ІV. Бекіту.
1. Сөйлеу не үшін қажет?
2. С. Торайғыровтың тіл туралы өлеңін оқып беру.
3. Тіл туралы мақал - мәтелдер сұрау.
V. Қорыту.
1989 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасында « Тілдер туралы» заң қабылданып, қазақ тіліне « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі берілді. 1993 жылдың 28 - қаңтар күні ҚР - ның Конституциясы қабылданды. Онда «Қазақ тілі» болып бекітілді.
Тіл - ұлттың жаны, тіл - ұлттың асыл қазынасы - дей отырып бүгінгі сабағымызды анықтаймыз.
VІ. Үйге тапсырма.
VІІ. Бағалау.
5-тәжірибелік сабақ
1.Сауат ашу сабақтарына қойылатын талаптарды атаңыз
Сауат ашу бірінші класта қыркүйек айынан бастап оқу жылының аяғына дейін
жүргізіледі. Бұл кезеңдегі оқу жұмысының мақсаты – оқушылардың фонетикалық естуін
дамыту, оларды алғашқы оқу мен жазуға үйрету, оқушыларды әр түрлі топсеруенге апару,
бақылаулар жасау арқылы балалардың дүниетанымын кеңейтіп, тілін дамыту.
Сауат ашу үшін ұсынылатын материалдар оқушылардың ұжымдылығын, достық,
жолдастық қарым-қатынасын қалыптастыруға, еңбек сүйгіштік пен оқуға ынталығын
арттыруға тиіс.
«Сауат ашу» пәні – бастауыш білім беру үрдісіндегі оқушыларға ана тілінің байлығын
меңгертудің алғашқы сатысы. Сауат ашу пәнінің басты мақсаты- оқу және жазу
дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сӛйлеуге үйрету, алғашқы грамматикалық
мағлұматтарды меңгерту, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу,шығармашылық
қабілеттерін дамыту. Алғашқы оқу барысында мынадай ерекшеліктер ескеріледі:
а) оқу жылының бірінші жартысы толығымен сауат ашуға беріледі;
ә) сабақ үстінде әрбір 10-15 минут сайын қимылды ойын түрінде сергіту минуттары
ӛткізіліп отырады;
б) баланың оқуға деген ынтасы мадақтау, мақтау, кӛңілдендіру сияқты әдіс-тәсілдер
арқылы арттырылады;
в) үйге тапсырма берілмейді;
г) апта ортасындағы бір күн жеңілдетілген сабақтарға арналады.
Сауат ашу пәнінің негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардың жазу дағдыларын
ойдағыдай меңгерту. Ғалым Құлмағамбетова: «Бала сӛйлеп тұрған кезде сӛздің
морфологиялық құрылысына, олардың жіктелуіне назар аудармайды да, ӛзінің ойын
түсінікті етіа айтып береді. Ал жазуда грамматикалық ерекшелік белгілі дәрежеде ойға
оралып отырады. Жаңадан жазуға үйрене бастаған бала жеке әріптерден сӛз құрағанда
сӛздің грамматикалық құрылысының элементтерін сақтайды. Осыдан барып қатесіз жазу
дағдысы кӛрініс береді, » - деген болатын .
Сауат ашу жұмысының мақсатын бағдарлама белгілейді. Сауат ашудың мақсаты –
оқушыларды дұрыс оқи және жаза білуге үйрету, оқу мен жазуға үйрете отырып, тілін,
ойын дамыту. Сауат ашу жұмысының басты шарты – әріпті таныту. Әріпті танып, жазып
үйренбейінше, сауатты азамат болып ӛсу мүмкін емес. Әріптерді дыбыстармен ұштастыра
білсе ғана сауат ашу сабағы саналы ӛтпек. Сауат ашу кезінде оқушылар әр тіл дыбысының
жеке ерекшелігін біліп, тәжірибе арқылы меңгерулері керек. Сауат ашу кезеңінде
оқушылардың дыбыстарды бұзып айтуы тәрізді кемшіліктері түзетіліп, оқығанын,
естігенін екінші адамға айтып беруге машықтанатын болады, баланың ойы дамып,
жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |