Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты


Александр Иванович Веденский (1856-1925)



Pdf көрінісі
бет24/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

Александр Иванович Веденский (1856-1925) өзінің «Психология без всякой
метафизики» (1914) атты басты еңбегінде психологияда қандай да бір философиялық-
метафизикалық сұрақтарды талқылаудан бастартатынын жариялады: психология этика,
эстетика, педагогика, логика жəне т.б. қарағанда рухани құбылыстарды ішкі табиғаттың
фактісі ретінде бағалаусыз түрде зерттейді. Əрбір рухани құбылыстардың құрамын, оның
қарапайым құбылыстардан қалай құрылатынын, элементтердің өзгеруіне байланысты
қалай өзгеретінін, əртүрлі рухани құбылыстардың бір-біріне қалай əсер ететінін зерттеу
оның міндеті болып табылады. Осылайша, психологияның өзінің спецификасын сақтау
мақсатында оның қоршаған ортамен байланысындағы психикалықты зерттеуден бас тарту
жарияланды. Бұл идеялистік тұрғы «жанның объективті белгілерінің жоқтығының
заңында» жарқын көрініс тапты: психикалықтың ешқандай сыртқы материалдық белгілері
жоқ. Себебі олар психикалық қолдаусызда жүре алады. Осыдан келіп психологиядағы
жалғыз зерттеу əдісі ретінде интроспекция туралы қорытынды шығады. Жан бітудің шегі
туралы сұрақ шешілмеді. Эмпирикалық танымнан тыс бөгде жан бітудің бар екендігі
туралы сұрақ жарияланды. Бұл «дəлелденбейтін пікірді елемеуге болмайды. Себебі
жансыз нəрседе мүмкін емес адамгершілік сезімі бар. Жарияланған метафизикадан қашу
принципіне қарамастан Веденский оның көмегімен салипсизм көлеңкесінен шығады.
Веденский заңы дискуссия мен сыни көзқарастарды тудырды. Н.Я.Грот бұл заңды күмəнді
деп атап, « басқа ағзаларда жанның барын теориялық жəне объективті түрде дəлелдеуге
болатынын» көрсетті.
Мəскеу университетіндегі ағылшын эмпиризмінің жақтасы Матвей Михайлович
Троицкий (1835-1899) болды. Екі томдық «Немецкая психология в текущем столетий»
(1867) атты еңбегінде ол эмпириядан бөлектенгені үшін неміс идеялистік психологиясын
қатты сынайды жəне Ресейде эмпиризмнің ағылшын бағытын уағыздайды. Бұл бағытта
оның «Науке о душе» (1882) атты келесі еңбегі орындалған. Троицкий Мəскеулік
психологиялық қоғамның (1885) негізін қалаушы болды. Оның мекемесіне ол
университеттің барлық факультеттерінің профессорларын еліктірді. Соның ішінде
математиктерді (Н.В.Бугаев), психиатрларды (А.Я.Кожевников, С.С.Корсаков) жəне т.б.
Қоғамның мақсаты ретінде ол «Ресейде тарату үшін психологияның оның құрамында,
қосымшалары мен тарихында кеңінен жəне өнімді жасалуы мақсатында психологиялық
сипатындағы тарамдалған еңбектерінің бірігуін» жариялады. Қоғам жиындарында тек
психологиялық ғана емес, философиялық та сұрақтар талқыланды ( бостандығы, жан мен
материя, уақыт жəне т.б. туралы). Ол танымал бола бастады, оның жеке жиналыстары
қоғамдық оқиға сипатына ие болды (Мысалы, Л.Н.Толстойдың «О смысле жизни атты»
атты баяндамасы). Қоғам құру Ресейдегі психолгия беделінің өсуінің белгісі болды.


Торицкийдің шəкірті Н.Я.Грот (1852-1899) 1880-1890 жж. Орыс психологиясының
ең ірі ұйымдастырушысы болды. Ол «Вопросы философи и психологи» журналының
негізін салып, 1899 жылға дейін оның редакторы болды. Журнал ХІХ ғасырдың аяғы мен
ХХ ғасырдағы отандық, əсіресе идеялистік психологияның жағдайын жақсы бейнеледі.
Оның негізгі еңбегі «Психология чувствований в ее истории и главных основах» (1880) -
сезім проблемасының капиталды зерттелуі. Мұнда оның жалпы психологиялық
позициясы да баяндалған. Г.Спенсердің эволюциялық көзқарасына сəйкес Грот
психологиялық өмірді ағзаның қоршаған ортамен қарым-қатынасының бір көрінісі ретінде
қарастырады. Оның психикалық айналым теориясын да елеусіз қалдыруға болмайды.
Əрбір психикалық актіде ол төрт фазаны бөліп көрсетеді, бірге олар ағзаның қоршаған
ортамен өзара əрекеттесуінің реттеушісі болып табылатын айналымды құрайды. Айналым
құрамына кіреді: ағзаға деген сырқы көзқарас, олардың ішкіге өңделуі, осы ішкі
көқарастан туындаған қозғалыс, кейін затқа бағытталған ағзаның сыртқы қозғалысы.
Гроттың өзі өзінің тұрғысының жаңалығын атап көрсетті: негізгі психологиялық
түсініктердің қатарына «іс-əрекет» түсінігін енгізді. Гроттың бұл идеясы Сеченовтың
материалистік психологиясына ұсқас болып келеді. Өзінің алдағы іс-əрекеттерінде Грот
өзінің зерттеулерінің бұл бағытынан ауытқып, метафизикалық проблемаларды терең
зерттейді. Солардың контекстісінде адамның жанының табиғаты туралы сұрақты
адамгершіліктің жоғары бастауларының ғылыми негіздемелерінің міндеттерімен
қатынаста зерттейді. «Основания экспериментальной психологии» (1895) атты
мақаласында рухани құбылыстарды зерттеудің жаңа бағыты ретінде экспериментті
жақтады. Бұл кезде ол сол замандағы психологияда болған психофизиологиялық
экспериментке қарағанда таза психологиялық эксперименттің қажеттілігін атап көрсетті.
Н.Я.Гроттың ізбасары Лев Михайлович Лопатин (1855-1920) университетте
оқылатын психология курсында психикалық жəне физикалық құбылыстардың
айырмашылығына «шекара» жүргізді жəне «рухани өмірдің имманентті материалдық емес
субстанциясы туралы міндетті шешім ретінде қорытындыға келді. Жеке психикалық
процестерге қатысты (таным процестері – ес, ассоциация заңы, түйсік, сонымен қатар
санасыздық) барлық материалдар «ішкі тəжірибе» мəліметтері бойынша қарастырылды.
Материализмді сынауда Лопатин Веденский сияқты оның өрескел нұсқасын меңзейді.
Отандық психологияда маңызды орынды Георгий Иванович Челпанов (1852-
1936) алады. Оның дамытқан психологиялық көзқарастары Вундттың көзқарасына жақын.
Оның орыс психологиясындағы орны Вундттың дүниежүзілік ғылымдағы роліне сəйкес
келеді. Челпанов Ресейдегі Мəскеу университетіне қарасты тұңғыш Л.Г.Щукин атындағы
Психологиялық институтының негізін салушы болды (ресми ашылуы 1914 ж., ал нақты
жұмысы 1912 ж. басталды). Институт ғылыми зерттеудің базасы жəне кəсіби психологтар
дайындаудың орталығы болды. Алғашқы ғылыми жұмысында (1988 ж. Мəскеу
психологиялық қоғамдағы «Психометриялық зерттеулердің жалпы нəтижелері»
тақырыбындағы баяндама) психологиялық құбылыстарды зерттеуде эксперименталдық
əдістердің өнімділігін атап көрсеткен жəне бұнда интроспективті əдістерді қолдануды
қарастыратынын байқаған. Ауқымды екі томдық зерттеуде «Кеңістікті қабылдау
проблемасы» (Іб: 1896, ІІб: 1904) осы проблема бойынша үлкен материалды талдап,
кеңістікті қабылдауды түсіндірудегі нотивизм мен эмпиризм гипотезаларын қарастырады.
«Мозг и душа» (1900) атты кітабында физикалық жəне психикалық құбылыстар
арасындағы байланыстың көптеген фактілерін мұқият талдап, эмпирикалық формадағы
психофизикалық параллелизм гипотезасының ең ыңғайлы екендігін анықтады: «санада
нақты қалып болған кезде физикалық сферада оған бірқатар нақты физикалық құбылыстар
сəйкес келеді». Параллелизм принципінен психологияны интроспективті əдістерді
қолданатын ғылым ретінде дербестігін мойындау шығады.
Мəскеу университетінде профессор қызметіне орналасқан кездегі (1907)
«Психологияның философияға қатынасы туралы» кіріспе дəрісте психологияның ғылым
ретінде құрылуының философиялық алғышарттарға тəуелділігін көрсетті. Бірқатар
жұмыстарын 
психологиядағы 
əдістер 
проблемасына 
арнады 
(«Введение 
в
экспериментальную психологию» оқулығы, 1915 ж.; «Психологиядағы аналитикалық
əдістер туралы» екі мақаласы, 1917-1918 жж. Жəне т.б.). Өмірі мен əрекетінің кеңестік
кезеңінде Г.И.Челпановтың тағдыры қайғылы болды. 20-жылдардың басынан бастап
ғылымда марксизмді ендіру бойынша компания кеңінен тарала бастады. Челпановтың
психологиясы идеялистік ретінде бағаланып, марксизмге сəйкес келмейді деп танылды.
Осыған байланысты 1925 ж. Челпанов Психологиялық университеттің директоры
қызметінен түсіріліп, университеттен шығарылды. 1930 ж. дейін Шығармашылық
ғылымның Мемлекеттік академиясында шынайы мүшесі ретінде жұмыс істеді. Ол
құлағаннан кейін басқа мекемелерде жұмыс істемеді.
Челпановтың ерекше таланты мен еңбегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын
ұйымдастырудан көрінді. Ол басқарған Психологиялық институттан отандық
психологияның көптеген əйгілі өкілдері шықты - Н.А.Рыбников, А.А.Өмірбеков,
Н.Ф.Добрынин жəне т.б.
Челпановтың шəкірті Густов Густавович Шпетте (1879-1937) отандық
психологияда маңызды роль атқарды. Оның ғылыми жəне педагогикалық əрекеті əртүрлі
салаларға тиесілі: психологиядан басқа, ол философия саласында – оның өзінің


мойындауы бойынша негізгісі, сонымен қатар логика, өнер, əдебиет, тіл саласында да
əрекет етті. Шпет Шығармашылық ғылымдар академиясының вице-президенті болды.
Челпановпен бірге ол Психологиялық институ жобасын жасауға қатысты.
Философиядан бөлініп, физиологияға кеткен психологияның абстрактілі
құрылысын сынай отырып, психологияның философиямен тығыз байланысын қайта
қалпына келтіру туралы талап қояды. Ол бұл байланыстың «иллюзорлық еместігін,
субъективтік пікірлердің нəтижесі еместігін, керісінше маңызды нəрсе екендігін атап
көрсетті».
Ол біздің отанымызда философия əрдайым өмірмен байланысты болғанын атап
өткен. Н.Д.Юркевичтің «Жүрек жəне оның адамның рухани өміріндегі маңыздылығы
туралы оқуы», С.Л.Трубецкойдың адам санасының табиғаты туралы жəне Л.М.Лопатиннің
спекулятивтік метафизикасы – психологияның жолы мен оның қайда апарытынының
жарқын иллюстрациясы. Ол В.Дильтейдің сипаттау психолоиясы бағдарламасының
жаңашылдығын көрді. Бұл бағдарлама абстрактілі қатынастар мен заңдарды бекіту əдісі
арқылы ғылымның логикалық құрылымының табиғи-ғылыми үлгісінің мүмкіндіктері
туралы ескі аңызды жоққа шығарып, психология үшін басқа жолды белгіледі. «
Внутренняя форма слова» атты кітабында Шпет сана мен ойлау қатынасындағы тілдің
табиғатын зерттеді. Оның көзқарастары Р.Якобсон, Т.Винокур жəне т.с.с. тілтанушыларға
əсер етті. Шпет этникалық психологияның проблемаларына байланысты қайта жүгінеді.
«Эникалық психологияға кіріспеде» ол ғылымдағы жалпы индивидуалдық психологияның
жалғасы немесе модификациясы ретінде этникалық этникалық психологияны түсіну
талпыныстарын терең сынайды. Солардың ішінде В.Вундт қатаң қарсылыққа тапи болды.
Шпет бойынша, «этникалық психологияның пəні болып . . . тарихи əрекеттердің басқа да
шынайы күштерімен үйлесіп, тек адамның ғана емес, сонымен қатар кез келген топтың іс-
əрекеттері мен уайымдауларын анықтайтын адамның, халықтың, топтың нақты рухани
құрылымы» табылады. Этникалық психология үшін тілдерді зерттеу ерекше маңызды
болып табылады. Себебі, ол алдымен көріністердің барлық басқа формаларын
(аңыз,дəстүр) зерттеу үшін үлгі береді жəне сонымен қоса тілдің өзі де этникалық
психологияның проблемасы болып табылады.
Ф.Брентанның акт психологиясына сəйкес көзқарасты отандық ғылымда Семен
Людвигович Франк (1877-1950)дамытты. Ол 1922 ж. кеңестік Ресейден көрнекті
ғалымдар, жазушылар жəне философтар тобымен құғынға ұшыраған орыс философы,
ХХғ. 10-жылдары философиялық психологияның бағдарламасымен шықты. Франк
психологияны қайта қалпына келтіруге тырысты. Оның негізгі ойы – психологияға
табиғи-ғылыми принциптерді кез келген аударуларға қарсы, өзін «жансыз психология» деп
жариялаған эмпирикалық психологияға қарсы күрес. Осылайша, психологияның пəні
ретінде жан туралы ығыстырылды. Оның ішкі негіздерден бөлініп, сыртқы заттық əлемнің
құбылысы ретінде қарастырылды жəне «рухани құбылыстардың заңдылықтары туралы
оқу алмастырды.
Франк бойынша философиялық психология – бұл рухани өмірдің табиғаты мен бұл
саланың тұрмыстың басқа да салаларына қатынасы туралы жалпы оқу.
Франктің кітабы метафизикалық психологияға қайта оралу ретінде қабылданды. Ол
туралы Ə.А.Радлов былай деп жазады: « . . . орыс психологиялық əдебиет батыстағыдай
шеңберді сипаттады. Ол жан туралы терең ой-толғаулардан басталады. Бұл ой-толғаулар
жанның барын жоққа шығаруға алып келді, кейін жансыз психология мен физиологиялық
психология эксперименталдыға айналып, біртіндеп өзіне қайтадан ақылдық элементтерді
жинай бастады. Бұл бағалауды Л.С.Выготск Ресейдегі психология ғылымының табысты
болуы, даму жолындағы үлкен жетістіктер ғылымға эксперименттің енгізілуімен
байланысты. Жас ғалымдар эксперимент əдісін толықтай меңгеруге тырысты. Осы
мақсатта психология ғылымымен айналысқан ресейдің жас ғалымдары Германияға кетеді.
Эксперимент арнайы лабораторияларды ұйымдастыруды талап етті. Психолог Н.Н.Ланге
Новороссийск университ. лабораторияны ашады. Ал, Москва университ. лабораториялық
жұмыстарды А.А.Токарский, Юрьвте В.В.Чиж, Харьковте Л.И.Ковалевский,
Қазанда Б.М.Бехтерев (психиатриялық клиникада) жүргізген болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет