, статистикалық немесе сандық әдіс т.б.
Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар.
Дене жаттығуларының әдістері"Әдіс" деген түсінік педагогикалық немесе биомеханикалық тұрғыдан түсіндірілуге тиісті. Педагогикалық тұрғыдан дене жаттығуларының әдісі деп қимыл-козғалысын орындаудың ен тиімді жолын айтады. Стандартты әдіс дегеніміз шынығушылардың ең қолайлы, негізгі, керекті қимьшды орындауды көрсететін әдісі деп білеміз.