Сабақта бірлескен оқу ортасын құру


Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі



бет3/9
Дата08.12.2023
өлшемі316.29 Kb.
#485963
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
12 апта (дәріс)

Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы өзара байланысты екі кезеңнен түрады: сабақ жүйесін тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарды әрбір сабаққа нақтылап ойластыру, басқа да жеке сабақтардың жоспарын құру. Тақырыптық жоспарлау. Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының "белгілі бір бөлімінде, оқу-тәрбие үдерісінің сабақ жүйесінде білім жетілдіруді анықтаудың ең қолайлы тәсілі. Бұл жүйеге дидактикалық негізгі мақсатқа байланысты, әр түрлі сабақтар, сонымен қатар оқушылармен сабақта және сабақтан тыс жұмыс жасауды ұйымдастыру кіре алады. Тақырыптық жоспарлаудың сәтті болуы мұғалімнің оқушыға берілетін білім қаншалықты дәрежеде, олар не меңгеріп, үйренуі керектігін нақты анықтауына байланысты. Сол себепті де тақырыптық жоспарлау мұғалімнің белгілі бір тақырыпты қамтып, мұқият дайындалуынан басталады. «Оқушылардың тәрбиесі, дамуының нәтижесі сабақта бірден байқалмаса, бұл мәселелерді ұзағырақ уақытқа жоспарлау қажет. Тек осындай алдын ала жұмыстың нәтижесінде тақырыптың жоспардағы "пайда болған" сабағын көруге болады.Тақырыптық жоспарлау жүйесін барынша сәтті, ғылыми тұрғыда ұсынған педагог М.И. Махмутов болды.
Мұғалім ұстанымы. Психологтер «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке тұлғалық бейімділігімен байланыстырады, ал әлеуметтанушылар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы ретінде қарастырады. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етеді, ал көзқарасы оның белгілі бір шешімдер қабылдауына, соның нәтижесіндегі сыныптағы іс-әрекеттеріне негіз болады (2-сурет). Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан құралады. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше «оқыту сызбалары» құралады. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ойтоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар 9 мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің сыныптағы ісәрекеттеріне әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі, пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.

Іс-әрекет


Шешім



Көзқарас



Ұстаным

2-сурет. Мұғалімнің ұстанымы - оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің негізі

Алайда тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Осыған байланысты, егер дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек.
Табысты оқыту мен табысты мұғалім
Оқытудың сындарлы теориясына негізделген «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы мұғалімнің алдына ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Себебі оқытудағы сындарлы тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады (1-кесте).
Табысты оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байланыст. Табысты мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отырады. Расында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.
Табысты оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Табысты оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.

1-кесте. Шульман ілімі



Мұғалімнің үш көмекшісі (Shulman, 2007)

Табысты мұғалімге тән белгілер

Бас

Кәсіби түсінік




Оқыту мен оқу, сондай-ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені түсіну, дамыту/ жетілдіру үшін дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді.

Қол

Оқытудың тәжірибелік дағдылары




Бұл оқытуды іске асыру, түзету және бағалау барысында түйінді кәсіби идеяларды түсіндіре білудің техникалық және тәжірибелік дағдыларын, әртүрлі әдістер мен тәсілдерді білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтарды, сондай-ақ оның жекелеген кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет. Жоғарыда аталған білімдер мен дағдылар болған жағдайда, мұғалім сабақ үстінде оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, тиісті және одан да жоғары деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындай қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етері анық.

Жүрек

Кәсіби-адамгершілік тұтастық




Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар. Мұғалімдер – өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды қызмет екенін түсініп, осыған қатысты нақты ұстанымдары қалыптасқан жандар, олардың бұл ұстанымдарын осы мамандықтың басқа иелері де бөліседі.

3. Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін ескере отырып, сабақтарды жоспарлау, жобалау (жоспарлау) - тақырыптық және сабақты жоспарлау, орта және қысқа мерзімді сабақ жоспары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет