17. «Авторға хат» әдісі- авторға хат, өз ойларын жазу.
18. «Болжау» әдісі- Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу.
сұрақ қою арқылы жүреді. Мысалы: Қалай ойлайсыңдар әңгіме не туралы болуы мүмкін? Олай ойлауыңа не себеп болды? Нені негізге алып отырсың?
19. «Екі жақты күнделік» әдісі- Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына – мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп салдары қандай, қандай сұрақ тағы басқа).
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:
- сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
- автор оқырманды қалай қы-зықтырады?
- кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? тағы басқа түрінде.
20. « Шығарма кестесі» әдісі-
Шығарманың аты
Авторы
Оқиға кезеңі
Оқыға орны
Басты кейіпкер
Негізгі идеясы
Мәтіндегі түйін сөз
Мәтінге сай келетін мақал-мәтел
21. «Галереяға саяхат» әдісі- әр топтың жұмысына әр қатысушы өз пікірін білдіруі мүмкін, тіпті өз тобының жұмысына да сыртқы көзқарасы арқылы баға береді. (Әр жұмысқа стикер жапсыру арқылы).
22. «Өзің үшін жазу» әдісі- ой толғау жазу.
23. «Сыр сандық» әдісі-
* бүгінгі сабақтан есте қалған 10 заттың атын жаз.
* осы аталған заттардың ішінен саған ұнаған үшеуін белгілеп, солар туралы толығырақ мәлімет жаз.
24. «Дөңгелек үстел» әдісі – топпен жұмыс. Берілген ойды жалғастыру.
25. «Сахналау» әдісі – мәтінді әр түрлі бағытта сахналау / өз қалпында, күлкілі қалыпта, қорқынышты қалыпта, жылатып т.б./
Достарыңызбен бөлісу: |