Сабақ ұзақтығы: 45 минут Оқытушы: Жоламанова. Б. Б құлсары -2015 Сабақ жоспары Пән аты: Информатика



бет4/8
Дата18.01.2024
өлшемі65.92 Kb.
#489338
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
«Дербес компьютердің перифериялық құрылғылары»

Жарық (световое) қалам – ұшында жарық сезгіш детектор бар, кәдімгі қаламға ұқсас құрылғы. Егер осындай қаламды диплей экранына жақындатып тигізсе, онда жанасқан жерде координат бас нүктесі орналасқан тік бұрышты координат жүйесі пайда болады. Қаламды экран бетімен орын ауыстырса сурет пайда болады.
Графикалық планшет қағаз бетінде сурет салғандай дисплей экранында сурет салуға мүмкіншілік береді.
Сканер - қағаздағы көріністі дисплей экранына түсіруге арналған құрылғы, ол арқылы сурет, график, текстерді сканерлеуге (енгізуге) болады. Сканер көрністі машина кодына ауыстырып, компьютер жадына жазады.


Басқару құрылғылары.
Мышь (тышқан). Қазіргі кездегі компьютерлерге ақпараттарды енгізуге арналған маникулятор Мышь құрылғысымен жабдықталған. Тышқанның екі түрі болады: үш батырмалы және екі батырмалы. Екі батырмалы тышқан жиі пайдаланылады, себебі, ортаңғы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды.
Джойстик. Бұл компьютерлік ойындар экранда жылжитын объектіні басқаруға арналған рычагты манипулятор. Джойстик қораптан және қолға ұстағыштан тұрады. Қолға ұстағышты немесе қорапта бір немесе бірнеше батырмалар болады. Ұстағышты айналдыру және батырмаларды басу арқылы компьютерге басқару әрекетін береді.


Ақпаратты шығару құрылғылары.
Мониторлар тексті және графикалық ақпаратты экранға шығаруға арналған. Олар түрлі түсті, монохромды болып келеді және екі режимнің біреуінде жұмыс жасайды: текстік және графикалық.
Графикалық режим экранға графиктерді, суреттерді және т.б. шығаруға арналған. Бұл режимде әр түрлі шрифтермен текстік ақпаратты да шығаруға болады. Бұл режимде монитор экраны монохромдық монитор үшін жарық немесе күңгірт болатын нүктелерден, ал түрлі түсті монитор үшін бірнеше түстің біреуін қабылдайтын нүктелерден тұрады. Горизонталь және вертикаль бағыттағы нүктелер саны рұқсат ету мүмкіндігі деп аталады. Монитордың рұқсат ету мүмкіндігі экранның өлшеміне тәуелді емес.
Мониторда рұқсат ету мүмкіндігі үлкен болатын графиктік режим жасау үшін монитор жұмысын басқарып отыратын адаптер немесе видеоплата керек. Адаптерді таңдарда рұқсат ету мүмкіндігіне қатысты өз сұранысыңызды, дербес компьютерге жалғау тәсілін (жүйелік және локальдік шина арқылы) ескеру керек.
Кескінді экран бетін шығару үшін процессор алдымен суретті адаптердің жадысына немесе видеожадыға жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет