Сабақ түрі тәжірибелік Сабақтың мақсаты оқыту: ұрықтың жамбаспен жатуының диагностикасын, босану биомеханизмін, асқынуларын



бет5/8
Дата03.10.2023
өлшемі122.5 Kb.
#479672
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8
Метод.-Нәрестенің-жамбаспен-келуі

Биомеханизм ерекшеліктері
Нәрестенің жамбаспен туылуының биомеханизмін бес кезеңге бөледі.
1. Бірінші кезең - жамбастың кіреберіс жазықтығына нәресте бөксесі, бөксеаралық сызығымен (linea intertrochanterica) сол не оң қиғаш өлшеміне сөйкес орнығады. Алдыңғы түрінде нәресте арқасы алға (шатқа) қарай; артқы түрінде артқа (сегізкөзге) және жатыр қабырғасының оң немесе сол жағына сол қиғаш өлшемінде, ал II позицияда - оң қиғаш өлшемінде өтеді. Осы қиғаш өлшемде нәресте бөксесімен жамбас қуысына жылжиды, алдыңғы жағына (қасағаға) бағытталған нәресте бөксесі - жетекші нүкте артқа (сегізкөзге) бағытгалған бөксемен салыстырғанда төмен орныққан.
2. Екінші кезең - нәресте бөксесі ішкі бұрылыс жасап, бір.тіндеп жылжып, жамбас қуысының түбіне түседі, бөксеаралық сызық жамбастың шығаберіс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді. Нәрестенің алдыңғы бөксесі қасағаға, артқы бөксесі сегізкөзге тіреледі.
3. Үшінші кезең - бірінші нәрестенің қасағаға бағытгалған бөксесі туылады, оньщ мықьш сүйегі кдсаға доғасьша тіреліп, бекіту нүктесін қүрайды. Осы бекіту нүктесінің аймағында, нәресте түлғасымен бір бүйіріне қарай қатты бүгіледі (жамбастың өткізгіш бағытына сәйкес). Нәресте түлғасы бүгілген кезде, артқа (сегізкөзге) бағытгалған нәресте бөксесі туылып, содан кейін оның жамбасы түгел туылады. Осыдан кейін нәресте түлғасы түгелімен түзеледі де, әйел бірнеше рет күшенгеннен кейін, ол кіндік түбіне; содан кейін жауырынның төменгі бұрышына дейін; арқасымен шамалы алға бүрылып туылады.
4. Төртінші кезең - нәресте иығының көлденең өлшемі жамбастың кіреберіс жазықтығының қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Ал жамбастың шығаберіс жазықтығында иықтың көлденең өлшемі оның тік өлшеміне сәйкес келеді. Бұл жағдайда алдыңғы иық қасағаның астына орнығады, артқы иық жамбас қуысынан шығады, нәрестенің екі қолы өзі туылады.
5. Бесінші кезең - нәресте басы бүгілген күйіңце жамбастың қиғаш өлшемінен (нәресте бөксесі және иығы өткен өлшеміне қарама-қарсы) өтеді. Жамбас қуысында нәресте басы ішкі бүрылыс жасап, желкесімен қасағаға, бетімен сегізкөзге қарай бүрылады. Сөйтіп, шүйде ойығы қасаға доғасына тіреледі (бекіту нүктесі), жыныс ернеуінен алдымен иек, сосын бет, маңдай, самай және желке көріне бастайды. Сонымен нәресте жамбаспен жатқан кезде, оның басы жамбас қуысынан кіші қиғаш өлшемінің айналымы арқылы өтеді, бастың пішіні еш өзгермейді (2-сурет).
Нөресте аяқтарымен жатқанда, биомеханизм ерекшеліктері оның жамбаспен жатқанындай.
Айырмашылығы: жыныс ернеуінен бірінші бір немесе екі аяғы көрінеді. Шатқа бағытталған аяғы, алдыңғы аяқ, аяқ тізеге дейін туылғанда, нәресте бөксесі жамбас қуысына түседі. Ары қарай босану ағымы нәресте жамбаспен жатқандай
Асқынулары:
1. нәресте қолдарының орынсыз көтеріліп, (қолдары желкеге, құлақ тұсына, бетке көтеріледі).
2. Қағанақ суының мезгілсіз кетуі.
3. Босанудың ауытқуы.
4. Кіндік баудың және майда мүшелердің қынапқа түсуі
5. Жатыр мойын өзегінің тарылып, нәресте тұлғасын немесе оның мойнын қысып қалуы.
6. Нәресте басының шалқаюы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет