Сабақтың көрнекіліктері: 1. Оқу құралдары, компьютер,проектор, жылжымалы тақта,карточка
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Оқулық-30 сабақ
2. Электронды оқулық-10 сынып
3. Интернет көздерінен
4. www.ustaz.kz
5. www.google.kz
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:1-2 мин.
Оқушыларды түгендеу;
Олардың құрал жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;
Үй тапсырмасын сұрау.(10 мин)
Оқушыларға Компьютердің ішкі құрылғысы туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтар қойылып, үй тапсырмасы тексеріледі және сабаққа дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Информатика дегеніміз не?
Ақпарат дегеніміз не?
Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы?
Пернетақта неше блокқа бөлінеді? Қандай?
Ауыспалы тасымалдаушылар?
Пернетақта қандай құрылғы? Онда неше перне бар?
Дербес компьютердің ең басты миы?
CD-R және CD-RW дискілерінің айырмашылығы?
Үйге берілген тапсырмасын пысықтау Электрондық оқулық арқылы сұрайық.
1.1 Ақпарат ұғымы
Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердін өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу турінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.
Сонымен ақпарат — бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |