Қоздырғыштың эпидемиологиялық сипаттамасы. Іш сүзегінің қоздырғышы Salmonella typhi – сальмонеллалар туыстығына жататын, морфологиясы ұқсас, екі шеті дөңгелектеген, спора түзбейтін қысқа талшықты грамтеріс таяқшалар. 3 антигендері бар: соматикалық О-антиген, верулентті Vi және талшықты Н-антиген.
Іш сүзегі таяқшалары қоршаған ортада төзімді: топырақта, суда 1-5 айға дейін, нәжістерде-25 күнге дейін, төсек жабдықтарында-14 күнге дейін сақталады. Тамақ өнімдерінде бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін сақталады, әсіресе сүтте, туралған етте, сааттарда, тағамдарда температура 18 ° С жоғары болса көбеюі де мүмкін. Дезинфекциялық заттар (хлорамин) әсерінен бірнеше мин. Кейін өледі, бірақ нәжіс-хлорамин (1:1) ортасында тек 1 сағатқа дейін өлдеді. Өзендегі мұзда іш сүзегі қоздырғышы қыстап шығуы мүмкін. Жоғары температура әсерінен мәселен, 60°С градуста-30 мин., 90°-100°С градуста бірден тез өледі. Күн сәулесі, ультра күлгін сәулелері әсерінен бірнеше сағатта өледі. Іш сүзегі ауруының клиникалық ағымын Гиппократ зерттеген және «typhos» - деп атаған, «түтін», «тұман», «қызба» мағынасын білдірген Salmonella typhi қоздырғышын 1880 жылы К.Эберташқан, Ф.Видаль агтлютинация реакциясын енгізген.
Патогенезі және клиникасы. Іш сүзегі қоздырғыштары организмге су, тамақ өнімдерімен түседі. Лимфа түйіндерінде жиналған қоздырғыштар қанға өтеді- бактериемия кезеңі – аурудың клиникалық белгілерінің пайда болуымен сипатталады. Аурудың екінші аптасында бөртпелер пайда болады. Эпидемиологиялық тұрғыдан екінші ошақтардың өт жүйесінде және зәр шығару жүйесінде орналасуы өте қауіпті, өйткені бактериялар нәжіспен, зәрмен үнемі шығарылып тұрады. Инкубациялық кезең 7-23 күн (орташа 14 күн).
Антигендік құрылым. Кауфман-Ақ классификациясы
O-антиген – сыртқы мембрананың термостабильді LPS; оның ерекшелігіне сәйкес серологиялық топтар ажыратылады.
H-антиген – екі фазада болуы мүмкін жылу-лабильді флагеллин ақуызы; сероварлар өзінің ерекшелігімен ерекшеленеді
Достарыңызбен бөлісу: |