5
жеткізіңіз.
- Мақсаттарды оқушылармен бірлесіп әзірлеңіз.
21. «Айна»
Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада
отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен,
аяқтарымен, денесімен, бет-
әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші
оқушы оларды айна секілді
қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар
рөлдерімен алмасады.
22. «Айналмалы бекеттер»
Әр шағын топты бекетте орналастырып,
арандататын сұрақты
талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут беріңіз. Уақыт
аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын жалғастырады.
Ауысу әр 10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып
шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап
шыққанға дейін жалғаса
береді.
23. «Айырмашылығынеде?»
Оқушыларға екі түрлі мәтін немесе екі түрлі сурет көрсетіңіз. Екеуінің
арасындағы айырмашылықты анықтауды сұраңыз. Жауаптарын дәлелдеп
отырулары керек.
24. «Аквариум» әдісі
«Аквариум әдісі» - балаларға мәселені «қоғам алдында»
талқылауға
ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогті
жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер
бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен рөлін атқарады.
Сондықтан да мұны «аквариум» деп атайды.
Барлық сынып алда өз пікірін білдіргені болмаса, ыстық орындық
сияқты. Олар алтын
балыққа арналған аквариумда, басқалары оларға сұрақ
қойып түсініктемелер сұрай алады және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: