Сабақ түрі. Теориялық


Дайындалатын тағам және оның түрлері



бет4/6
Дата22.05.2024
өлшемі26.33 Kb.
#501708
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
18 Эндокринді жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс.

Дайындалатын тағам және оның түрлері: қарабидай наны, қара нан. Көкөніс сорпасы. Орта майлы ет және балық. Ботқалар: қарамық, сұлы, тары. Қышқыл сүт өнімдері. Жемістер, көкөністер.  Рұқсат етілмейтіндер: тұздалған және маринадталған өнімдер. Манка жармасы, макарондар, тәттіжемістер. Шектеу керек: сәбіз, қызылша, жасыл бұршақ, картоп, жұмыртқа.

Семіздік
Семіздік- ағзада артық майдың жиналуы, тері асты клетчаткасын, шарбыны, т.б. тіндер мен органдарды май басу.Көбінесе, семіздік үнемі артық тамақ ішкеннен болады. Сондай-ақ семіздікке дұрыс тамақтанбау, тәуліктік рационда сіңімді көмірсулар, қант, кондитерлік, тәтті тағамдар мен мал майларының (сары май, майлы ет) мөлшерден тыс көп болуы және организмнің тұқым қуалаушылық — дене бітімдік ерекшелігі де белгілі бір дәрежеде себеп болады. Маскүнемдік, ішімдіктерді үнемі ішу де семіздікке әкеледі, себебі олардың калориясы жоғары, ал оны ішкен кезде адамның тамаққа тәбеті ашылады. Кей жағдайда семіздік ішкі секреция органдарының ауруларымен де байланысты. семіздіктің 4 сатысы бар. Бірінші сатыда адамның салмағы әдеттегі қалпынан 29%-дан артық; екіншісінде — 50%; үшіншісінде — 100%-ға; төртіншісінде — 100%-дан асып кетеді. Қатты семіру тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйелерінде де өзгерістер туғызып, өкпе мен жүрек қызметін әлсіретеді. Артық салмақ қант диабетінің, гипертония аурулардың, стенокардия мен миокард инфарктының, өтке тас байлану, т.б. аурулардың пайда болуына әсер етеді. Емі: диета сақтау, май, көмір, су және калориясы аз, бірақ белогы мен витаминдері мол тағамдарды ішу керек; дәрігердің кеңесімен тәбетті төмендететін дәрі ішу және ашығу күнін белгілеу; суға шомылу, массаж жасату, спортпен шұғылдану қажет. Шипажай, санаторийлерде емделу де пайдалы.
Медбикелік тексеру әдістері

Объективті тексеру тәсілдері:
Жалпы қарау:
1. Көз симптомдары
2.Семіру
3.Жүдеу
4.Қалқанша безінің үлкеюі
5.Фурункулез
6.Терінің пигментациялануы
7. Тырнақ, тіл, шаштың өзгеруі
8.Қолдың дірілдеуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет