Сабақ ұзақтығы: 45 минут Оқытушы: Жоламанова. Б. Б құлсары -2015 Сабақ жоспары Пән аты: Информатика



бет5/8
Дата18.01.2024
өлшемі65.92 Kb.
#489338
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
«Дербес компьютердің перифериялық құрылғылары»

Принтерлер – ақпартты қағаз бетіне шығаратын құрылғылар. Олар монохромды және түрлі-түсті болып бөлінеді. Ақпартты қағазға түсіру тәсілдеріне байланысты олар ромашкалық немесе литерлік, матрицалық, сия бүріккіштер, термографиктік және лазерлік принтерлер болып бөлінеді.
Литерлік принтерлердің жұмыс жасау принципі механикалық баспа машинкасындай. Олардағы символдар тізбегі шектелген, және олар графиктік ақпаратты шығара алмайды. Басу жылдамдығы онша үлкен емес бір бетке 5 минуттан 80 секундке дейін, бірақ шуыл деңгейі біршама жоғары.
Матрицалық принтерлердің жұқа металл инелерінен тұратын баспа ұштары болады. Ұштары басылатын қағаздың бойымен қозғалады, ал стерженьдер қажет уақытта боялған лента (бір тондық немесе түрлі-түсті) арқылы қағазды соғып тұрады. Бұл принтерлер текстілік ақпаратты да, графиктік ақпаратты басады, ал бір бетті 50 секундтен 60 секундқа дейінгі жылдамдықпен басады.
Ең кең тараған 9 және 24 баспа инесі бар принтерлер, бірақ 48 инесі бар принтерлерде бар.
Сия бүріккіш принтерлер кескінді арнайы тамшылар арқылы қағазға бүркіп істелінетін арнайы сиялардың ұсақ тамшылары арқылы қалыптастырады.
Термографиктік принтерлер кескінді қағазға түсіру үшін қыздыруды пайдаланады. Термографиктік принтерлерді тура қыздыру және жылу тасымалдау принтерлері деп бөледі.
Тура қыздыру принтерлері үшін арнайы химиялық қабаты бар қағаздар қолданылады. Қыздырылған нүкте мен қағаздың байланысқан жерінде химиялық реакция болады және нүктенің түсі өзгереді.
Түрлі-түсті баспалар жасайтын бұл принтерлерді тіптен дыбыссыз деуге болады, бірақ арнайы қағаз бен бояйтын лента жұмыс құнын жоғарылатып жібереді.
Лазерлік принтерлер жұмыс барысында ксерография принципін қолданады: кескін қағазға арнайы барабан арқылы түседі, яғни бояу бөлшектері электрленіп тартылады. Басушы барабан компьютердің командалары бойынша лазер көмегімен электрленеді.
Бұл принтердің басу сапасы өте жоғары. Рұқсат ету мүмкіндігі 1 дюймға 300-600 нүкте. Басу жылдамдығы 1 бетіне 15-тен 5 секундке дейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет