Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет40/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

№ 15 дəріс
Тақырып Кеңестік үкіметі кезеңіндегі жаңа психологиялық идеялар мен Батыс еліндегі
психологиялық зерттеулер.
Мақсаты: Кеңестік үкіметі кезеңіндегі жаңа психологиялық идеялар мен Батыс еліндегі
психологиялық зерттеулер жөнінде білім беру.
Дəрістің мазмұны
1.П.Галперниннің психологиядағы зерттеулері
2.Ананевтің психологиядағы зерттеулері мен Тепловтың зерттеулері
3.Неофрейдизм бағыты дамуы (К.Хорни, Г.Салливан).
4. Гуманистік психология сипаты (А.Маслоу, Г.Олпорт, К.Роджерс).
60-ыншы жылдары психологиядағы психотерапевтілік əдіс пен бағыт ретіндегі
трансактілі талдау (ТА) танымалдылыққа ие болады. Оның авторы американдық
психотерапевт Эрик Берн (1910-1970). «Психотерапиядағы трансактілі талдау» (1961),
«Ұйымдар мен топтардың құрылымы мен динамикасы» (1963), «Адамдар ойнайтын
ойындар» (1964), «Топтық психотерапия» (1966), «Амандасқаннан кейін сен не
айтасың?» (1972) кітаптарында ТА-ның принциптерін жəне оған негізделген клиникалық
тəжірибені мазмұндады. Бернның айтуынша əрбір адамда эго-жағдайдың үш типі
болады: ата-аналық (Р), ересектік (В), балалық (Д). Əрбір жағдайға белгілі бір сезімдер,
орнатулар мен мінез-құлықтар сай келеді. Бұл құрылымдар өмір процесінде қалыптасып,
жиынтығында мінез-құлық жоспары – скриптарды (сценарилерді) құрайды. Тұлға
аралық қарым-қатынас (трансакция) трансактлі реакция трансактлі стимулға сəйкес
келген жағдайда үйлесімді жүзеге асады.
Қазіргі заманғы шетел психологиясының ықпалды (беделді) бағыттарының бірі –
австриялық психолог Виктор Франклдің (1905 ж. т.) логотерапиясы болып табылады.
В.Франкл «Психотерапияның үшінші Вена мектебінің» (біріншісі – З.Фрейдтің психо
талдауы, екіншісі – А.Адлердің индивидуальды психологиясы) негізін қалаушысы.
Логотерапия психо талдау мен индивидуальды психологиядан адам мінез-құлығындағы
базисті мотивтердің түсіндірілуінде ерекшеленеді. «Логотерапияға сəйкес өмір мəні
(мағынасы) үшін күресу адамды алға жетелейтін негізгі күш болып табылады»
1
.
В.Франкл – ғылымға көптеген жарқын есімдер берген ұрпақтың өкілі. Ол Фрейд пен
Адлерден үйренді, М.Хайдеггермен əңгімелесті, К.Лоренцпен жақсы таныс болды. Оның
жеке тағдыры фашизмнің дырдуымен байланысты аса зор трагедиялық жағдайларға толы
болды, ал оның үлесіне тиген, басына түскен ауыртпалықтарды көтеруі оған деген үлкен
құрмет тудырады. Гитлердің Освенцим, Дахау жəне Терезиенштадте өлім лагерлерінде
өткізген үш жылы оның жанын, рухын сындыра алмады. Осында ғана ол адамның өзін
қалай ұстайтыны жағдайға емес, ең алдымен адамның өзіне байланысты деген ойға бекіді.
Франклше адам үшін мəнді (мағынаны) – өзінің өмір сүру логосын табу маңызды,
немесе мəнді іздеу нағыз адами тұрмыстың белгісі болып табылады. Мəннің болмауы
немесе жоғалуы экзистенциальды вакуумді құрайды: адам өзінің өмір сүру мазмұнын
жоғалтады, ол зерігуді бастан өткереді, қарт (егде) адамдардың кризисіне ұқсас ауыр
уайым-қайғыға душар болады. Франклше экзистенциальдық вакуумнің бастауы қазіргі
əлеуметтік əлем болып табылады, ондағы сын көбінесе Ж.Фромның сынымен үндеседі.
Мəннің (мағынаның) нақты мазмұны болады, ол индивидуальды жəне əрбір адамға
қолдануға келетін өмір сүру мəнін құрайды. «Өмірдің мəні жайлы сұрақтың қойылуын
шахмат бойынша əлем чемпионының ұстазына қойған сұрағымен салыстыруға болады:
«Ұстаз, айтыңызшы, əлемдегі ең жақсы жүріс қайсысы?» Ең үздік немесе жақсы жүріс
деген болмайды. Адамның өмір сүруіне де қатысты осылай айту əділ болмақ. Біз өмірдің
абстрактлі мəнін іздемеуіміз керек»
1
. Мəнді табу адамды өзінің өміріне жауапты етеді.
Сонымен қатар мəнді өз ішкі əлемінен – өз тəнінен немесе жанынан табуға болмайды,
тек қана қоршаған əлемге қарап табуға болады. Мəнге біріншіден, іс-əрекетті іске асыру
арқылы қол жеткізіледі: адамның өмірі – бұл кең мағынадағы қандай да бір міндеттерді,
жұмысты, қандай да бір істі мүмкін ерлікті орындау секілді шығармашылық. Екіншіден,
адам басқа адамдарға қамқор болуда, адамдарға сүйіспеншілікте мəн (мағына) табады.
Адам өзін-өзі көбірек ұмытқан сайын, ол адам болып, өзімен өзі бола бастайды.
Үшіншіден, өмірдің түрлі жағдаяттарына қатынаста дəл позицияларды жасау арқылы


мəнге қол жеткізеді. Мысалы, В.Франкл «Освенцим шоғырландыру лагеріне мені алып
кеткен кезде менің жариялауға дайын қолжазбам тəркіленді. Осы қолжазбаны қайта
жазуға деген терең ұмтылыс қана менің лагерь өміріндегі жыртқыштыққа төзуіме
көмектесті. Мысалы, мен тифпен ауырғанда біресе нарда жатып мен кішкентай
парақшаларға қолжазбаны қайта жасауда маңызды көптеген түрлі шағын мақалаларды,
бейне бір еркіндікке дейін тірі жеткендей жаздым. Жоғалған қолжазбаны Баварияның
шоғырланған лагерлерінің қараңғы барактарында қайта жасау менің қауіпті коллапсты
жеңуіме көмектескеніне сенімдімін»
деп еске алады.
Осы түсініктерге сəйкес Франкл психотерапияның басқа формаларынан
өзгешеленетін психотерапия-логотерапияны жасап шығарды. «Логотерапия пациентке өз
өмірінің мəнін іздеуге көмектесуді міндет етіп қояды. Логотерапия адамның өзінің өмір
сүруінің жасырын мəнін игеруге рұқсат еткен мөлшерде ол аналитикалық процесс болып
табылады. Бұл жағдайда логотерапия психо талдауға ұқсас болып келеді. Алайда, өзінің
бірдеңені ерекше түсінікті ету əрекетінде логотерапия сана үшін санасыз құбылыстарды
айқындауды міндет етумен шектелмейді. Логотерапия психо талдаудан адамның негізгі
миссиясы - əуестіктері мен инстинктерін қанағаттандырудан емес, мəннің іске асуы мен
құндылықтардың өзектіленуінен тұратын тірі жан ретінде қарастыратындығымен
өзгешеленеді».
Логотерапия тек қана ауру адамдарға ғана емес, сондай-ақ клиникадан шеткерідегі
дені сау адамдарға профилактикалық құрал ретінде қолданылады. Ол адамға кез келген
жағдайда да өмірдің мəні бар екенін сендіріп, оның өз ресурстарын жігерлендіруіне
көмектесу, оның үміт үзуіне жол бермеу, өмірлік проблемалардың шешімі бола алмайтын
өз-өзіне қол жұмсау, ішімдікке салыну, нашақорлыққа түсу жəне т.б. секілді қауіпті
импульстарға қарсыласуына күш табуына көмектесу үшін, кез келген адамға
бағытталады. Логотерапияда логотерапевтік техниканың, сондай-ақ экзистенциальды
вакуум диагностикасына бағытталған əдістемелерінің өз процедуралары бар.
В.Франклдің 
логотерапиясының 
теориясы 
мен 
практикасын 
құрайтын
проблемалардың мəн-маңыздылығы – оның өмір мəнін ұғу мақсатында адам санасына
көңіл аударуы, адамның қозғаушы күшінің негізі болатын күрес, адам өмірі мəнінің
рухани болмысын ерекшелеу, адам түсінігіндегі гуманизм (ізгілік), əрбір адамға
қайталанбас бірегей тұлға ретінде қарау, шетел психологиясында көп тараған адам
жанына механистикалық жəне биологизаторлық көзқараспен жəне сəйкесінше
психотерапиялық техникамен қарау осы бағыттың шетел психологиясы ғылымындағы
ерекше орынын анықтайды (айқындайды). Осы проблемаларды психологияға енгізу өте
маңызды жəне əзірге сирек. Отандық психологияда тек Л.С. Рубейнштейн ғана өзінің
«Адам жəне əлем» деген еңбегінде адамның өмір сүру тəсілінің спецификасы
мəселелеріне көңіл аударады.
60-ыншы ж.ж. шетел психологиясында адамның психогенетикасы бойынша зерттеулер
кең өріс алды. Генетикалық факторлар ара қатынасы мен адам психикасының
қалыптасуындағы сыртқы ортаның жағдайы туралы сұрақ ең өзекті болып табылды.
Психогенетика, сондай-ақ білімнің басқа да аралас салалары, этология, биология,
мəдениет ғылымдары бойынша зерттеу нəтижелерін жинақтап, генетиканың
жетістіктеріне сүйенеді. Психогенетика батыс ғылымында 70-інші жылдары пайда болған
адам психикасы мен мінез-құлығы филогенетикалық алғышарттарының (Ч. Ламсден, Э.
Уилсон) сұрақтары өңделетін бағытпен, əлеуметтік биологияның тығыз байланысын
табады.
Қабылдау, психомоторика, қабілеттер (генеалогиялық əдіспен, ата-аналар мен балалар
арасына байланыс орнату жолымен), темперамент пен тұлға да зерттелсе де,
психогенетиканың мейлінше жетілдірілген (өңделген) саласы интеллект болып табылады.
Тұқым қуалаушылық факторын зерттеу мақсатымен туысқандардың интеллектуальды
деңгейі бағаланады. Егіздерді жаңа əдістемелік тəсілдермен байытылған тестілеу арқылы:
бір жұмыртқалы жəне екі жұмыртқалы егіздерді жəне б. салыстыру əдісімен зерттеу
барынша кең таралған.
Психикалық дамудың мəселесі-тарихи дамудың барысында санаған онтогенезде жəне
сапалы дамуы-психологияның дербес ғылым болып бөлуінен келе жатқан дəстүрлі
тақырып болып табылады. Психикалық дамудың мəселелерін зерттеуде Жан Пиаже
(1896-1980) мол үлес қосты. Оның баланыңм танымдық əрекетін дамыту туралы ілімі,
яғни қабылдау жəне ойлау туралы жаңалықтары қазіргі шетел психологиясының құнды
жетістігі болып саналады. Бұл ілім генетикалық психологияныңЖенева мектебін құруға
мүмкіндік берді. Онда баланыңинтеллектісінің пай болу жəне ақыл-ой даму мəселесі
жасалынды. Бұл процесті зерттеу мақсатында Пиаже жаңа психиатрлық əдісті, яғни
клиникалық əңгіме əдісті ойлап тапты. Ол балаларда сипаттағы жауап беретін
тапсырмалардың ерекше болып жасалды, ол бұл жауаптарды оқушының ойлауынша
айрықша ерекшеліктерін табатын құбылыс болады. Бұл заң –денелік жəне үлкен мəнге ие
болғандықтан бұл тапсырмаларды « Пиаже тапсырмалары», ал алынған сипаттағы
жауаптарды «Пиаже бойынша жауаптарды», ал онда пайда болаын құбылыстарды «Пиаже
феномені» деп атау керек. Алынған экспериментальды нəтижелер жəне бақылау
фактілері баланың ойлауының, дамуының жалпы суреттемесін берді. Пиаже баланың
танымдық əрекетінін дамуын, олардың органикалық жалпы заңдарын контексінде


қарастырады. Тану өмирдін маңызды көрінісі ретінде болады, ол организмнін ортамен
өзара əрекетін жасап, уйлесуіне, бейімделуіне, ортаға бағытталган. Бейімделу
ассимиляцияның жəне аккомодацияның процестерінің тепе-теңдігінен тұрады.
Ассимиляция - бұл жаңа обьектінің, жаңа проблемді ситуацияның бұрыннан бар əрекет
схемасына енуі болып табылады. Аккомадация – бұл жаңа талаптарға, жаңа міндеттерге
схеманың өзгеруі болып табылады. Осы процестердің бірлігі, олардың арасында тепе-
теңдікті орнатуға мүмкіндік береді. Пиаже обьект өз-өздігінен əсер етпейтінің баса
көрсетеді: субъектіде ақыл-ой құрылымы бар, оларсубъектінің əрекетімен бірге жəне
əрекетті интелектуалдық операциялық жүйеге интериоризацияланған интеллектуалды
дамудың маңызы кезеңі болады. Концепцияның дамуына қарай интелектуалдық даму
түсінігі өзгеріп отырады. 20 ж ж Ж.Пиаже дамуды аутистіктен – эгоцентірлікке – одан
əлеуметтендірілген ойлауға ауысуы деп қарастырады. Бұл кезеңде баланың ойлауының
суреттеу басты кезең болды. Кейін интеллектуалдық дамуды ақыл-ой құрылымдарының
ауысуы деп қарастырды. Пиаже интеллектінің үш іргесі құрылымын бөліп шығарды:
сенсоматорлық координацияның нақты жəне формальды операциялар. Жалпы түрде
интеллектінің даму стадияларының классификациясы 2 кестеде берілді.
1 Интеллект дамуының стадияларының классификациясы
Кезең
кезең
Стадиялар
Жас ерекшеліктер
І 
Сенсоматорлы
интеллект
А. Озiндiк дeне ортасы
1Рефлекстік жаттығу
2.Алғашқы дағдылар
жəне 
алғашқы
айналмалы реакциялар
3.Көру жəне ұстау
координациясы
Екіншілік айнымалы
реакция
0-1ай.
1-4,5 ай
4,5-8-9ай
В.
Практикалық
интеллекті обьектісі
4.диференцияның
құрамы жəне мақсаты.
практикалық
Интеллектінің
бастауы.
5. Жана курамнын
пайда болуы. Уштiк
айналым реациясынын
диференциялдык 
iс-
аректi
6. 
Дедукциялык
проблемалардык
шешiлу жолдары жане
интерпретациянын
Жана кестесi
8-9-11-12 ай
11-12-18 ай
18-24 ай
ІІ 
репзентативті
интеллекті жəне нақты
операциялар
A. 
Операторлык
интеллект
1. Интерприотациялык
арекеттин 
басталу
схемасы. Симфольдык
функциянын 
пайда
болуы.
2интуитивтик ойлау,
2-4жас
4-6жас
6-8 жас
В. Нақты операциялар 3.қарапайым
операциялар 
(
классификациялық,
4. операциялық жүйе
(координаттык жуйе,
проективти тусиник)
8-10 жас
9-12 жас
ІІІ 
репзентативті
интеллекті 
жəне
формальды
операциялар
А. 
Формальдык
операциянын орныгуы
1.гипотикалык 
-
дедуктивтик 
ойлау
жане комбинарторлы
12-14 жас
В. 
Формальды
операциянын
жетистиги
2. трансформациялық
төрт топ жəне «тор»
структурасы.
13-14 жас
Стадиялардың қатары белгілі бір жасқа сəйкес келеді. Ол өзгермейді, бірақ жасы баланың
олар ауру жағдайына ұарай өзгеруі мүмкін. Осыған сəйкесті оқыту жəне ақылөой
дамуының мəселесі шешілді. Оқыту дамудың артында жүреді. Дамудың өзіндік логикасы,
ішкі заңдары бар, жəне ол оқытуды бастап жүреді.Ж.Пиаженің фундаментальды
концепциясын Кеңес психологтары біраз уақыт зерттеді жəне оның «ия» , «қарсы»
жақтарын анықтады. Олар фактілеріне «ия» деп, интерпретацияға «қарсы» болды. Бірақта
Пиаженің шындық қаншама сынға алынса да, ол өзінің іргелі мəнін жойған жоқ.


Л.Ф.Обухаваның пікірінше, Пиаженің ілімдерінің тереңдігі мен тұтастығы психологтарға
балалардың психикалық дамуының заңдарын түсінуге əрдайым көмектеседі.
Адамның санасын, психикасының дамуын француз əлеуметтік мектебінен кейін
фундаментальды түрде француз антрополігі, құрылымдық антропологияның негізін
салушы, социолог жəне философ Клод Леви-Строса (1908 жылы дүниеге келген). Ол
дəстүрлі қоғамдық (үнділік рулар) қоғамдық санасының құрылымын, олардың мифтерін,
жақындық құрылымын жəне т.б зерттеді.К.Леви-Сторос мифтерді қарапайым рухани
мəдениеттің сипаттама өнімі деп өарастырды. Оның пікірінше, мифологиялық ұжымдық
фантазия «ойлау анатомиясын» сəйкес көрсетеді. Ол мифологияны арнайы зерттеп, оған
арнайы іргелі бірқатар еңбектер жазды жəне мифтердің құрылымдық типологиясын
жасады.Мифтердің мəтінің талдап, құрылымдық лингвистика əдісіне сүйенді, ол мынадай
қорытынды жасайды: архаикалық ойлау өзінің интеллектуалбдық операцияларымен
қазіргіден айырмашылығы жоқ, яғни мифтік ойлаудың логикасы қазіргі ойлаудың
логикасымен пара-пар. Мифтің ядросын образық компоненттер құрайды. Миф құдайдың,
батырлардың, адамдардың образдарына, табиғат құбылыстарына толы.ментальдық
құрылымдарды талдаудың негізгі бірлігі ретінде Леви-Строс бинарлық оппазицаны
ұсынды.орталық оппазица ретінде табиғат пен мəдениеттің айырмашылығы болады.
Əртүрлі мифологиялық көрініс береді, оның мазмұндары мыналар: (рациональдық жəне
сезімдік, адамзаттық жəне жануарлық, ер азаматтық жəне əйелдік, пісірілген жəне
пісірілмеген)Алғашқы қауымдық ойлаудың ерекшелігі, оның нақтылығында. Ал əмбебап
ментальдық құрылымды орнату, саналы жасалымдардың нақты тарихи айырмащылығын
жояды. Осы айырмашылықтық сұрақтары К.Леви-Строс пен сананы қолдаудың тарихи
əдісті жақтаушылардың арасындакең талқылауға түсті
Анри Валлон (1879-1862)пікірінше жəнебасқада ойлаудың типтерінің арасында керемет
қойылымы жоқ.ол адамзат білімінің дамуы тұрақты процесс деген қағиданы жақтайды.
Ф.Кликс ( «пробуждающееся мышление»,1983) архаилық ойлауды шындықты рационалды
анықнаудың алғышарты деп есептеді. М.Вертгеймер қарапайы халықтарды зерттеу
прцесінде практиканың ерекшеліктері танымдық əрекетке негіз болады деген қорытынды
жасады.
Бұрыгғыда адамның ойлау тарихи базасын мəдениет аралық зерттеулер анықтауға септігін
тигізді. Бұл 50 жж шетел психологтар жүзеге асырды. Оның пəні – төмен деңгейдегі
əлеуметтік-экономикалық дамудағы Африканың, Аляскаданың, Оңтүстік Америкадағы
рулардың, халықтардың жəне мəдениеттің танымдық əрекетінің ерекшеліктерін зерттеу
болды. Бұл зерттеуде əртүрлі мəдениеттің өміріне американдық-қалалықтар əлеуметтік
жəне мəдени өмірге шешіп жүрген міндеттерді тест түрінде ұсынылды. Осында қоғамдық
өндірістік практика есепке алынбады. Нəтижеге тестілеу жағдайы, есепке деген
қызығушылығы, қорқыныштары т.б əсер етті.
Метадологиялық сипат себебіне қарай мəдениет аралық зерттеуді расистік қорытындыға
əкелді. Нəтижелерін жариялауға болатын еді,бірақ оны саяси акцияларға негіз ретінде
алды.
Мəдениет аралық зерттеулер аясы əртүрлі мəдениет жағдайында жағымдық процестерді
зерттеуде басқа да тұрғылар қолданылды. Адамдардың ойлауын себептендіретін əртүрлі
əлеуметтік мəдени жағдайларды анықтауға, оладың ерекшеліктерін түсінуге бағытталады
(ДжБрунер, Г.Яхода, Д.Кэмпбпелл жəне т.б ). Африкадағы уолоф руындағы мектепте
оқитын оқушыларда ұғымдарды қалыптастырудағы эксперименттің нəтижесі Бостон
мектептерінің оқушыларының нəтижесіне жақын болған. Ал мектепте оқымайтын уолоф
руының балаларының нəтижесі төмен болған. Осы жəне басқада мəселелер Бруниді
мынадай қорытындыға əкелді: мектепте оқымай, интелектуалды даярлыққа ие болмаған
балалар абстрактілі ойлауды төмен ететін абьтраклілі есептерді шығаруда клиникалық
көреді.бұл қорытынды отандық психологтарды танымдық процестерді дамытуда іс-
əрекеттің 
рөлі 
шешуші 
деген 
идиясына 
жақын 
келеді. 
Əртүрлі
мəдениеттегіпсихологиялық процестерді зерттеу адам қоғамының тарихи дамуында
ойлаудың өзгеруін түсінуге көмектеседі.
Шетел психологиясында марксистік теорияға қызығушылық танытуда, кейбір
психологтардың пікірінше, бұл теория психологиялық мəселелрді түсіндіруде өнімді
тұрғы болып табылады. Француз психолігі марксистік Анри Валлон марксизмдə
психологиялық 
тұргыдан 
былайша 
сипаттайды: 
« 
Маркстік 
диалектиканы
психологтарынаиэлементарлық материализм мен мазмұнсыз идияның, бабалық
сустанционализм мен шексіз ирроционализм арасындағы таңдаудан құтқарды».
Шетел психологиясында алғашқы болып психологияны марксизм философиялық
принциптеріне негздеп құрғысы келген Жорж Политцер (1903-1942) болды. Марксистік
позициялардан Ж.Политцер буржуазиялық жіне философиялық концепцияларды санады.
Атап айтқанда классификациялық буржуазиялық субьективті психологияны, жаңа
бағыттарды, əсіресе психоанализмді, сонымен бірге биховризм, гештальпсихологияны.
В.Штерннің персонализмды, А.Бергсонның интутивизмін, жекелік айырмашылық
психологиясын теориялық негіздерін, психотехниканы. Политцер психологияның қай
бағыты болса да, психологияның дағдарысын шешпейді деп көрсетті. Ол психологияда
пайда ьолып жатқан бағыттар «ішкі өмірдің реализмін» мойындап, «байланған» байланған
сипатта жəне олар ескі психологтарына сынға алғанымен, оның адамды түсіндірудегі


идеалистік негіздерін қозғамайтының көрсетеді. Политцер пікірінше, психологияның
шынайы ғылым болу үшəн өзінің негізіне марксизмнің идеаларын салу керек.
Ж.Политцердің методологиялық идеалары ең алдымен француз психологтарының
еңбектеріне жалғасып, дамыды: А.Валлонның генетикалық психологиясында, Р.Заззонныі
еңбектерінде, И.Мейрсон, Ф.Мальриенің тарихи тарихи психологиясында философ
Л.Сэвтың тұлғаның қоғамдық – тарихи сипаты туралы еңбектерінде Ж.Политцердің
«рухани прцестердің абстракьтілік жоспарын» еңгізу бағыты, психологияны « адамның
жағдайы туралы» ғылымға айналдыру ұмтылысы «драмалар» атты ұғымға ие болды.
Политцер былай деп жазды: (Драма мифологиялық процестерлһден адам өмірінің швнайы
жағдайына көшіретін көпір болды. Бұл идеаларды Л.С.Выготский қабылдап,
психологияның сформулизациялық міндеті адамды дамуының басты жолы деп есептеуіне
əсер етті.
Шетел психолгиясының күйіне жалпы шолу жасап, мынадай қорытынды жасауға болады.
шетел ғылымы қазіргі концептуалды шашыраңқы. Мамандар гуманистік психологияның
психоанализ, когнитивті психологияның мəселелерінде ұлттық тұрғыларда айырмашылық
бар екендігкн айтады. Солтүстік Американың зерттеулерінде бір жағынан, Еуропа
елдерінің екінші жағынан айырмашылық, өзгешілік бар екендігі анықталды. Шығыс
Еуропа психологтарының Батыс бағалардан бөлінуі еңсерілуде: 1995 ж тамыз айында
Слованияда І халықаралық «Психология өзгеріп жатқан дүние» атты конференция
өткізілді.Оған Британ тобының жіне Шығыс Еуропа елдерінің пмихологтары қатысты.
Əртүрлі елдердің психологтары бірлескен зерттеушілік жобаларды жүзеге асырды. Қазіргі
уақытта көптеген теориялық бағыттарды жіне эмперикалық зерттеулерді ортақ белгілер
байқалуда. Біріншіден, нақты мəселелреді зерттеуде, фактілік материалдарды талдауда,
жекелік құралдарды қолдануда əртүрлі психологиялық теорияларды жіне тұрғыларда
интерпретация үрдісі байқалды. Екіншіден, психологтарда практикалық бағытталғандық
үрдіс алуда: қолданбалы үрдістер ізденістер ірегелі зерттеулерден басым, жаңа
қолданбалы психологияның арналары пайда болды. Мысалы, солардың бірі – қауіпсіздік
психологиясы болып табылады. Онда адам қоршаған ортаны жүйенің трамва алатын
жағдайында адамдардың мінезөқұлқын зерттеді. Үшіншіден маңызды əлеуметтік
міндеттерді шешуде психологиялық білім барған сайын кең қолдануда. Францияда
психологтар негізіне үш салада қызмет істеді: педагогика, денсаулық сақтауда, еңбек
аясында, бүкіл қоғамдық өмірде қолданылды. Мұндай жағдай басқада елдерге тəн.
Психолгия ғылымда өмірдің барлық аясында берік орын алды.
Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасаған басқа
факторлар да аз болған жоқ. Соның бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматыда,
сондай-ақ республиканыңкейбір облыс орталықтарында Ресей, Украйна т.б. жерлерден
уақытша көшіп келген белгілі ғалымдар қызмет еткен. Психология ғылымының өкілдері
ҚазПИ-де профессор психолог М.П.Рубинштейн, Қызылордада – украин психологы,
академик Г.С.Костюк, Қостанайда профессор В.Я.Резник т.б. жұмыс істеді. Республикада
психология ғылымы, əсіресе соғыстан кейінгі жылдарда қарқынды дамыды. Мысалы,
1947 жылы ҚазПИ-де республика бойынша тұңғыш психология кафедрасы құрылды.
1947-1953 жылдары Қазақ университетінде логика жəне психология мұғалімдерін
даярлайтын бөлім ашылды. Психолог кадрларды даярлауда профессор Т.Тəжібаевпен бірге
соғыс жылдары Саратовтан келген профессор И.Л.Стычинский (1896-1969) зор үлес
қосты. Осыкезде ҚазПИ мен ҚазМУ-де психологиядан аспирантура ашылды.
Республикада психология саласында алғаш диссертация қорғаған ұлт кадрлары –
Е.Суфиев, Ə.Темірбеков, М.Мұқановтар болды. 1952 жылы Қазақ университетінің ғылыми
кеңесінде Е.Суфиев «Қазақ мектептерінің бастауыш кластарындағы оқушылардың орыс
тілін меңгеруінің психологиясы» атты тақырыпта диссертация қорғады. Ол еңбегінде
И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы іліміне негізделген, оқушылардың кейбір
психикалық функцияларын (қабылдау, зейін, ойлау) дамыту, орыс тілін оқыту əдістерін
жетілдіру жөнінде біраз ұсыныстар береді.
Осы жылдары республиканың психология ғылымы саласындағы орайлас басқа да
диссертациялар қорғалды, жеке еңбектер жарық көрді. Қазақтың Абай атындағы
пединститутының ғалымдары халқымыздың интеллект, ақыл-ой ерекшеліктерін
этнопсихология, этнолингвистика, салыстырмалы психология ғылымдары тұрғысынан
зерттей бастады. Мысалы, «Хат танымайтын адамдардың затты топтастыруының
ерекшеліктері» (В.В.Ставкин), «Жұмбақты шешудің психологиясы»(Қ.Нұрғалиев),
«Айтыс өнері мен мақал-мəтелдердегі кісінің ақыл-ой ерекшелігінің көрінісі»
(М.Мұқанов) зерттелді. Кейін жазылған еңбектер қатарына Ш.Бəймішеваның
«Нейропсихологиядағы синдромдық талдау формалары», М.Мұқановтың «Қабылдау мен
есті микроструктуралық талдау», Б.Есенғазиеваның «Силлогизм жəне ойды
психологиялық талдау», Қ.Шернияздаеваның «Мектеп жасына дейінгілердің қабылдау
ерекшеліктері» т.б. зерттеулерді жатқызуға болады. Психологияның жекелеген салалары
бойынша бірнеше монографиялар жарық көрді. Олардың кейбірі: М.Мұқанов «Педагогика
психология очерктері» мен «Ақыл-ой өрісі»,Н.Нажділдиннің «Ұлттық психологияның
табиғаты», Ө.Жөкебаевтің «Қылмыскер мінез-құлқының əлеуметтік-психологиялық
аспектілері», Ғ.Досболовтың «Алдын-ала тергеудің психологиясы», Н.Фелифоровтың
«Басқарудың əлеуметтік-психологиялық негіздері», В.Яковлевтің «Діндардың жан


дүниесі», Ə.Алдамұратовтың «Қызықты психология», Р.И.Илешованың «Медициналық
психология» т.б. Осы жылдары профессор Қ.Жарықбаев психологиялық еңбектер
жариялауда өндіре əрекет етті. Оның қаламынан 1960-1990 жылдар арасында
«Психология» (1962), «Қазақ ағартушылары жастар тəрбиесі туралы» (1968), «Əл-
Фараби» (1978), «Аталар сөзі – ақылдың көзі» (1980), «Ұстаздық еткен жалықпас» (1987),
«Ақылдың кені» (1991) т.б. Соңғы жылдары қазақ халқының сан ғасырлық тəлім-
тəрбиелік ой-пікірлерінің даму жолдарын көрсететін диссертациялар қорғалып, бірнеше
төлтума еңбектер жарық көрді. Олардың қатарына В.Чистовтың «Əбу Насыр əл-Фарабидің
психологиялық мұрасы» (М.1989), К.Шəймерденованың «Абай Құнанбаевтың
педагогикалық 
көзқарастары» 
(А.1991), 
К.Ыбыраеваның 
«Мұхтар 
Əуезовтің
педагогикалық көзқарастары» (А.1991), А.Ақажанованың «Қазақстанда жас жəне
педагогикалық психологияның дамып, қалыптасу» атты диссертацияларын жатқызуға
болады. Қазірде Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтардың
тəлім-тəрбиелік мұралары зерттелуде, бұлардың психологиялық көзқарастары жайлы
бірнеше еңбектер жарияланды. 1988 жылдан бастап тəн.
Өзін өзі тексеру сұрағы:
1. Неофрейдизм бағытының негізін қалаушы өкілдері?
2. Қазақстанда пчихология ғылымының қалыптасуына үлес қосқан қазақ ойшылдары?
3. Интеллект дамуының стадияларының классификациясы?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет