Сабақта қолданылатын Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдері


«Концептуалды таблица» әдісі -



бет7/32
Дата18.01.2023
өлшемі195.2 Kb.
#468503
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Саба та олданылатын Жа а технологияларды діс-т сілдері

31 . «Концептуалды таблица» әдісі - Концептуалдық дөңгелек әдісі кластерге ұқсас, бірақ мұнда бір шоқтан таралуы керек. Бұл тәсіл оқушылардың назарын оқылатын тақырыпқа аударуға, сабақ жоспарын жасауға мүмкіндік береді.
32. «Миға шабуыл» әдісі – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс.
33. «Тірек сөздер стратегиясы» – Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің құрамын құруға мән беруге мұғалім назар аударады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиалы дамиды. Бұл әдіс мазмұндама және шығарма жазуға жақсы дайындық.
34. «БББ» немесе «Маркировка кестесі» әдісі– «БББ» - білемін, білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі қойылатын талап – оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушыны бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді. Мүмкін болса кесте сабақ үстінде толтырылады. Ал, үлгермеген жағдайда әр бөлікке бір, екі ой жазылу керек. Толықтыруға үйге беруге болады.
35. «Ассоцациямен жұмыс» әдісі- Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға бағытталған оқыту – ол өз бетінше шығармашылық тұрғыдан олай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқыту. Бұл тіл үйренушінің шығармашылық қабілетін дамытып, алған білімін шынайы өмірде қолдана алуға мүмкіндік туғызады. 
36. «Mind Map» тәсілі- аталған тәсілді шетелдік ғалым Т.Бузан ұсынады 
Тәсілді басқаша ойды, әңгімені жазып алу техникасы деп атауға болады. Жазу өте жылдам өтеді және оның өзінше құндылықтары бар. Алдымен сөз, ой, мәселе туындайды. Одан кейін қағазда көрсетілуге тиісті ойлар туындайды және олар шектелмейді. Жұмысты жеке және топта жасауға болады. Көп ойды бір уақытта мида сақтау психофизиологиялық тұрғыдан мүмкін емес. Сол себептен ойды көрініс ретінде көрсету келесі ерекшеліктерімен айқындалады:
-негізгі ой анық көрініске ие бола алады;
-көптеген ұғым, элементтер жеңіл танылып, олардың өзара байланыстары көрінеді;
-ассоциациятивтік ойлау дамытылып, қайталау тез және тиімді түрде өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет