Сабаққа әдістемелік нұсқау 7М05123 «Биотехнология»



бет34/40
Дата11.09.2023
өлшемі0.76 Mb.
#477168
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40
Практ

Бақылау сұрақтары:


1.Тыңайтқыштарға сипаттама
2.Шығу тегіне қарай тыңайтқыштарың бөлінуі
3. Бактериялық тыңайтқыштарың қолданылуы
4. Фосфобактериннің шығу тарихы
5. Фосфобактериннің өндірілуі


Практикалық сабақ №13


Іш- сүзек вакцинасын алу. Vi- антиген препаратын алу


Жоспар:
1. Ішек инфекциялары.
2. Эпидемиологиялық процестің ағымы мен көріністері.
3. Іш сүзегі.
4. Қоздырғыштың эпидемиологиялық сипаттамасы.
5. Антигендік құрылым.Кауфман-Ақ классификациясы..
6.Vi-антиген.


Ішек инфекциялары тобына көптеген антропоноздыжәне табиғи-антропургиялық инфекциялық аурулар кіреді, олардың қоздырғышы бактериялар мен вирустар болып табылады.
Антропонозды ішек инфекциялары: іш сүзегі, дизентерия, тағам токсикоинфекциялары, тырысқақ, ботулизм, полиомелит, вирусты А, Е гепатиттері
Табиғи-антропургиялық ішек инфекциялары:сальмопеллез, парасүзек В, кампилобактериоз, ішек ирсионозы, бруцеллез, лентоспироз, листериоз.
Вирусты ішек инфекциялары: полиомиелит, вирусты А, Е гепатиттер ротавирусты инфекция.
Бактериалды инфекциялар: іш сүзегі, дизентерия, ботулизм, тырысқақ, бруцеллез, иерсиниоздар, пастареллез, лептоспироз, листериоз.
Ішек инфекцияларының қоздырғыштары нәжіс-ауыз механизмімен беріледі, таралу жолдары әр түрлі. Таратушы факторларына нәжіспен ластанған тағам өнімдері, су, тұрмыста қолданатын заттар және сыртқы обьектілері жатады. Ішек инфекцияларының өршулері жаз-күз айларында көбейеді, бұл мезгілде негізгі тағам мен су арқылы берілу жолдарының белсенділігі артады. Вирусты А мен Е гепатиттерінің күз айларында өршуі ұсақ малдардың төлдеуімен, жүн қырқумен байланысты.
Эпидемиялық процестің ағымы мен көріністері әлеуметтік және табиғи факторларға тәуелді, яғни санитарлық-гигиеаналық жағдайға, халықтың санитарлық-гигиеналық жағдайға халықтың санитарлық сауаттылығына, өндірістік және тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты. Ішек инфекцияларының қоздырғыштары өте төзімді болғандықтан организмнен тыс қоршаған ортада ұзақ сақталу қабілеті дамиды, кейде көбеюі де мүмкін. Ішек инфекцияларының өршуі алдында әр топта әр түрлі алғы белгілер байқалады, бұл судың санитарлық-бактериологоиялық көрсеткіштерінің нашарлауы, талаптарға сай келмейтін сүт тағамдарының көбеюі, су құбыры немесе канализация жүйесінде бұзылыстардың болуы, ауруханаларда шартты-потогенді микробтардың көбеюі, бактерия тасымалдаушылардың көп анықталуы.Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің басты мақсаты қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды дер кезінде бағалау болжам жасау және тиімді алдын алу шараларын ұйымдастыру. Антропонозды ішек инфекцияларында негізінен санитарлық-гигеналық шараларды, зоонозды инфекцияларында санитарлық-ветеринарлық шараларды дер кезінде ұйымдастыру тиімді нәтиже береді.
Іш сүзегі
Іш сүзегі- нәжіс – ауыз механизмімен жұғатын, су, тағам және тұрмыстық заттар арқылы таралатын, аш ішектің лимфа жүйесін зақымдап, шырышты қабықшасында жара пайда болатын, жалпы улану қайталанатын, ұзақ уақыт бактерия тасымалдаушылықты қалыптастыратын сальмонелла бактериясының (Salmonella typhi) әсерінен болатын антропонозды бактериалды инфекциялық ауру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет