айтыстардан қазіргі заманғы психологияның үйренері бар. Субъективті семантика (
Е.Ю.Артемьева, А.Г.Шмелев жəне т.б.) саласындағы жаңа зерттеулер көрсеткендей сана
мазмұнының психологиялық анализі адамның субъективті ішкі əлемін түсіну үшін жаңа
жəне үлкен мүмкіндіктерін ашады. Сондықтан оның міндеті сана мазмұнын
психологиялық зерттеу саласынан шеттету емес, керісінше
оны шынайы мазмұнды ету
болып табылады.
ХХ ғасырдың басында психологияда қалыптасқан теориялық концепциясын
қарастыру Н.Н.Ланге берген бағасының əділдігін растайды. Ол бірқатар бағыттарға
бөлінген психология жағдайын Трояның бұзылыстарында отырған Приаммен
салыстырады. Психология ашық дағдарыс кезеңіне өтті.
Дүниежүзілік ғылымның маңызды бөлігі болып табылатын орыс психологиясының
бұл кезеңде пəні мен негізгі проблемасы бекітілмеді. ХХ
ғасырдың басында европалық
жəне американдық психологияда қалыптасқан бағыттардың орыс ғылымында аналогтары
бар. Орыс психологиялық ойдың дүниежүзілік ғылыммен үйлесімділігі орыс
ғалымдарының шетелдік коллегаларымен тығыз байланысының бейнесі болды. Бұл
байланыстар əртүрлі каналдар арқылы жүзеге асырылды: шетелдік зертханаларда (ең
алдымен Вундттан) тəжиірибе алу, шетелдік авторлардың еңбектерін орыс тіліне аудару,
халықаралық конгресстер мен конференцияларға қатысу, жеке байланыс жəне т.б.
Ресми психология университеттерде шоғырланған. Оның дүниетанымдық
бағытталуында Мəскеу психологиялық қоғамы мен оның органы – «Вопросы философи и
психологи» жұрналының əрекетінде идеалистік философияның əртүрлі формалары басым
болды.
Отандық психологияның эмпирикалық бағытын Локк эмпиризмі мен ағылшын
ассоцианизміне жақындығы, эмпирикалық зерттеу əдістеріне
назуар аударуы, соның
ішінде экспериментке деген жағымды қатынасы өзгешелейді. Петербург университетінде
оның өкілі психология бойынша екі үлкен еңбектің авторы («Современные направления в
науке о душе» (1866) жəне «Психология» (1881))
Михайл Иванович Владиславлев
болды. Ол материализм мен зерттеудің физиологиялық əдістеріне қарсы шықты. Ол
оларды психология үшін өнімсіз деп есептеді. Отандық ғылымда ол антикалықтан бастап
психологиялық білімнің дамуына үлкен тарихи шолу жасады. Əйгілі психологтар
Н.Н.Ланге, Н.Я.Грот оның қатысушылары болды. Философия мен психологияның
тарихшысы Э.Л.Радлов, ұстазының өлімінен кейін Петербург университетінде философия
кафедрасын
басқарған
философ,
психолог
жəне
логик
А.И.Веденский
М.И.Владиславлевтің мектебінен шыққандар.
Достарыңызбен бөлісу: