Фосфоробактерин.Топырақтағы күрделі фосфороорганикалық қосылыстарды және минерал фосфаттарды өсімдіктерге онай сіңетін түрге айналдыруда микроорганизмдердің ролі зор. 1935 жылы Р. А. Менкина топырақтан осындай микроорганизмнің бір түрін тапты. Оны бациллус мегатериум фосфатикум деп атады. Бұл бактериядаң фосфоробактерин деп аталатын тыңайтқыш даярлана-ды. Бұл бактериялар тамыр айналасында тіршілік етіп, топырақ-тағы нуклеин қышқылының іқүрамындағы фосфордың 86%-тін өсімдіктерге оңай сіңетін күйге айналдырады.
Фосфоробактерин заводта өндіріледі. Ол үшін алдымен сұйық қоректік орта даярлайды да, оны ферментер деп аталатын арнаулы аппаратқа құяды. Содан кейін алдын ала даярлап, яғни өсіріп қойған фосфор бактерияларын қоректік ортаға араластырады. Ферментерге 30-дан 48 сағатқа дейін үздіксіз басқа микробтардан таза ауа үрленеді. Осылай еткенде коректік сүйыктың әрбір милли-литрінде 1-ден 3 миллиардқа дейін бактерия клеткалары пайда болады. Ферментерлердегі ортадағы бактериялар көптөп спора түзе бастағанда өсіруді тоқтатады. Бұдан кейін оларды арнаулы аппа-раттарда ‘қүрғатады. Онда температура +20—25°-тан аспайды. Құрғақ препараттарды қүрғақ сазбен (коалин) араластырады. Осындай қүрғақ препараттың бір грамында апора түрінде 8 миллиардтай бактериялар болады. Әрқайсысын 50 г етіп, фосфоро-бактеринді картон қауашақтарға орайды. Осындай он кішкене кауашақты, фосфоробактеринді қолдану ережелері жазылған нүсқауды үлкен жәшікке салып, шаруашылықтарға таратады. Бүл 100 га егіске жетеді.
Фосфоробактеринді қолданудың тәсілдері. Фосфоробактеринді қолданудың толып жатқан тәсілдері бар. Бірақ бүл тәсілдердің барлығы дерлік бір принципке негізделген. Ол өсімдіктердің тамыр жүйесінің жақсы дамуына бактериялар арқылы көмектесу. Сондықтан алдымен топырақта бактерияларға қажетті жағдайлар болу қажет. Оларға: топырақ реакциясының нейтралды немесе әлсіз сілтілі, азоты мол органикалық заттардың жеткілікті, топырақтың су және ауа режимінің қалыпты болуы жатады.
Фосфоробактеринді қолданудың бір оңай, карапайым тәсілі, онымен түкымды өңдеу. Қүрғақ күйіндегі тыңайтқышты алдымен суға езеді. Содан ірі тұқымдардың 200/сг-на 1 л тыңайтқыш ерітін-дісін бүркіп, артынан үқыпты түрде араластырады. Өңделген тұқымдардың сол күні себілгені жөн.
Тұқымдық картоп түйнегінің 1,5—2 г-на 15—20 л ерітінді да-йындалады. Ол үшін көрсетілген мөлшерде су алып, оған фосфоро-бактеринді езеді де, жүқалап жайылған түйнекке бүркеді. Өсімдік көшеттерін отырғызарда олардың тек тамырларын тыңайтқыш ерітіндісіне малып алады. Жалпы тұқымдарды тыңайтқышпеи өңдеуді көлеңкеде жүргізу керек. Бүл — барлық бактериялы препараттарды қолданудың басты шарты, өйткені күн сәулесі бактерияларға күшті әсер етеді.
Тұқымды химиялық жолмен дәрілеуді, фосфоробактеринді жұқтырмастан біраз бұрын жүргізу керек. Тұқым формалинмен өңделсе, оны желдетіп алу қажет. Соңғы жылдары жүргізілген ғылыми-зерттеулер фосфоробактериннің жеке өзін қолданғаннан гөрі, қарашірікке қосып пайдаланса да дүрыс нәтиже беретіндігін көрсетті. Фосфоробактерин өсімдіктерді фосфорлы қоректік заттар-мен қамтамасыз етумен қатар, топырақ микроорганизмдерінің біразының тіршілігін жаіқсартып, жандандырады. Әсіресе азото-бактерлер тіршілігі жақсарады.
Жалпы фосфоробактерин тұқымға жұқтырылғанда өсімдіктің өсіп-дамуы жақсарады, үзын болып өседі, сапасы да артады.
Фосфоробактериннің пайдалы әсері тәжірибеде анықталды. Бүкіл одақтық ауыл шаруашылық микробиология институтының зерттеулері фосфоробактеринді қолдану арқылы едәуір мөлшерде артық өнім алуға болатынын дәлелдеді.
Фосфоробактерин оңтүстіктің қуаңшылық аудандарында да жақсы нәтиже береді. Ал тұқым мерзімінен кеш себіліп, қүрғақ топыраққа түссе фосфоробактериннің пайдалы әсері мүлде төмен-деп кетеді. Сонымен, бұл тыңайтқыштың тиімділігі тұқымның дер кезінде себіліп, агротехникалық шаралардың сайалы жүргізілуіне тікелей байланысты. Фосфоробактериннің әсері әр түрлі топырақта түрліше болады
Бұл цифрлар фосфоробактериннің пайдалы әсер тигізетін жерлері СССР-дің қара топырақты аймағы екенін толық дәлелдейді. Ал Батыс Сібірдің қышқыл топырақтары фосфор бактерияларының тіршілігіне аса қолайсыз.
Е. Н. Мишустин мен А. Н. Наумованың тәжірибесіне карағанда дәнді дақылдарға фосфоробактерин қолданғанда қосымша өнім 5—9% болса, помидорда және капустада ол 13—15%-ке жеткен. Авторлардың айтуынша фосфоробактерин өңделген құнарлы топырақтарда өте жақсы нәтиже береді. Сол сияқты фосфоро-бактерин тың және тыңайған жерлерді өңдегенде қосылса, өнімді едәуір арттырады. Қазақстанда жүргізілген тәжірибелер де бұл препараттың тиімділігін дәлелдеді
Қарабалық, Көкшетау және Қостанай тәжірибе станцияларының зерттеулері, бұл жерлерде фосфоробактеринді қолдану пайдалы екендігін дәлелдеді. Мәселен, 1951—53 жылдар арасында Қостанай облысында 129 тәжірибе жүргізілді. Олардың 86 тәжірибесінде фосфоробактеринді қолданудан дәнді дақылдардың гектарынан 1,7 ц-леп қосымша өнім алынды.
Фосфоробактерин басқа бактериялы тыңайткыштар сияқты ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар өнімнің сапасын да жақсартады. Мәселен, М. А. Вишневскийдің тәжірибесінде фосфоробактеринді қолдану картоп түйнегіндегі крахмал мөлшерін 0,5%-ке арттырып, әр гектардан 2,9 ц крахмал алуды қамтамасыз еткен. Ал қант қызылшасындағы қант мөлшері шамамен 0,1—1,4%-ке артқан. Жүргізілген тәжірибелерді қорыта келгенде фосфоробактеринді негізінен күздік және жаздық бидайларға, жүгеріге, техникалық дақылдарға қолдануға болатындығы анықталды. Фосфоробактерин Қазақстанның солтүстік облыстарында жақсы нәтиже береді.
Фосфоробактеринңің тағы бір ерекшелігі — ол төгілген жерде нитрификациялаушы бактериялардың тіршілігі күшейеді. Соның нәтижесінде топырақта азот қоеылыстары жинала бастайды. Сөйтіп, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туады.
Достарыңызбен бөлісу: |