Ойын атауы, мақсаты
|
Психологтың іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
«Жақсы тілек»
Балалардың көңіл-күйлерін көтеру.
|
Сәлеметсіңдерме балалар!
Балалар шеңбер бойымен қолдарымызды ұстап тұрамыз. Әр бала қасындағы көршісіне жақсы тілектер айтып, жұмсақ ойыншықты ұсынады.
|
Оқушылар амандасады.
Бір-бірінің қолдарынан ұстап дөңгеленіп тұрады.
Бір-біріне тілектер айтады.
|
«Ғажайып әлемге саяхат» көру арқылы қабылдау қабілетін, көз алдына елестету қабілетін дамыту.
|
Балалар қазір «Ғажайып әлемге саяхатқа шығамыз. Ол үшін мына сиқырлы сандықша тапсырмасын орындаймыз және сандықша ішінде қайда баратынымыз жазылған. (оқушылар тапсырмалар орындайды)
Ол үшін біз мына сиқырлы кілемге отырып, жұлдыздар әлемін саяхаттаймыз.
(бөлме шамдарын қосу) Түсті шамдардың түсін атау.
Бұл жұлдыз қандай түс?
Түстерін ата
Қызыл түстерді қайда көрдіңдер?
Сиқырлы кілеммен жерге түсу.
«Ғажайып балықтар» балалар қазір біз ғажайып балықтар аулаймыз. Ол үшін біз допты қауызға түсіп, доптардың арасынан ғажайып балықтарды табуымыз керек. Балықтар өте әдемі. Түстеріде әртүрлі.
|
Балалар кілемге жайғасып отырады.
Балалар шам түстерін атайды.
Саяхат барысында қойылған сұрақтарға жауап беру.
Допты қауыздан балықтар табады.
Түстерін атауы
|
Кел билейік.
Музыка әуені арқылы би қимылдарын орындау арқылы қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту.
|
Балаларға музыка әуенімен билеп көрсету арқылы балалармен би қимылдарын қайталау.
|
Балалар бірге би қимылдарын қайталайды.
|
Релаксация
Оқушылардың демалуына жағдай туғызу.
Кері байланыс
|
Балалар сендер шаршадыңдарма? Ендеше барлығымыз аспанға қарап,аяғымызды созып, алып, ыңғайланып жатайықшы. Түнде біз ұйықтаймыз. Қанекей түн болды барлығымыз көзімізді жұмып ұйықтаймыСөйлеуге болмайды. ( 20 секунд демалу сәті)
Таң атты. Балалар ұйқысынан ояна бастайды. Орнымыздан тұрамыз, керілеміз. Сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнадыма? Қайда бардық? Нелер көрдік?
Жарайсыңдар!
|
Көздерін жұмып жатады.
Көздерін ашады. Орындарынан тұрып керіледі, қолдарын жоғары төмен қозғалтады.
|