Сабаққа әдістемелік нұсқау 7М05123 «Биотехнология»


Гидролиздің фармация мен медицинадағы маңызы



бет17/40
Дата11.09.2023
өлшемі0.76 Mb.
#477168
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
Практ

Гидролиздің фармация мен медицинадағы маңызы. Гидролиз адам организміндегі өтетін көптеген процестер үшін маңызы үлкен. Мысалы, қанның құрамына енетін кейбір тұздардың, биологиялық рөлі, Н+ тұрақты концентрациясын ұстап тұрады. Егер ерітіндіден Н+ артық пайда болса, онда ол сәттеақ ОН-иондарымен байланысады да тепе-теңдік оңға ығысады. Егер қанның құрамында ОН- иондары артық болса, онда реакция солға қарай ығысады, осыған, сол сияқты ақуыздық заттардың аралымдық-буферлік әрекетінің әсерінен, дені сау адамның қанындағы р. Н айтарлықтай өзгерісте бола бермейді және ол 7, 4 шамасында болады, бұл қалыпты тіршілік үшін адам өміріндегі маңызды шарттың бірі. Гидролиз буферлікаралымдық ерітінділердегі процестердің негізін құрайды.
идролиздің маңызы Медицинада Фармацияда Тұрмыста Өсiмдiк материалдардың гидролизы маңызды азық-түлiк, жем және техникалық өнiмдердiң алуы үшiн гидролиз өндiрiстерi, қызметшiлердiң негiзi болып табылады. Өсімдіктiң өнiмдерiмен өндiрiстiк шарттардағы гидролизаттар болып табылады - (пентоз және гексозалар, глюкоза жеке алғанда) моноз, (органикалық қышқылдар, Спирттар) ұшпа заттар және қатты қалдық ерiтiндiлер - гидролиз лигнинi. Азық-түлiк глюкозасын және техникалық сәйкесiнше олардың минералды және органикалық қоспалар, булау және кристаллизациясынан тазарту гидролизаттардың гексозных және пентозныхынан жолымен ЖҚ сәйкесiнше алады. Моноздың болатын оларында қалпына келтiруiнiң гидролизаттарының химия өңдеуiнiң жанында көп атомды Спирттар алады.
Гидролизат алу үрдісінің технологиясы
Өсімдік шикізатынан гидролизат алудың технологиялық үрдісі келесі операциялардан тұрады:

  1. қыздыру және қайнатуға қышқылды беру;

  2. периодты гидролиз - аппаратында шикізат гидролизі;

  3. алынған гидролизатты салқындату;

  4. инверсия (қосымша гидролиз).

Майдалап ұнтақталған өсімдік шикізатының перколяцияланған гидролиз үрдісінің технологиялық сызба нұсқасы 41 суретте келтірілген. Майдалап ұнтақталған шикізат тасымалдағыш арқылы гидролизат аппаратқа жоғарғы мойны арқылы беріледі. Гидролизат аппаратына берілетін өсімдік шикізатының мөлшері оның құрамына, майдалау дәрежесіне және ылғалдылығына байланысты.
Гидролизат аппаратындағы қоспаның тығыздығын ұлғайту үшін шикізат пен бір уақытта араластырылған күкірт қышқылын қосады.

Сурет 3. Өсімдік шикізатының гидролизатын алудың технологиялық


сызба нұсқасы (В.И.Яковлев, 1987)

Гидролиз – аппаратына шикізат берілгеннен соң жоғарғы қақпағын жақсылап жабады және қоспаны қыздыру үшін мойнының төменгі жағынан штуцер арқылы өткір буды береді. Қыздырылған кезде аппаратағы қысым 0,5 МПа көтерілсе жоғарғы үрлеуші штуцер арқылы 2-3 минут ішінде ауаны жояды. Үрленген кезде шикізаттардың, метил спиртінің, фурфуролдың және ашытқыны өсіруге қажет емес заттар, басқа заттардың біраз бөлігі жойылады. Содан соң будың қысымы берілген мәнге дейін көтеріледі және гидролиз–аппаратындағы қоспаны 30-60 мин, 140-1600C температураға дейін қыздырады.


Осы кезден бастап перколяция үрдісі басталады, демек гидролиз-аппаратының жоғарғы бөлігіне үздіксіз берілген температурада қыздырылған қайнаған қышқыл беріліп отырады, ол тік бағана арқылы шикізат өтеді, төменгі конусты бөлігіне орнатылған фильтрлеуші құбыр арқылы пайда болған гидролиз өнімін алып шығарады. Қайнаған қышқыл арнайы аралыстырғышта концентрленген күкірт қышқылын сумен араластырып 180-1900C температураға дейін қыздырып алынады.
Концентрленген күкірт қышқылы жинағыштан немесе өлшегіштен фильтр арқылы өлшенген бөлшектерді бөлу үшін өткізеді және плунжерлі насос арқылы араластырғышқа жібереді.
Алдымен құбыр аралық кеңістік арқылы өтетін конденсатор құбыр арқылы өтетін будың жылуымен өздігінен буланатын гидролизатты қыздырады, араластырылған күкірт қышқылын алу үшін суды қолданады. Осылай қыздырылған су құйылып тұратын қыздырғышқа жіберіледі, өткір бумен байланысады және қажет температураға дейін қыздырылады, содан соң араластырғышқа келіп түседі, сол жерде концентрленген күкірт қышқылымен араластырылады. Араластырғыштағы перколяция үшін берілген концентрациядағы араласқан қышқыл қыздырылған судың ағымының қатынасы және концентрленген күкірт қышқылы реттеледі.
Гидролиздің алғашқы периоды шамамен 1500C температурада қолайлы жағдайда жүргізіледі. Гидролиз аппаратына берілетін қайнаған қышқылдың температурасы 175-1900C дейін жоғарылайды. Аппараттың ішіндегі температурасы гидролизге сәйкес жоғарылайды. Қолайлы жағдайда қыздырғанда шамамен 1 сағаттың ішінде реттеледі.
Қайнаған қышқыл барлық қыздырылған шикізат арқылы өтіп өсімдіктің ұлпасын гидролиздейді. Перколяцияның бірінші периодында гидролизатты таңдау жылдамдығымен салыстырғанда жоғары, шамамен гидролизді тереңдетуде шикізаттың фильтрлеуші қабілеті нашарлайды. Одан басқа реакциялық ортаның температурасы қайнау нүктесіне дейін жоғарылайды, ал қайнаған сұйықтық 2,0-2,5есе жәймен қозғалып лигнин қабаты арқылы фильтрленеді. Сондықтан фильтрлеуді жақсарту үшін перколяция бағытын тігінен көлденеңге өзгертеді. Ол үшін суды және қайнаған қышқылды тігінен орналасқан перфорирленген құбырға береді, ол гидролизат - аппараттың цилиндірлі бөлігінде орналасқан ұзартылған фильтрлеуші құбыр арқылы бөліп алынады.
Перколяция үрдісі аяқталғаннан кейін қалдық қантты бөліп алу үшін, лигниннің қатты қалдығын сумен жууды жүргізеді. Ол үшін тігінен перколяция жасалған сияқты аппаратқа жоғарыдан қыздырылған суды аппаратқа береді. Жуып болғаннан кейін суды беруді тоқтатады, бірақ тағыда 40 минут гидролизатты бөліп алуды жалғастырады. Бұл операция лигнинді сығып бөліп алу немесе кептіру деп аталады, гидролиз аппаратынан лигнинді жоюға әсер етеді.
Өсімдік шикізатын гиролиздеуде көлемі 70-80м3 гидролиз –аппаратының жұмысының ұзақтығы орташа шамамен 310 мин. және келесідей операция бойынша бөлінеді, мин:
Шикізатты салу 35-40 жуу 25-30
Қыздыру 50 кептіру 40
Перколяция 140 лигнинді шығару 10

Азықтық ашытқы өндірісіне арналған гидролизат 15-17 гидромодульде алынды, аппаратқа салынатын абсолютты құрғақ затқа қарағанда, демек 15-17 есе көп гидролизат алады. Бір уақытта қайнаған қышқылды берумен қатар гидролизат - аппаратынан 150-187оС температурада гидролизат шығарылады. Қыздырылған гидролизатты суыту үшін үшеулік тізбектеле қосылған буландырғыш жүйеге, демек сұйықтық қоспаны, сұйықты және булы фазаны бөлу үшін жібереді. Буландырғыштың жұмысын реттеу алдымен гидролизат буландырғышта жоғарғы қысымда болуы керек, соңында ол атмосфералық қысымға жақын болуы керек. Гидролизат буландырғыш үрдісінде оның көлемі шамамен 10 %-ке азаяды. Буландырғышта пайда болған бу аппараттың жылу алмастырғыш жүйесіне жіберіледі, гидролизге келіп түсетін суды құбыр аралық кеңістікте қыздырады. Өздігінен буланатын гидролизаттағы буда фурфурол және басқа ұшқыш заттар (метил спирті, скипидар және т.б.) құралады. Сондықтан конденсатты фурфуролдан бөлуге жібереді. ІІІ сатылы буландырғыштан 100-1050С температураға дейін салқындатылған гидролизат инверторға келіп түседі.


Гидролизат - аппаратынан шығарылған гидролизат аппараттағы суды толығымен гидролиздемеген полисахаридтер (олигосахаридтер, декстриндер және т.б.) құрайды. Осы полисахаридтермен өзгеріске ұшыраған үрдіс, олардың гидролизіне негізделген инверсия деген атқа ие болады. Тот баспайтын болаттан жасалған түбі конусты қақпағы бар, цилиндрлі резервуарда инверторда 100оС температурада 8 сағат бойы шамамен 0,5% күкірт қышқылын құрайтын гидролизатты ұстауымен жасалады. Ұстау, тұндыру уақытында шамамен 80 % барлық декстрин моносахаридке дейін гидролизденеді, көлемінің мөлшері 7-8% дейін ұлғаяды.
Инверсия үрдісінде гидролизаттан тұнба бөлініп алынады. Бұл тұнба инвертордың конусты түбінде жиналады және одан периодты түрде жойылады. Инвертордың цилиндрлі корпусының жоғарғы бөлігінде орналасқан инвертирленген гидролизатты штуцер арқылы бөліп алады және әрмен қарай өңдеуге жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет