Сабақ түрі: психологиялық тренинг сабақ Сынып: 1 «А» Сабаққа қатысқан оқушылар



бет8/16
Дата04.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#479846
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
1 сынып психология ойындар

Күні: 19.09. 2016ж
Тақырыбы: Психотүзету жұмыстары
Мақсаты: Оқушылардың мектеп өміріне бейімделуіне тәрбиешімен бірлесе психотүзету жұмыстарын жүргізу арқылы ұсақ моториканы, қолдың көру-қимыл үйлесімділігін және зейінділіктерін дамыту.
Көрнекіліктер: сенсорлық бөлме жабдықтары, жұмсақ ойыншықтар, ақ парақ,түсті қарандаштар.
Сабақ түрі: Психологиялық тренинг сабақ
Сынып: 1 «А»
Сабаққа қатысқан оқушылар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Ойын атауы, мақсаты

Психологтың іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

«Шаттық шеңбері»


Балалардың көңіл-күйлерін көтеру.

Сәлеметсіздерме балалар!
Менің қолымда әдемі аю бар, сендерге жақсы тілектер айтпақшы. Сендер бір –бірімізге әдемі аюды беру арқылы тілектер айтамыз.
Саған ашық аспан тілеймін,сабақты беске оқы, тәртіпті ,тіл алғыш бала бол.
Жарайсыңдар!

Оқушылар амандасады.


Бір-бірінің қолдарынан ұстап дөңгеленіп тұрады.

Бір-біріне жұмсақ аюды беру арқылы тілектер айтады.



«Назар аудар»


Зейін бөлінуін, қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасуын дамыту.

Балалар мына суреттерге мұқият қараңдар. Кімдерді көріп тұрсыңдар?


Сюжеттік суреттер көрсетіледі.
Мына суретке назар аударыңдар. Неліктен бала әр түрлі киімде? Мезгілдер суретін көрсету арқылы түсіндіру

Жыл мезігіне байланысты қимыл-қозғалыста болайық. Жазда қалай жүреміз?
Қыста ше? Далаға шыққанда мұздаймыз қане бәріміз қимылмен көрсетейікші.

Суретке қарап балаларға ат қою.
.

Балалар дұрыс салынбаған суреттің дұрыс салынбаған тұстарын айтады.


Сұрақтарға жауап береді.


Балалар қимыл –қозғалыс арқылы көрсету.



«Тапсырмаларды орында»
Ұсақ саусақ бұлшықеттерін дамыту. тапсырманы орындау арқылы дұрыс қабылдауын түзете дамыту

Қазір мен сендерге тапсырмалар беремін. Топтарға бөлінеміз. 4 топқа бөлу.
1-топ оқушылары жіптерді өткізу тапсырмасын орындайды.
2-топ оқушылары пішіндерді жіпке өткізеді, моншақтар жасайды
3-топ оқушылары түсті пішіндерді өз орнына қояды.
4-топ оқушылары пішіндерден пойыз құрастыру
( балаларға бос уақыттарында орындауға боямақ тапсырмаларын беру)

Оқушылар тапсырманы орындайды.

Балалар бос уақыттарында боямақтарын бояу



«Боямақтар»
Түстерді тануға, боямақты бояу арқылы бейнені дұрыс қабылдауын түзете дамыту

Балалар мен сендерге әдемі боямақтар беремін сендер түсті қарандаштармен әдемілеп бояу керексіңдер.
Боямақтар бояу сендерге ұнайма? Ендеше бояуды бастаймыз.







Балалар боямақтарды өз қалаулары бойынша бояайды.



Релаксация
Оқушылардың демалуына жағдай туғызу.
Кері байланыс

Балалар сендер шаршадыңдарма? Ендеше барлығымыз аспанға қарап,аяғымызды созып,ыңғайланып жатайықшы. Түнде біз ұйықтаймыз. Қанекей түн болды барлығымыз көзімізді жұмып ұйықтаймыз. Сөйлеуге болмайды. (2мин демалу сәті)
Таң атты. Балалар ұйқысынан ояна бастады. Орнымыздан тұрамыз, керілеміз.
Сендерге ойындар ұнадыма? Жарайсыңдар!

Көздерін жұмып жатады.
Көздерін ашады. Орындарынан тұрып керіледі, қолдарын жоғары төмен қозғалтады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет