Эндокриндік мүшелері бұзылуының көріністері
Диабет – гректің сүзгіден өту, яғни үзілу деген ұғымды білдіреді. Қант диабеті – ұйқы безі қызметінің бұзылуы, инсулин атты гармонның жетіспеушілігінен пайда болады. Қант диабеті инсулинге тәуелді, инсулинге тәуелсіз болып 2 түрге бөлінеді.
Қант диабетінің басты белгілері . Денеге күш қуат беретін негізгі гармонның азайып әрі әсерінің әлсіреуі қан құрамында қант (глюкозаның) мөлшерінің артуын туғызады. Қант диабетіне шалдыққан адамның ауыз қуысы құрғап, суға деген құмарлығы артады, кіші дәреті жиі әрі көп мөлшерде отырады , жұмыс істеу төмендейді, тамаққа тәбеті артады. Жүрек, бүйрек, көз және аяқ, қол қан тамырларында қан айналымның бұзылуынан жиі бас ауырады, жүрегі қағады, қан қысымы тұрақсызданады, аяқтың башайлары, қолдың саусақтары ұйыйды,жансызданады, ұйқысы бұзылады, көздің алдында маса жүргендей қара дақтар көлбеңдейді, тез шаршайды, кіші дәреті бұзылады, көздің көру қабілеті төмендейді аяқ қол терілері қышиды.
Диабеттік табан синдромында аяқ күтімі
Диабеттік табан ауруының алдын-алу үшін екінші типті қант диабетіне шалдыққан кез-келген науқас аяқ киім таңдау мәселесіне ден қоюы қажет. Аяқ киімді өлшеп қарап, таңдауға түстен кейінгі мезгілді арнаған жөн, өйткені тәуліктің екінші жартысында аяқ аздап ісінеді. Ал диабетиктің табаны, башайларының арасы терлемегені дұрыс, өйткені кейін олардан құтылу қиынға соғады.
Аяқ киім таңдағанда диабетик мына нәрселерді ескеруі тиіс:
-Күзгі және қысқы аяқ киім былғарыға қатты тартылып тігілуі тиіс, оны ұлтарағынан қарап білуге болады;
-Ұлтарақ желіммен жабыспаған, алынатын болғаны жөн. Егер ұлтарақ желіммен жабыстырылған болса, ол аяқ киімнің сапасының нашар екенін көрсетеді;
-Ұлтарағы табиғи материалдан жасалған болуы тиіс. Немесе арнайы медициналық ұлтарақты бөлек сатып алуға болады.
-Аяқ киімді киместен бұрын, ұлтарағы жиырылып қалған жоқ па, бәтеңкенің ішіне басқа нәрселер түсіп кеткен жоқ па, соны тексеріп алған жөн. Осы шараларды ұдайы орындау арқылы диабеттік табанның алдын алуға болады.
Қант диабетімен ауыратын науқас аяқ киімді жалаң аяққа кимеуі және жалаң аяқ жүрмеуі тиіс. Өзен-көлдерге демалуға барған кезде, суға түсіп шыққаннан кейін арнайы жағажай тәпішкесін киіп алу керек.
Орманда серуендеу үшін ұшы қатты, жабық аяқ киімді кию қажет.
№9 емдәм. Тағайындалуы: қант диабеті.
Сипаттамасы: құрамында холестерині бар және рафинадталған көмірсулары бар өнімдерді шектеу, тіпті мүлде қолданбау. Дайындалуы: пісірілген, аздап қуырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |