|
Химия 4,0 x 3 =12,0
Информатика 3,0 x 2= 6,0
Физика 0,0 x 6 = 0,0
Туындылардың сомасы = 12 + 6 + 0 = 18.0
Кредиттің жалпы саны = 3+2+6 = 11
GPA = Туындылардың сомасы / кредиттің жалпы саны = 18,0/11 = 1,64
|
Тьютор
(Tutor)
|
Сабақ жүргізетін және білім алушының академиялық кеңесшісі рөлінде қызмет ететін оқытушы
|
ПОӘК
|
Силлабустан, дәрістердің қысқаша конспектісі-нен, тәжірибелік, семинарлық және лабора-ториялық сабақтардың тапсырмаларынан, СӨЖ тасырмаларынан, тақырыптар мен сабақ түрлері бойынша (кейстер, тапсырмалар жинағы, талдауға арналған мақалалар және т.б.) өздік жұмыстарға арналған оқу-тәжірибелік мате-риалдардан тұратын пәннің оқу-әдістемелік кешені
|
Оқыту формалары
(Forms of training)
|
Күндізгі, сырттай
|
Эдвайзер
(Advisor )
|
Білім алышуға академиялық мәселелер бойынша кеңес беретін оқытушы оқытудың барлық кезеңінде білім траекториясын таңдауда және оқу бағдарламасын игеруде көмек көрсетеді. Топқа қатысты куратор-эдвайзер ұйымдастырушы, әдістемелік басшы, тәрбиеші, педагог-психолог
|
Сабаққа қатысу мен үлгерімнің электрондық журналы
|
Оқытушылардың бүкіл академиялық кезең бойы толтырып отыратын ҚазҰУ-дың Универ жүйесіндегі он-лайн журналы
|
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орта кәсіптік, жоғары және ЖОО-дан кейін білім беру (магистратура, PhD докторантура, екінші жоғары білім) бағдарламалары бойынша оқытудың кредиттік технологиясы бойынша мамандар даярлайды. Бұл технологияның негізгі міндеті – оқу үдерісін реттеу, білім көлемін кредиттер түрінде есепке алу аясында білім траекториясын таңдау негізінде білім алушылардың өзін өзі ұйымдастыру және өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту.
Қазіргі Академиялық саясат әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да кредиттік жүйе бойынша оқытуды, жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастырудың тәртібін анықтайды. Бұл құжатқа білім алушылардың сабаққа қатысуын тіркеу, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау жұмыстарын өткізу тәртібі, білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы төлеу тәртібі, білім алушыларды ауыстыру, оқуға қайта қабылдау, оқудан шығару, қорытынды аттестация ережелері және т.б. кіреді.
Академиялық саясат ҚР Білім және ғылым министрлігі нормативтік құжаттарына сәйкес даярланған.
| -
Жалпы ережелер
|
3.1 Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемі оқу жылы бойында игерілетін кредиттермен өлшенеді.
|
|
Университетте оқитын бүкіл кезең аралығында білім алушы мамандықтың мемлекеттік стандарты бекіткен қажетті кредиттер санын меңгеруі керек. Әдетте қажетті кредиттерді меңгеру төрт оқу жылы ішінде жүзеге асады. Әр мамандықтың оқу жоспарына пәннің үш блогы кіреді: жалпыға міндетті, гуманитарлық және кәсіптік. Әр блокта міндетті компонент пен таңдауға негізделген компонент пәндерінің тізімі кредит санымен бірге көрсетілген. Әр пән бір семестр бойы оқытылады, бірақ оқу жоспары пәндерді оқудың жүйелілігі және әр пәнді оқудағы пререквизиттерді қатаң есепке алу қағидаты негізінде құрылады.
3.2 Оқу жылы аралық бақылау, қорытынды бақылау (сессия), қорытынды аттестация (бітіруші курс үшін), тәжірибе мен демалыс күндері кіретін академиялық кезеңдерден (семестр) тұрады. Теориялық оқыту кезеңінің ұзақтығы жазғы семестрді қоспағанда
8 аптадан 15 аптаға дейін.
3.3 5 аптаға созылатын жазғы семестр өткізіледі, оған пәнді қайта оқу (Retake) кіреді, оның 4 аптасы теориялық оқытуға және 1 аптасы қорытынды бақылауға (сессия) арналады. Жазғы семестрде, әдетте, оқу бағдарламасы бойынша меңгерілмей қалған пәндер, сондай-ақ басқа мамандықтан, басқа университеттер-ден келген білім алушылар үшін пәндер оқытылады.
Курс бағдарламасын толық көлемде аяқтаған, бірақ қажетті ең аз балды жинай алмаған білім алушыға өз үлгерімінің орташа балын (GPA) көтеру мақсатында жазғы семестрде кейбір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын «Қазақстан тарихы» пәнінен басқа) ақылы негізде қайта оқуға және емтихандарды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі.
Жазғы семестрдегі оқу тек ақылы негізде ғана жүргізіледі.
Жазғы семестр білім алушының пән бойынша қанағаттандырарлықсыз бағасын жоюға, оқу жоспарындағы айырмашылықты жоюға, пререквизит-терді өз уақытында меңгеру есебінен өзінің жеке жоспарына түзетулер енгізуге, үлгерімінің орташа балын көтеруге (GPA) мүмкіндік береді. Жазғы семестр кезінде қажетті кредиттерді меңгеру үшін жазғы семестрге екі апта уақыт қалғанға дейін білім алушы 9 кредитке тіркеле алады.
3.4 Емтиханды қайта тапсыру оң нәтиже беретін болса, емтихан тізімдемесіне, сынақ кітапшасына және транскриптке жазылатын қорытынды баға қайта есептеледі.
Үлгерімнің орташа балын есептегенде оқу пәні бойынша соңғы бағалар есепке алынады.
Емтиханды қайта тапсырудың оң нәтижелерімен қоса білім алушының барлық қорытынды бағалары транскриптке жазылады.
3.5 Әр оқу жылының ұзақтығы мен уақыты оқу жылы басталардан 3 ай бұрын Академиялық күнтізбеде басылып, білім алушылар мен оқытушылардың назарына ұсынылады. Білім алушыларды факультет ұсынған элективті пәндер мазмұнымен кеңінен таныстыру мақсатында оқу жоспарының әр блогы бойынша элективті пәндердің Каталогы басылып шығарылады. Каталогты кафедралар дайындайды, оны академиялық мәселелер жөніндегі Департамент үйлестіреді, сөйтіп, білім алушылар назарына ұсынады.
|
4.Білім алушылармен білім беру траекторияларын
таңдау. Білім алушының жеке оқу жоспары
|
4.1 Оқу жоспары мен пәндер каталогы негізінде білім алушы оқудың жеке траекториясын өз бетінше қалыптастырады. Білім алушы жеке оқу жоспарында көрініс табатын міндетті және элективті пәндердің қажетті санын таңдайды. Білім алушы ЖОЖ-дың құрастырылуына және мамандықтың жұмыс оқу жоспары талаптарына сәйкес оқу курсын толық меңгеруге жауапты.
4.2Оқу жылындағы оқудың жеке жоспарын куратор-эдвайзердің, түлектер шығарушы кафедраның оқытушысы және тіркеушілердің жетекшілігімен білім алушы өзі құрастырады. Эдвайзерлердің тізімін факультет деканы бекітеді.
4.3 Кафедралар білім алушыларға алдын ала куратор-эдвайзерлер арқылы пәндердің каталогы боынша элективті пәндер саны мен олардың қысқаша сипаттамасы туралы толық ақпаратты уақытында жеткізуге, сондай-ақ тіркеу кезеңі басталғанға дейін презентация өткізуге міндетті.
4.4 Теориялық оқыту кезеңінің алдында «Универ» жүйесіне жұмыс-оқу бағдарламасына сәйкес пәннің толық оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) енгізілуі керек.
4.5 Пәндерді таңдау барысында пәндерді оқып-игерудің бірізділігі міндетті түрде ескерілуі тиіс. Білім алушы алдыңғы семестрде осы пәннің перереквизиттерін меңгермеген болса, онда ол бұл пәнге тіркеле алмайды. Академиялық қарыздары бар пәндер келесі семестрде оқылатын пәндер үшін пререк-визиттер болып табылмайды.
Базалық пәндерді таңдау білім алушының кәсіби бағдарын ескере отырып жүзеге асырылады, бірақ білім алушының ЖОЖ-ы басқа мамандықтар бойынша пәндердің блогында мәлімденген пәндерді қамти алады.
3 данада құрастырылған ЖОЖ-ға (1-қосымша) білім алушының қолы қойылып, келісу үшін куратор-эдвайзерге беріледі.
Ескерту болмаған жағдайда куратор-эдвайзер ЖОЖ-ға қол қояды, оны тіркеуші кеңсесінде келіседі. Бекітілгеннен кейін бір данасы білім алушыда қалады, екінші данасын аттестациялау үрдісінде пайдалану үшін куратор-эдвайзер тіркеуші кеңсесіне береді, ал үшінші данасы куратор-эдвайзерде сақталып, білім алушының оқу жоспарын орындауын бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болады. ЖОЖ-ды тіркеушінің кеңсесіне өткізудің соңғы мерзімі семестрдің 1-аптасы. Білім алушының ЖОЖ-ы оның ІD жеке идентификациялық нөмірімен тіркеледі.
Білім алушы ЖОЖ-ды Академиялық күнтізбеде көрсетілгендей теориялық оқытудың басталуына дейін мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарының шегінде тіркеу жүргізу кезеңінде немесе бағдарлау апталығы кезеңінде өзгерте алады.
4.6 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың серіктестік бағдарламалары немесе халық-аралық алмасу білім бағдарламалары бойынша шетелдік ЖОО-да білім алып жатқан магистранттар мен бакалаврларға олардың шетелде оқыған кезеңде университет маман-дығының бекітілген оқу жоспарына сәйкес пәндер бойынша жинаған кредиттері есептелуі мүмкін.
4.7 Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында білім алушыларға үй тапсырмалары, кейстерді талдау, курстық жұмыстар және басқа да зерттеу жобалары түріндегі өзіндік жұмыстың үлкен көлемі ұсынылады. Нақты тапсырмалар, бағалау критерийлері мен тапсырмаларды өткізу кестесі көрсетіліп, барлық өзіндік жұмыс түрлері міндетті түрде силлабус пен ПОӘК-де сипатталады.
4.8 Магистранттар мен докторанттар жеке оқу жоспарынан басқа, бүкіл оқу кезеңіне арналған жеке жұмыс жоспарын құрады.
4.9 Магистранттар мен докторанттар оқуға түскеннен кейін екі айдың ішінде диссертациялық жұмыстарына басшылық жасау үшін ғылыми жетекшілер/кеңесшілер тағайындалады.
4.10 Ғылыми жетекшілік пен зерттеу жұмысының тақырыбы Ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орнының ректорының бұйрығымен бекітіледі.
4.11 Докторанттардың ғылыми жетекшілігін саны 2 адамнан кем емес, біреуі шетелдік жоғары оқу орнынан болатын ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, философия докторларынан (PhD) құрылған кеңес беру комиссиясы жүзеге асырады.
|
5. Сабаққа қатысуды
тіркеу
|
5.1 Әрбір пән бойынша сабақтар және сабақ кестесін құру білім алушылардың пәнге тіркелу негізінде жүзеге асырылады. Білім алушы мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарында көрсетілген кредиттердің белгілі бір мөлшеріне тіркелуі тиіс.
5.2 Білім алушыны алдағы оқу жылына оқу пәндерін оқып-игеруге тіркеу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Универ» (http://univer.kaznu.kz) жүйесінде, кафедралар-дың, деканаттардың, эдвайзерлер мен тіркеуші кеңсесінің нұсқаулық және консультативтік көмегімен он-лайн режимінде жүргізіледі. Тіркеуді жүргізу мерзімі академиялық күнтізбеде көрсетіледі.
5.3 Білім алушы өзінің жеке оқу траекторияларын эдвайзермен егжей-тегжейлі талқылағаннан соң пәнге тіркеу жүзеге асырылады, эдвайзер бекітілген жұмыс оқу жоспарларына және элективті пәндер ката-логына сәйкес пәндерді таңдау мәселелері бойынша түсінік береді.
Университетке жаңа түскендер үшін мерзімдері академиялық кестеде көрсетілетін бағдарлау (ұйымдастыру) кезеңі ішінде кредиттік оқыту жүйесімен, пәнге тіркеу рәсімдерімен жалпы танысу жүзеге асырылады.
Бағдарлау кезеңінде әкімшілік өкілдерімен, факультет декандарымен, кафедра меңгеру-шілерімен, эдвайзерлермен кездесулер өткі-зіледі. Әрбір білім алушыға ІD идентифи-кациялық нөмірі (логин) беріледі, білім алушы сол бойынша жеке оқу жоспарын оқу пәндеріне он-лайн тіркеу жолымен тіркейді.
5.4 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жаңа түскендерді тіркеу бағдарлау кезеңінен өткен соң, бірінші семестр басталғанға дейін жүргізіледі. Білім алушылардың бұл катего-риясы үшін тіркеуге жіберуге университеттің білім алушы/магистранттары/РhD докторант-тары қатарына қабылдау туралы бұйрық және семестр үшін төлем (егер оқыту ақылы негізде жүргізілетін болса) негіз болып табылады.
Қалған білім алушылар келесі оқу жылының пәндеріне және пәнді қайта өтуге (Retake) академиялық кестеде көрсетілген тіркеу кезеңінің ішінде тіркеледі.
5.5 Тіркеуге жіберуге мыналар негіз болып табылады:
▪ белгілі бір пәндерді оқып-игеру үшін талап етілетін барлық пререквизиттерден өту;
▪ оқыту ақысы бойынша қаржылық қарыздың болмауы;
▪ білім алушының кешенді медициналық тексеруден (оқу жылының ішінде бір реттен кем емес) өтуі.
5.6 Соңғы оқу жылында білім алушылардан басқаларды жазғы семестрге тіркеу көктемгі семестрді бітіргеннен кейін жүзеге асырылады.
Пәнді қайта оқып-игеру үшін тіркеу (Retake) жалпы тіркеудің белгіленген мерзімдерінде жүзеге асырылады, бірақ оқыту үшін алдын ала төлем жасауды талап етеді, өйткені пәнді қайта оқып-игеру барлық мамандықтар мен оқыту түрлері үшін тек қана ақылы түрде жүргізіледі.
5.7 Білім алушылардың академиялық топтары аталған пәнге жазылған білім алушылар санының жеткіліктілігі ұстанымы бойынша құрылады. Міндетті пәндерге тіркелгендердің талап етілетін ең аз мөлшері бакалавриатта:
▪ дәрістерде – 80 адамнан бастап;
▪ тәжірибелік сабақтарда – 20-25 адам;
▪ білім алушылары аз мамандықтарды санамағанда, тілдік, зертханалық сабақтарда – 12-ден кем емес адамды құрайды.
Білім алушылардың академиялық топ-тарының контингенті шағын білім алушылары мамандықтың элективті пәндері бойынша білім алушылардың барлығының бір пәнге жазылу ұстанымы бойынша құрылады. Мұндай жағдайда білім алушылардың жалпы саны 10-12 адамнан кем болмауы тиіс.
Білім алушылар саны бекітілген ең аз мөлшерден кем болған жағдайда пән ашылмайды. Осы пәнге жазылған білім алушыларға бұл туралы тіркеу аяқталғаннан кейін 3 күннің ішінде ескертіліп, пәнді қайта таңдаулары сұралады.
5.8 Белгілі бір оқу пәніне тіркелген білім алушылардың саны осы пәнге бекітілген ең көп мөлшерден асып кеткен жағдайда бұл пән бойынша қосымша академиялық топ (поток) құрылады. Магистратура мен РhD док-торантура топтарын құру барысында универ-ситет ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-нұсқаулық құжат-тарын басшы-лыққа алады.
5.9 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ виртуалды оқытудың заманауи платформаларына негізделген қашықтықтан оқыту техно-логияларын пайдалануды қолдайды. Оқу жоспарындағы кейбір пәндерді қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқуға болады.
|
6. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау
|
6.1 Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бақылаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:
-
ағымдағы бақылау
-
аралық бақылау
-
қорытынды бақылау
6.2 Ағымдағы бақылау – пәннің силлабусына сәйкес оқытушының ағымдағы сабақтарда білім алушының оқудағы жетістіктерін жүйелі түрде тексеру.
6.3 Аралық бақылау – ағымдағы бақылаудың нәтижесін есепке ала отырып және аралық бақылаудың нәтижесін «Универдегі» тізімдемеге қойып, теориялық оқытудың ортасында не соңында жасалатын бақылау. Аралық бақылау саны оқу жоспарымен анықталады және пәннің силлабусында көрсетіледі. 1 және 2-аралық бақылаулардың нәтижелері факультеттің оқу құжаттарында тіркеледі. Тек 1 кредиттік оқу пәндері кірмейді.
Ағымдағы және аралық бақылауды өткізудің формасын пәннің ерекшелігіне байланысты оқытушы белгілейді. Ағымдағы және аралық бақылаулар коллоквиум немесе компьютерлік тестілеу, жазбаша бақылау жұмысы, білім алушылардың пікірсайыстарға, дөңгелек үстелдерге, іскери ойындарға қатысуын бағалау, жағдаятты тапсырмаларды шешу және т.б. түрде жүргізіледі. Ағымдағы және аралық бақылау формасы туралы толық ақпарат пән бойынша жасалған силлабуста көрсетіледі және семестрдің алғашқы екі аптасында білім алушыларды хабардар етеді.
Пәннің аралық бақылау бойынша үлгерімінің максималды көрсеткіші 60 балды құрайды, ағымдағы бақылаудың қоры-тындысын қосқанда әрбір аралық бақылау 30 балдан тұрады. Аралық бақылау қорытындысы аттестациялау апталығының дүйсенбісінен кешіктірілмей Универ жүйесіндегі аралық бақылау тізімдемесіне қойылады. Аралық аттестациялық аптада 15 балдан жоғары қою ұсынылмайды.
|
7. Білім алушылардың білімін бағалау
8. Тәжірибені ұйымдастыру және тәжірибеден өту
|
Бағасын көтеру мақсатында аралық бақылау нәтижесін өзгертуге болмайды. Дәлелді себептері (ауру, отбасылық жағдай, қызметіне байланысты) болса, аралық бақылауды 50 балға дейін қоюға болады.
6.4 Қорытынды бақылау – білім алушының оқудағы жетістіктерін пәнді оқып болғаннан (аралық аттестациялаудан) кейінгі сессия кезінде бақылау. Қорытынды бақылауға аралық бақылауларда 30 балдан кем алмаған білім алушылар жіберіледі.
Емтихандағы максималды баға – 40 балл.
Сессияның ұзақтығы және емтихандардың саны мамандық бойынша бекітілген оқу-жұмыс бағдарламасына және академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады. Соңғы емтиханды ұйым-дастыру және өткізу жауапкершілігі деканға, оқу үдерісі бөліміне, университеттің офис-тіркеушілеріне жүктеледі.
Білім алушылар барлық емтихандарды пәннің оқу бағдарламасы бойынша бекітілген жұмыс және жеке оқу жоспарына сай қатаң тәртіппен тапсырулары керек.
Егер алдыңғы курста ешқандай академиялық қарыздары болмаса ғана сырттай бөлімде білім алушылар сессияға жіберіледі. Оқытудың сырттай бөлімі бойынша сессия, олардың мерзімдері мен оқу жылындағы саны мамандық бойынша бекітілген оқу жоспарында анықталады.
ҚазҰУ-да емтихандар жазбаша түрде өткізіледі.
7.1 Білім алушылардың білімін бағалау 4 балдық шкала бойынша жүргізіледі.
7.2 Қорытынды емтиханды өткізу барысында жақсы баға оқу пәні бойынша емтихан тізімдемесіне және білім алушы-ның сынақ кітапшасына қойылады. F «қанағат-танарлықсыз» бағасы тек емтихан тізімдемесіне қойылады.
Пән бойынша білім алушының қорытынды бағасы семестр кезінде алған аралық және қорытынды бақылаудың балдарын жинақтау жолымен құралады. Пән бойынша аралық аттестацияның аяқталуының міндетті талабы соңғы емтихан бойынша жақсы баға болып табылады.
Семестрдегі оқу үлгерімінің ең жоғары бағасы пән бойынша қорытындылаудың 60%-ын құрайды, және емтихандағы жоғары баға қорытынды бағаның 40%-ын құрайды
(4-қосымша).
7.3 Емтихан нәтижесін оқытушы тізімдемеге сай емтихан аяқталғаннан кейін 48 сағат ішінде Универге енгізеді.
7.4 Егер білім алушы қойылған бағамен келіспесе, емтихан нәтижесі «Универ» жүйесіндегі электрондық тізімдемеге қойылған күннің ертеңінен кешікпей факультет деканының атына апелляцияға өтініш бере алады. Деканның өкімі бойынша сессия кезінде біліктілігі пәннің профиліне сай келетін оқытушылардан құралған апелляциялық комиссия 24 сағат ішінде өтінішті қарап, бағаны қайта қарау немесе бастапқы алған бағасын қалдыру туралы комиссия отырысының хаттамасын жазуы керек. Апелляциялық комиссия білім алушының жазбаша жұмысын немесе қабылданған ауызша емтихан нәтижесін қайта қарау негізінде шешім қабылдайды. Егер білім алушы апелляция нәтижесінде емтиханда алған бағадан төмен баға алса, онда ол транскриптке енгізіліп, GPA-ны есептегенде соңғы баға есепке алынады. Оқу ісі жөніндегі проректор апелляциялық комиссияның шешімін бекіткеннен кейін офис-тіркеуші апелляция нәтижесін енгізеді.
7.5 “W” , “AU”, “F”, “AW” бағаларын пәнді қайта оқып өзгертуге болады, бірақ олардың бәрі транскриптке өзгертілген бағамен енгізіледі, бұл кезде GPA соңғы алынған бағамен есептеледі.
7.6 «F» бағасын алған жағдайда, білім алушының пәнді қайтадан оқуға (Retake) құқығы бар, бірақ ол 3 реттен артық
болмайды. Пәнді қайтадан оқу тек ақылы негізде жүргізіледі.
7.7 Таңдау пәнінен «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушының белгіленген тәртіп бойынша осы пәнді қайта оқуына немесе осы блоктағы басқа пәнді таңдауына құқығы бар. Пәндерді ауыстыру эдвайзердің және офис-тіркеушінің келісімімен болады.
7.8 Егер білім алушы семестр ішінде аралық бақылаудан 30 балдан кем алмаса, емтиханға дәлелді себептермен (ауырғаны туралы құжаты Алматы қаласының студент емханасында куәландырылған және т.б.) келе алмаған жағдайда, оған оқытушы «І» бағасын қоя алады. Білім алушы «І» бағасын алу үшін емтихан өткеннен кейін екі күннен кешікпей оқу ісі жөніндегі проректорға оқытушысы, факультет деканы, оқу бөлімі және ДАВ директорының визаларын қойып, емтиханға келе алмаған себептерін көрсетіп және осыны дәлелдейтін құжаттардың (анықтама) түпнұсқасын тіркеп, өтініш береді. Егер емтиханға келмегені оқу ісі жөніндегі проректор келісімімен дәлелді деп танылса, білім алушыға «I» бағасы қойылады.
Оқытушы «І» бағасын стандартты («A», «B», «C», «D») бағаларға келесі семестр басталған соң 30 күннің ішінде, білім алушы силлабустың барлық талаптарын орындаған жағдайда, өзгерте алады. «I» бағасын стандарт бағаға өзгерту үшін білім алушы оқытушыға кездесіп, орындау үшін берілетін жұмыстың көлемі мен түрін анықтауға міндетті.
Оқытушының емтихан тапсыру үшін ұсынған кестесіне (өзге де жұмыстар) сәйкес офис-тіркеуші Универ жүйесіндегі бағаны өзгерту үшін емтихан парағын береді. Егер білім алушы көрсетілген уақыт ішінде барлық қойылған талаптарды орындамаса, офис-тіркеуші оқытушының қолы қойылған емтихан парағының негізінде «I» бағасын «F» (қанағаттанар-лықсыз) бағасына ауыстырады. «I» бағасын қойған оқытушы белгілі себептермен университетте болмаса, кафедра меңгерушісі «I» бағасын стандартты бағаға ауыстыруды басқа оқытушыға табыстайды. Егер білім алушы бағаны түзету мерзімі аяқталмай университеттен кетіп қалса, онда «I» бағасы транскрипте өзгеріссіз қалады.
7.9 «AU» бағасы қорытынды бағаны алмай-ақ пәнге қатысқысы келетін білім алушыларға қойылады. Мұндай пәнді өту ҚазҰУ-дың белгілеген бағасы бойынша толық көлемде төленеді. Оқытылатын пәнге тыңдаушы ретінде тіркелген білім алушы ол туралы офис-тіркеушіге хабарлауы тиіс. Мұндай білім алушының емтихан тізім-демесіне автоматты түрде «AU» бағасы қойылады.
7.10 Оқу пәнінің тыңдаушылары ретінде ҚазҰУ-дың білім алушыларымен қатар университетте білім алушы ретінде тіркелмеген, бірақ оқу ақысын төлеген тұлғалар да қатыса алады.
7.11 Білім алушы «Add/Drop» қайта тіркеу аяқталғанға дейінгі бірінші аптаның ішінде пәннен бас тартатын шешімін негіздеп факультет деканының атына өтініш жаза алады. Өтініш міндетті түрде эдвайзермен келісілуі тиіс. Мәселе оң шешілген жағдайда, деканның қолы қойылған өтініш офис-тіркеушіге жіберіледі. Білім алушының пән бойынша емтихан тізімдемесіне «W» белгісі қойылады. Бұл бағаны оқытушы өзгерте алмайды. Оқу пәніне төленген ақы білім алушыға қайтарылмайды.
7.12 Сабақ басталғаннан кейін 4 апта өткен соң білім алушы пәннен бас тарта алмайды, бас тарса, білім алушыға осы пән бойынша «F» бағасы қойылады.
7.13 «AU» мен «W» бағалары бар білім алушы несие ала алмайды.
«AU» мен «W» бағасы қойылған пәндер бакалавриаттың міндетті бағдарламаларына кірмейді және элективті пәндерді ауыстыра алмайды.
7.14 Егер білім алушы мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған жалпыға міндетті пәндерден бас тартса, онда ол аталған пән бойынша қосымша ақы төлеп басқа кезеңге тіркелуге міндетті. Осы талап мемлекеттік білім беру грантымен білім алып жатқандарға да қойылады. Білім алушы пәнді оқудан академиялық себеп бойынша әкімшілік тәртіппен (Academic Withdrawal), «AW» бағасы қойылып шеттетілуі мүмкін. Пәннен әкімшілік тәртіппен шығарудың себептері мыналар:
-
оқылып жатқан курсқа ешбір себепсіз жүйелі түрде қатыспау (36 сағат);
-
жеке тапсырмаларды, СӨЖ/МӨЖ орындамау, жұмыстарды тапсыру кестесін тұрақты түрде бұзу, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқа да оқу ережелерін бұзу;
-ішкі тәртіп ережелерін бұзу.
Оқытушы академиялық себептер бойынша білім алушыны оқу пәнінен босатуға болатын қосымша шарттарды силлабуста көрсете алады.
Міндетті пәндердің қатарына енетін пәндерден әкімшілік жолмен шығарылған жағдайда білім алушы оны тек ақылы түрде қайта оқи алады. Пәннен босату оқытушы немесе әкімшілік тарапынан жүргізіледі, тізімдемеде «AW» бағасы қойылып, ол білім алушының транскриптіне енгізіледі. Оқу пәніне төленген ақы қайтарылмайды.
7.15 Қорытынды бақылау бойынша оң бағаны көтермелеу мақсатында қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
7.16 GPA деңгейіндегі балды жинаған білім алушы университет ректорының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі. Курстан курсқа көшірілу үшін талап етілетін GPA балы оқу жылының басында факультеттің Ғылыми кеңесінде белгіленеді. Белгіленген GPA балын жинамаған білім алушы курсты ақылы түрде қайта оқуға қалдырылады. Курсты қайта оқуға қалдырылған білім алушы бұрын қабылданған жеке оқу жоспарымен оқуға немесе белгіленген тәртіп бойынша жасалған жаңа жеке оқу жоспарын құруға құқылы.
Талап етілетін GPA балын жинап келесі курсқа көшірілген білім алушы академиялық қарызы болған жағдайда оқу пәндерін тек ақылы түрде ғана қайта оқи алады.
Оқудың қайталау курсына қалдырылған білім беру грантының иегері болған білім алушы білім беру грантынан айрылады да, ары қарай оқуды тек ақылы түрде жалғастыра алады.
Білім беру грантының иегері болған білім алушы GPA-ның көшіру балын жинағанда және келесі курсқа академиялық қарызбен көшірілгенде білім алушы білім беру грантынан айырылмайды. Мұндай жағдайда олар қарызы бар оқу пәнін тек ақылы түрде қайта оқи алады және олардан емтихан тапсырады. Мамандықтар кестесіндегі бір кредиттің бағасын қаржылық-экономикалық жұмыстар жөніндегі департаменті анықтайды.
7.17 Магистрлік диссертацияның орын-далуы қамтылған магистратураның оқу бағдарламасы эксперименттік зеттеу (профиль-дік бағыт үшін) және ғылыми-зерттеу (ғылыми-педагогикалық бағыт үшін) жұмыстарын қамтиды.
Магистранттар мен докторанттар үшін диссертациялық зерттеулерге сатылы жинақтық бағалау жүйесі енгізілген. Оқудың барлық кезеңінде ғылыми-зеттеу жұмысының орын-далуының әр сатысы бойынша жинақтау тізімдемесіне балл қойылып отырады.
7.18 Докторантураның оқу бағдарламасы мыналарды қамтуы керек:
-
зерттеу тәжірибесін – философия доктор-лары (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін;
-
өндірістік тәжірибені – профильді док-торантура бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін.
Шпаргалканы (қағаз немесе электронды түрде) қолданған жағдайда пән бойынша қорытынды бақылауда «F» бағасы қойылады.
8.1 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да негізгі және міндетті түрде өтілетін тәжірибелер оқу, педагогикалық, өндірістік, ғылыми-зерттеу болып табылады.
8.2 Тәжірибенің барлық түрлері тәжірибе бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі, ал білім алушыларға тәжірибені өткізудің негізгі талаптары жазылған силлабус беріледі. Мамандық профилін, мекеме, ұйымдардың сипаттамасын, тәжірибе өтетін жерді ескере отырып, бағдарлама түлек шығарушы кафедрада жасалады және факультеттің Ғылыми кеңесінде бекітіледі. Факультеттегі тәжірибе жетекшісі ағымдағы оқу жылына тәжірибе силлабусын жасайды және факультет деканы бекітеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |