Сабақ№1 Сыныбы: Күні Тақырыбы: Кіріспе экономика,Экономикалық жүйе ұғымдары,түсінігі,анықтамасы



бет5/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#175813
түріСабақ
1   2   3   4   5

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының маманданған салалары?

2. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының өнеркәсібі?

3. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының ауыл шаруашылығы?

4. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының көлік жүйесі?

5. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының ел экономикасындағы орны?

Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Батыс Қазақстан экономикалық ауданын түсіндіру



Батыс Қазақстан шаруашылығы

Аумағы: 736,1 мың км2

Халқы: 2084,4 мың адам

Халық тығыздығы: 1км2-2,9 адам

Маманданған салалары: Мұнай-газ химиясы, балық өңдеу, етті-жүнді қой.






Өнеркәсібі

Ауыл шаруашылығы

Көлік жүйесі




Мұнай-газ химиясы:

Ембі алабы мен Маңғыстау

түбегінде мұнай мен газды өндіру.

Атырауда мұнай өңдеу, полиэти-лен өндіру. Жаңаөзен мен Теңізде газ өңдеу дамыған. Ақтауда плас-тмасса шығарылады. Кемпірсай алабы қара металлургияның ор-талығы. Ақтөбеде ферроқорытпа

зауыты орналасқан.

Машина жасау кешені:

Атырауда машина жасау зауы-ты. Ақтөбеде рентген аппара-

турасы. Оралда механикалық арматура, аспап, құрылыс-мон-таж құралдар жасайтын, кеме жөндейтін зауыттар орналасқан.

Химия өнеркәсібі:

Атырауда полиэтилен. Ақтөбеде хром қоспалары, химия зауыты жұмыс істейді.

Тамақ өнеркәсібі:

Балық өнеркәсібі жақсы да-

мыған. Атырауда балық өңдеу

комбинаты. Ералиев, Баутинода балықконсерві зауыттары.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе

облыстарында ұн-жарма кәсіп-орындары бар.

Жеңіл өнеркәсіп:

Тері-тон, киіз басу, былғары,

аяқкиім, тігін тігу жақсы

дамыған. Оралда киіз-байпақ фабрикасы бар.


Мал шаруашылығы:
Ауыл шаруашылығының жетекші саласы.

Қылшық жүнді еділ-бай, қаракөл қойы, етті-сүтті ірі

қара солтүстігінде, сонымен қатар ертеден жылқы және

түйе өсіріледі.
Егіншілік:
Жаздық бидай, тары, күздікқара бидай, қызылша, күнбағыс өсіріледі.


Темір жол:
Атыраудан Астраханьға,

Маңғыстау түбегінен Әму-

дария сағасына қарай темір

жол тартылған.
Автомобиль жолы:
Ауданның ішкі экономикалық

байланысында маңызы зор.
Құбыр жолы:
а) Ақтау-Атырау-Самара.

ә) Орталық Азия-Орталық.

б) Орталық Азия-Орал.

в) Қарашы-ғанақ-Орынбор.



IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының маманданған салалары?

2. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының өнеркәсібі?

3. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының ауыл шаруашылығы?
V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Батыс Қазақстан экономикалық ауданы,мазмұндау.


Сарамандық жұмысты орындау жоспары.
1. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының әкімшілік-аумақтық бөлінісі.

Батыс Қазақстан экономикалық ауданы



Облыс Облыс Облыс Облыс



Халқы, Халқы, Халқы, Халқы,

аумағы аумағы аумағы аумағы


Аудандары Аудандары Аудандары Аудандары

Қалалары Қалалары Қалалары Қалалары
2. Батыс Қазақстанның өнеркәсібіне сипаттама.

Өнеркәсіп салалары

Орталықтары








3. Батыс Қазақстанның ауыл шарашылығына сипаттама.

Ауыл шаруашылық салалары

Аймақтары

1. Мал шаруашылығы

2. Егіншілік






V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Батыс Қазақстан экономикалық ауданы,мазмұндау.

Жұмысты аяқтау.

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова
Сабақ№____54____ Сыныбы_____9____ Күні__06.04.15ж_______
Тақырыбы: Солтүстік Қазақстан.
Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы, халқы, көлік жүйесі жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс.



3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының маманданған салалары?

2. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының өнеркәсібі?

3. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының ауыл шаруашылығы?

4. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының көлік жүйесі?

5. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының ел экономикасындағы орны?

Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданын түсіндіру.



Солтүстік Қазақстан шаруашылығы

Аумағы: 565,0 мың км2

Халқы: 3592,8 мың адам

Халық тығыздығы: 1км2-7,2 адам

Маманданған салалары: Агроөнеркәсіптік кешен, темір рудасы, көмір өндіру.







Ауыл шаруашылығы

Өнеркәсібі

Көлік жүйесі



Тамақ өнеркәсібі:

а) Ет комбинаттары: Екібстұз,Рудный, Жітіқара, Петропавл. ә) Құрғақ сүт зауы-ты: Павлодар. б) Ұн тарту комбинат

тары: Астана, Петропавл, Көкшетау,

Павлодар, Қостанай. Ет консерві, тамақтық май, сары май, сыр, ірімшік, ұн, жарма, жем. т.б. шығарылады

Жеңіл өнеркәсіп:

а) Былғары зауыттары: Петропавл, Павлодар. ә) Аяқкиім, тігін комбинат

тары: Ақмола, Қостанай, Павлодар, Пе-тропавл. б) Жасанды шпатель-

талшық комбинаты: Қостанай.

Тау-кен ісі:

а) Кен байыту комбинаттары: Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар. Олар темір кенін байытып, концентрат шығарады.

ә) Боксит: Арқалықта өндіріліп, Павло-

дар глинозем зауытында алюминий тоты-ғы болып шығады.

б) Ферроқорытпа зауыты: Ақсу.

Машина жасау кешені:

Астанада «Ақмоласельмаш»,«Қазақсель-

маш» зауыттары астық оратын, шөп жинайтын, эрозияға қарсы қолданылатын техника түрлерін шығарады. Павлодарда

трактор, Қалқаманда бульдозер, Макинде автомобиль мен трактор бөлшектерін

шығаратын, Петропавлда қара метал-лургияға қажетті жабдықтар, Көкше-тауда медицина аппараттары, таразы шығаратын зауыттар бар.

Химия өнеркәсібі:

а) Жасанды талшық комбинаты:Қоста-най. ә) Мұнай өңдеу зауыты: Павлодар.

Энергетика:

а) ЖЭС: Петропавл, Қостанай, Астана, Рудный, Екібастұз, Павлодар.

Егіншілік:

а) Жаздық бидай:

Солтүстік Қазақстан,

Қостанай, Ақмола, Павлодар облыста-рының солтүстігінде.

ә) Жаздық бидай:

Ертіс бойында.

б) Тары: Қостанай, Ақмола облысының

оңтүстігі, Павлодар облысының батысы.

в) Күнбағыс: Павлодар облысында. г)Қызылша:

Ертіс аңғарында.

д) Көкөніс, картоп:

Ертіс, Есіл, Тобыл, Обаған өзендері аңғарлары мен қа-

лалар маңында.

Сонымен қатар зығыр, қыша, сора ауданның солтүстігінде сұлы, арпа, күздік қара бидай, қарақұмық, жүгері өсіріледі.

Мал шаруашылығы:

а) Даланың қызыл сиыры: Қостанай, Солтүстік Қазақ-

стан облытарында.

ә) Қазақтың ақ бас сиыры: Ауданның оң-түстігінде. б) Биязы жүнді қой: Ауданның солтүстігінде. в) Еділ-бай қойы: Ауданның оңтүстігінде. г)Шошқа: Қостанай, Солтүстік қазақстан, Ақмола облыстарында

өсіріледі.


Автомобиль жолы:

Жүктің 20%-дан атамын тасымалдай-ды.

Темір жол:

Трансқазақ

стан, Ұлы Сібір,

Оңтүстік және Орта Сібір

магистральдары өтеді. Онымен астық, мұнай өнімі, құрылыс материал-дары, халықтық тұтыну заттары т.б.

жүктің 80 %-ы тасымалда-

нады.

Су жолы:

Ертіс өзені арқылы құрылыс

материал-дары, астық, тұз,жолау-шы тасымал-данады.




Қорытындылау.



IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді










V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы.

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова
Сабақ№________ Сыныбы____9_____ Күні_________
Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан.
Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы, халқы, көлік жүйесі жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының маманданған салалары?

2. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының өнеркәсібі?

3. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ауыл шаруашылығы?

4. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының көлік жүйесі?

5. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ел экономикасындағы орны?

Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданын түсіндіру.




Оңтүстік Қазақстан шаруашылығы

Аумағы: 711,6 мың км2

Халқы: 6489,7 мың адам

Халық тығыздығы: 1км2-8-10 адам

Маманданған салалары: Агроөнеркәсіптік кешен түсті металлургия, химия, машина жасау.






Өнеркәсібі



Ауыл шаруашылығы

Көлік жүйесі





Түсті металлургия:

Ащысай полиметалл комбинаты.Текелі қорғасын-мырыш. Шымкент қорғасын зауыттары бар.

Химия өнеркәсібі:

Қаратау кен-химия комбинаты. Шым-кентте химия-фармацевтика, фосфор тұздарын өндіретін, мұнай синтездеу

зауыттары. Таразда жоғары сортты ты-ңайтқыштар өндіретін суперфосфат зауыттары орналасқан.

Машина жасау кешені:

Алматы, Шымкент, Тараз, Кентауда электротехника, аспап жасау, жол құры-лысы машиналары, станок жасау өнді-рістері орналасқан. Алматыда «Поршень», «Электроқұрал». Шымкент-те электроаппараттар зауыты орналасқан.

Құрылыс материалдар:

Шымкентте, Сазтөбеде цемент зауыттары орналасқан.

Жеңіл өнеркәсіп:

Алматыда, Шымкентте мақта тазалау зауыты, мақта-мата комбинаты. Тараз-да, Қызылордада былғары аяқкиім фабри-калары. Шымкентте байпақ-шұлық, кос-тюм шығаратын фабрикалар жұмыс істейді.

Тамақ өнеркәсібі:

Алматыда ет, жеміс-жидек, темекі комбинаттары, шарап жасау зауыты.

Тараз, Талдықорғанда қант зауыты.

Қызылордада «Арал тұз комбинаты», күріш тазалау зауыты.

Балқашта, Аралда, Алакөлде балық өңдеу зауыттары орналасқан.



Егіншілік:

Мақта Келес, Арыс өзендері аңғарында.

Қызылша Аса, Талас, Шу, Қаратал өзендерінің боиы, Қырғыз, Іле, Жоңғар Алатауы баурайында.

Жүзім шаруашылы-ғы Жамбыл, Оңтүс-тік Қазақстан

облыстарында. Күріш Сырдария, Іле, Қаратал өзені аңғарларында.

Темекі Алматы маңында өсіріледі.

Мал шаруашылығы:

Қаракөл қойы Жам-был, Оңтүстік Қазақстан, Қызыл-орда облысында.

Алатау, Талас, Ақбас сиырлары тау бөктерінде. Қазақы жылқы Қызылорда

облысының «Құланды», Алматы облысының «Басши»

жылқы зауыт-тарында. Көшім жылқысы Алматы

облысындағы «Дегерес», «Алға-бас», «Қызылағаш»,

Жамбыл облысын-дағы «Құлан» жылқы зауытта-

рында. Түйе Оңтүс-тік Қазақстан

облысында өсіріледі


Темір жол:
а) Орынбор-Ташкент.

ә) Шымкент-Меркі-Құлан-

Ақтоғай.

б) Алматы-Үрімші.
Автомобиль жолы:
а) Алматы-Бішкек-Тараз-

Шымкент-Ташкент.

ә) Алматы-Жаркент-

Талдықорған-Текелі.

б) Алматы-Шелек-Нарынқол.
Құбыр жолы:
а) Мүбәрәк-Ташкент-Тараз-

Алматы (газ).

ә) Омбы-Павлодар-Ташкент

(мұнай).



IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының маманданған салалары?

2. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының өнеркәсібі?

3. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ауыл шаруашылығы?

4. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының көлік жүйесі?
Сарамандық жұмысты орындау жоспары.
1. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әкімшілік-аумақтық бөлінісі.

Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы



Облыс Облыс Облыс Облыс



Халқы, Халқы, Халқы, Халқы,

аумағы аумағы аумағы аумағы


Аудандары Аудандары Аудандары Аудандары

Қалалары Қалалары Қалалары Қалалары
2. Оңтүстік Қазақстанның өнеркәсібіне сипаттама.

Өнеркәсіп салалары

Орталықтары








3. Оңтүстік Қазақстанның ауыл шарашылығына сипаттама.

Ауыл шаруашылық салалары

Аймақтары

1. Мал шаруашылығы

2. Егіншілік





V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы.,кестені аяқтау.

,

Бекітемін: оқу-ісінің меңгерушісі С.Қисықова

Сыныбы___9______

Күні____10.09.2015ж_____



Тақырыбы: Қазақстан экономикасының бүгіні мен болашағы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазіргі дүниедегі Қазақстанның алатын орны, экономикалық байланыстары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап

2. Әңгіме-дәріс. .

3. Топтастыру.

4.Тірек-сызбамен жұмыс



Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қазақстан экономикасы дамуы қандай кезеңдерден өтті?

  2. Нарықтық экономиканы қалай түсіндіресіңдер?

  3. Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің себебі неде?

Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Қазақстанның басқа елдермен экономикалық байланыстарын түсіндіру.










3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Қазақстан мүше ұйымдарды түсіндіру.

Қазақстан


Б.Ұ.Ұ.

1992 жылы, 2 наурызда мүше болды.

Экономикалық ынтымақтастық

1992 жылы, қазан. Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Пәкстан, Түркия елдері кіреді.

ЕО

1992 жылы, Еуропа елдері кіреді.

ТДК

1998 жылдан бастап мүше.

ЕҚЫҰ

1992 жылдың қаңтар айынан бастап мүше.

ХВҚ

1992 жылдың шілде айынан бастап мүше.

Азия даму банкі.

1994 жылдан бастап мүше.

Ислам даму банкі.

1995 жылдан бастап мүше.

IV. Қорытындылау, бағалау.

V. Үйге тапсырма беру. Қазақстан экономикасының бүгіні мен болашағы

Бекітемін: оқу-ісінің меңгерушісі С.Қисықова




Тақырыбы: Қазақстанның экологиясы мен халықаралық ынтымақтастығы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның экологиялық жағдай мен халықаралық ынтымақтастықтағы орнын түсіндіру, өткенді қайталау арқылы білімдерін тексеру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі: Пысықтау, жинақтау сабағы.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: 1. Әңгіме-дәріс.

2. Тест.



Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үлкен тарауды қайталау.

1. Тест.

Қорытындылау.

ІІІ. Қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үлкен тарауды қайталау.

Қоғам мен табиғат арақатынасының үш тобын бөліп көрсету.

Қоғам мен табиғат арақатынасы





Табиғатты ұтымсыз пайдалану нәтижесінде қоршаған ортаның нашарлауы.

Литосфера, гидросфера, атмосфераның антропогендік әрекет әсерінен қатты, сұйық, газ түріндегі қалдықтармен ластануы.

Өндіріс процесі барысында жасалынатын химиялық заттармен қоршаған ортаның ластануы.



2.Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын түсіндіру.


Қазақстан




Б.Ұ.Ұ.

1992 жылы, 2 наурызда мүше болды.

Экономикалық ынтымақтастық

1992 жылы, қазан. Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Пәкстан, Түркия елдері кіреді.

ЕО

1992 жылы, Еуропа елдері кіреді.

ТДК

1998 жылдан бастап мүше.

ЕҚЫҰ

1992 жылдың қаңтар айынан бастап мүше.

ХВҚ

1992 жылдың шілде айынан бастап мүше.

Азия даму банкі.

1994 жылдан бастап мүше.

Ислам даму банкі.

1995 жылдан бастап мүше.


2. Тест.

Тест сұрақтары арқылы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы пәні қайталанады.


1.Қазақстанның жалпы жер аумағы Азия жерінің қанша пайызын алып жатыр?

а) 6,1 %

ә) 2 %

б) 4,7 %

в) 8,9 %

2.Соңғы жылдары ерлердің орта жасы қаншаға кеміді?

а) 60-тан 58,5-ке

ә) 76,4-тен 72-ге

б) 83-тен 79,6-ға

в) 72-ден 69,7-ге

3.Дүнгендер Республиканың қай облысында көп тараған?

а) Жамбыл

ә) Павлодар

б) Қостанай

в) Қызылорда
4.Мұнайды өңдеген кезінде алынатын отын.

а) Энергия

ә) Кокс

б) Спирт

в) Керосин

5.Құмкөл мұнайын қандай компания игеруде?

а) «Теңізшевройл»

ә) «Шеврон»

б) «Харрикейн»

в) «Эни»

6.Елімізде өндірілетін электр энергиясының қанша пайызы ЖЭС-ке тиесілі?

а) 100 %

ә) 90 %

б) 50 %

в) 25 %

7.Сирек кездесетін металдарды анықта?

а) Мыс, қалайы

ә) Магний, титан

б) Уран, германий

в) Вольфрам, молибден

8.Қарағанды металлургия комбинатын басқаратын фирма?

а) «Қазақмыс»

ә) «Испат–Кармет»

б) «Теңізшевройл»

в) «Самсунг»

9.Машина жасау кешенінің негізгі шикізаты?

а) Тас және қара көмір

ә) Мұнай және газ

б) Алтын және күміс

в) Қара және түсті металдар

10.Электротехникалық машина жасау зауытын анықта?

а) Семей кабель

ә) Кентау экскаватор

б) Ақтөбе рентген

в) Павлодар трактор

11.Табиғи асфальт қай облыста өндіріледі?

а) Ақмола

ә) Ақтөбе

б) Алматы

в) Атырау

12.Шардара, Іле, Қаратал өзендері аңғарында өсірілетін дақыл?

а) Бидай

ә) Күріш

б) Сұлы

в) Жүгері

13.Атырау мен Маңғыстау облыстарында жылқының қандай түрі өсіріледі?

а) Жабы

ә) Адай

б) Көшім

в) Қостанай

14.Макарон зауыттары орналасқан қалалар?

а) Тараз, Қызылорда

ә) Ақтау, Атырау

б) Ақтөбе, Қостанай

в) Шымкент, Семей

15.Қазақстанның қай аймағы тарихи және мәдени ескерткіштер орталығы.

а) Шығысы

ә) Солтүстігі

б) Батысы

в) Оңтүстігі

16.Қазір елімізде қанша әуежай жұмыс істейді?

а) 51

ә) 21

б) 19

в) 63

17.Орталық Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығының маманданған салаларының бірі?

а) Көмір–металлургия

ә) Мұнай–газ химиясы

б) Полиметалл

в) Балық өңдеу

18.Орталық Қазақстандағы түсті металлургия орталығы қай қала?

а) Жезқазған

ә) Балқаш

б) Теміртау

в) Қарағанды

19.Шығыс Қазақстан экономикалық ауданында қандай пайдалы қазбаның 52,2 % шоғырланған?

а) Қорғасын

ә) Мырыш

б) Мыс

в) Алтын

20.Кенді Алтай, Қалба жотасы, Тарбағатай бөктерлеріндегі Белағаш даласында мал шаруашылығының қандай түрі дамыған?

а) Марал

ә) Қой

б) Шошқа

в) Жылқы

21.Батыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығының маманданған салаларының бірі?

а) Мұнай–газ химиясы

ә) Темір рудасы, көмір өндіру

б) Полиметалл

в) Түсті металлургия

22.Батыс Қазақстандағы 1938 жылы 15-ші қаңтарда құрылған облыс?

а) Ақтөбе

ә) Маңғыстау

б) Батыс Қазақстан

в) Атырау

23.Павлодар сүт зауытының өнімі.

а) Сары май

ә) Сыр

б) Ірімшік

в) Құрғақ сүт

24.Кентау қаласында орналасқан машина жасау зауыты шығаратын өнім түрі?

а) Экскаватор

ә) Пресс–автомат

б) Таразы

в) Рентген аппараты

25.Қазір елімізде қаншаға жуық мемлекеттің өз елшілігі бар?

а) 80

ә) 70

б) 60

в) 80

26.Қазақстан экономикалық ынтымақтастық ұйымына қай жылы мүше болды?

а) 1997 ж.

ә) 1995 ж.

б) 1992 ж.

в) 1993 ж.

27.Қазақстан Қырғызстаннан не алады?

а) Көмір

ә) Фосфор

б) Тұз

в) Электр энергиясы

28.Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым – қатынас қанша бағытта жүзеге асуда?

а) 5

ә) 8

б) 3

в) 2

29.Жалпы жер шарындағы тыныштықты сақтау қай ұйымның ресми мақсаты?

а) БҰҰ

ә) ЕО

б) НАТО

в) ЕҚЫҰ

30.Ауыр металдар, мұнай өнімдері, фенолдар қандай су алабын ластауда?

а) Сырдария–Арал

ә) Аягөз–Алакөл

б) Іле–Балқаш



в) Қаратал–Зайсан

ІІІ. Қорытындылау, бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет