Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет31/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

Ганс Юрген Айзенк 1916 жылы Германияда, Берлин қаласында дүниеге келді.
Оның əкесі əйгілі актер жəне əнші, ал анасы үндемейтін кино жұлдызы болды. Олар
баласының болашағын шоу-бизнеспен байланыстырды, ол сегіз жасында фильмде
ойнады. Ол екі жаста болғанда ата-анасы айрылысып, оны анасы жағынан əжесі
тəрбиеледі. Айзенк орта мектепті бітіргеннен соң шетелде білім алғысы келді, себебі ол
ұлттық қудалаушылықтан қорықты. Жылдар өткеннен соң: «Менің бақытсыз елімде мен
үшін болашақ жоқ екенін білдім» деп жазды. Францияда бір жыл болған соң, Англияда
тұрақтап қалды, ол Лондон университетінде психологияны оқыды. 1940 жылы оған
ғылым докторы атағы берілді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Айзенк психиатриялық
ауруханада психолог болып жұмыс жасады, оған емделуге келушілер стресстен зардап
шегуші əскерлер болды. 1946 жылы Лондон университетінде психологиядан лекциялар
оқыды жəне сонымен бірге Лондондағы Модсли ауруханасы жанындағы психиатрия
Институтының директоры жұмысын бірге алып жүрді. Ол сонымен қатар АҚШ-тың
əртүрлі университеттерінде кеңес беруші профессор қызметінде жұмыс жасады. 1983
жылы Лондон университетінің психология факультетінің жұмысын тастап, демалысқа
шықты. Қазіргі кезде өмірбаянын жазумен айналысып жатыр жəне бос уақытын теннис
ойнаумен өткізеді.
Айзенк – ең жемісті жұмыс жазған автор: ол 45 кітап пен 600 ғылыми мақалалар
шығарды. Оның негізгі теориялық еңбектері: «Тұлғаны зерттеу»(1947), «Тұлғаны ғылыми
зерттеу»(1952), «Адам тұлғасының құрылымы»(1970), т.б. Психология ғылымында Айзенк
тұлғасы қарама-қайшылықты тұлға болып табылады. Бұл оның екі ең үлкен ғылыми
пікірталас туғызып отырған – интеллекттің тұқымқуалайтындығы мен психотерапияның
тиімділігі жөніндегі мəселелерге араласуынан еді. Ол біріншіден, интеллект көбіне
тұқымқуалаушылық арқылы анықталады десе, екіншіден, сөздік терапияның дəстүрлі
түрлерінің (психоанализ) психикалық бұзылыстарды емдеудегі тиімсіздігін айқындады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет