Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет38/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

№ 14 дəріс
Тақырып Кеңестік үкіметі кезеңіндегі жаңа психологиялық идеялар мен Батыс еліндегі
психологиялық зерттеулер.
Мақсаты: Кеңестік үкіметі кезеңіндегі жаңа психологиялық идеялар мен Батыс еліндегі
психологиялық зерттеулер жөнінде білім беру.
Дəрістің мазмұны
1.П.Гальперниннің психологиядағы зерттеулері


2.Ананевтің психологиядағы зерттеулері мен Тепловтың зерттеулері
3.Неофрейдизм бағыты дамуы (К.Хорни, Г.Салливан).
4. Гуманистік психология сипаты (А.Маслоу, Г.Олпорт, К.Роджерс).
Петр Яковлевич Гальперин (1902—1988) іс-əрекеттің процессуалды, операциялық
мазмұнының іс-əрекет теориясында зерттелмегенін айтып оны өз зерттеулерінің пəніне,
затына айналдырды, ол зерттеулер кеңестік психологияның жалпы психологиялық
концепцияларының бірі – ақыл-ой əрекеттері мен түсініктерін саты-сатымен
қалыптастыру туралы ілімін құрады. П.Я. Гальпе риннің түсінігіне сəйкес психика –
бұл өзінің танымдық процесі формаларының барлық ауқымында, қажеттілікті, сезімдер
мен ерік-жігерді қосып алғандағы қабылдаудан ойлауға дейінгі бейне негізіндегі
проблемалы жағдаяттардағы субъект іс-əрекетінің бағдарлылығы
2
. Психологияның пəні
субъектінің бағдарлы іс-əрекеті. «Психология пəні қатаң түрде шектеулі болуы тиіс.
Психология барлық психикалық іс-əрекетті жəне оның əрбір формаларының барлық
жағын зерттей алмайды жəне зерттеуге тиіс те емес. Басқа ғылымдардың да оны зерттеу
құқығы психологиядан кем емес. Психологияның претензиялары тек бағдарлау процесі
психикалық іс-əрекеттің əрбір формасының басты тұсын жəне тұтастық туралы барлық
психикалық өмірді құрағанда (дəлелденеді); осы функцияның өзі оның басқа жақтарын
ақтағанда ғана ақталады». Психология пəнін осылай түсінудің негізінде психиканың
эволюциясы туралы ілім пайда болды. Осы ілімге сай психика затты ортада бейне
негізінде бағдарлану үшін, қозғалысты өмір жағдаятында пайда болады жəне осы
бейненің тұрғысындағы əрекет көмегімен жүзеге асырылады. «Бұл объектілер аталмыш
жануарға жасалған бұрынғы тəжірибесінде болмаған жəне жағдаяттағы бағдардың
көмегімен олар алғаш рет алып отырған объектілердің жаңа мағынасына, олардың
қасиеттері немесе қатынастарына бағдар...» ..Гальперин «материя дамуының негізгі
линиясын көрсететін...» іс-əрекеттің негізгі эволюциялық деңгейлерін ерекшелеп,
сипаттады. Физикалық іс-əрекет деңгейі – матрицаның органикалық емес формалары;
физиологиялық іс-əрекет деңгейі – іс-əрекеттері физиологиялық механизмдермен реттеліп
отыратын ағзалар; субъект іс-əрекетінің деңгейі – іс-əрекеттері бейне тұрғысында реттеліп
отыратын жануарлар; тұлға іс-əрекетінің деңгейі – тек қана индивидуальды емес, сондай-
ақ əлеуметтік тəжірибемен де реттелетін адамның іс-əрекеті. Психиканы зерттеудің
адекватты əдісі бағдарлы іс-əрекеттікі секілді қалыптастырушы эксперимент болады. Ол
Выготскийдің экспериментальды-генетикалық əдісінің дамуы болып табылады: «..
психикалық құбылыстарды зерттеудің магистральды жолы – бұл олардың берілген
қасиеттерге құрылуы». Өзінің қалыптасқан жəне автоматтандырылған формаларында –
бір тұтас қабылдауда, шығармашылық ойлауда, зейінде сол шынайы процестің мазмұны
психологиялық талдауға жатпайтынына байланысты, іс-əрекет субъектісінің неге жəне
қалай бағдарлануын бақылаумен шектелсек, бағдарлы іс-əрекет процесінің барлық
мазмұнын орнату мүмкін емес, сондықтан психиканы осындай жолмен объективті зерттеу
мүлдем жетілмеген болып шығады. Бағдарлы іс-əрекет ретіндегі психиканы зерттеудің
негізгі əдісі оның қалыптасуын зерттеу болып табылады.
Бағдарлы іс-əрекеттің қалыптасу процесі оны тану процесіне, яғни педагогикалық
міндеттерді шешу құралы емес, зерттеудің жалпы психологиялық əдісіне айналу үшін ол
басқарылатындай (басқаруға қолайлы) болуы тиіс. Сондықтан экспериментте көрсетілген
көрсеткіштері бар жаңа білім мен білікті қалыптастыратын жағдайлардың барлық
жүйесінің ұйымдастырылуы жатады. Ол келесі сəттерден тұрады. Біріншіден, іс-əрекеттің
толық бағдарлы негізінің схемасын құрудан, яғни жаңа іс-əрекеттің дұрыс орындалуын
қамтамасыз етуші жағдайдың айтарлықтай толық жинағы болады. Екіншіден, іс-əрекетті
саты-сатымен орындауды ұйымдастыру, алдымен материальдық немесе заттандырылған
заттарда оны «қатты əлеуметтенген сөйлеу тілімен» жəне «іштей айтылған сыртқы
тілмен» аралық этаптары арқылы ішкі жоспарға біртіндеп көшіруден. Үшіншіден, іс-
əрекеттің барлық сатыларында қалаулы қасиеттерді – оның ақылдылығын,
жинақтылығын, саналылығын, игеру өлшемін жəне б. жүйелі өңдеу. «Сырттан ішке»
жолының өзі зерттеуші тарапынан алдымен сыртқы ортада бақылауға қол жетімді процес
ретінде, ал содан кейін осы сыртқы процесті белгілі бір аралық формалар қатары арқылы
– ақыл-есте немесе тілде, қабылдауда көрсету бағдарлы іс-əрекеттің құрылымын орнатуға
мүмкіндік береді. Осымен бірге алынған практикалық нəтиже – тұжырымдалған білім,
дағды, қалыптасқан – көңіл аудару, қабылдау актілері жəне б. олардың сипаттамаларымен,
психикалық іс-əрекеттің қалыптасқан формаларын талдау құралымен қалыптастыруға
қажет жағдайлар құрамы туралы бастапқы түсініктердің дұрыстығын тексеру үшін
қолданылады.
Осылайша, іс-əрекеттің жоспарлы қалыптасу технологиясы олардың қалыптасуының
салдары секілді психикалық құбылыстардың «жеке психологиялық механизмдері
проблемасының» жəне олардың қатаң себеп-салдарлы психологиялық түсіндірілу
проблемасының»
1
шешілуіне жəне жол ашады. Соңғылары, психологтар алдында
əлеуметтік практиканың түрлі саласындағы қолданбалы сипаттағы міндеттер тұрғанда
ғана өзіндік мəнге ие болады. П.Я. Галь перин концепциясының практикамен байланысы
оның теориясының ең негіздерінде жатыр жəне ол С.Л.Рубинштейн жазған əдіснамалық
принципке сəйкес келеді, ол былай деп жазды: «Психикалық құбылыстардың бөлінуі
туралы сұрақтың дұрыс шешілуі – практикамен, өмірмен байланысты жəне оның белсенді


өзгеруіне, жетілуіне қызмет етуіне бейім психология ғылымының құрылуы мен дамуының
басты теориялық алғышарты»
2
. Жоспарлы қалыптасу теориясы негізінде мектептегі,
сондай-ақ жоғары кəсіптік, арнайы білім беру жүйесіндегі, спорттық, əскери дайындық
жəне т.б. жүйелердегі оқыту міндеттері шешіледі (жүзеге асырылады). Оқыту мен
тəрбиенің міндеттеріне қолданылатын қалыптастырушы эксперимент əдісін В.Б.
Давы дов та жəне басқа психологтар да тереңірек жетілдіреді.
Іс-əрекет проблемасы негізгі боп тұрған ықпалға қарағанда Борис Герасимович Ананьев
(1907—1972) психологиялағы пəнаралық байланыстарды қамтитын зерттеудің комплексті
сипатын жақтады. Б.Г. Ананьев іс-əрекетті психика дамуының бір детерминанты ретінде
қарастырды. Білімді интеграциялау проблемасы Ананьевтің ғылыми концепциясының
өзекті проблемасы болды. Осындай бағдар барысында психологиялық зерттеу аралас–
биологиялық, педагогикалық, медициналық, техникалық ғылымдар қатарымен тығыз
байланысады. Теориялық міндеттерді де, практикалық міндеттерді де шешуде олардың
өзара əрекеттесуі аса маңызды. Сөйтіп, Ананьев инженерлік психологияны қарсы
бағыттарда дамитын ғылымдар шеңберінде жаңа психологиялық пəндер құрудың үлгісі
ретінде қарастырады.
Зерттеушілердің бағалауы бойынша Ананьев «маркстік əдіснаманы басшылыққа ала
отырып, Бехтеревтің үздік дəстүрлерін дамытты. Бехтерев пен Ананьевтің ғылыми
мектептерінің сабақтастығында И.М. Сеченовтің рефлекторлық теориясымен, К.Д.
Ушинскидің педагогикалық антропологиясымен, Н.Г. Чернышевскийдің антропологиялық
принципімен, орыстың жаратылыстану, ағарту жəне философия салаларының
материалистік 
дəстүрлерімен 
байланысты 
қияндағы 
тарихи 
байланыстары
қарастырылады. Адамның мəні туралы маркстік ілім мен лениндік бейнелену теориясы
Б.Г. Ананьевтің концептуальды жүйесінің құрылуына фундамент қызметін атқарды»
1
.
Ананьевтің отандық психология тарихы бойынша зерттеулері ғалым концепциясының
қайнар көзі
2
. Тарих сұрақтарына көңіл аудару қазіргі заманғы психологиядағы осы
зерттеулердің ролін түсінумен анықталды (айқындалды). Б.Г. Ананьевтің зерттеу аясы
(шеңбері) өте кең. Ол психология тарихының басқа психологияның əдіснамалық жəне
теориялық проблемаларын жетілдірді (өңдеді); оның шығармашылығында жалпы
педагогикалық, жас ерекешлік, индивидуальды психология, еңбек, өнер жəне б.
психологиясы бойынша еңбектерінің алатын орны зор. Олардың ортақ əдіснамалық негізі
– дамудың бейнеленуі мен принципі болып табылады. Сезім түйсігі мен қабылдау
проблемалары бойынша фундаментальды зерттеулер Ананьевке тиесілі
3
. Ол оларды тұтас
психикалық даму мен танымның бастау көзі ретінде қарастырды. Антропологиялық
ықпалдармен үйлесімдегі даму принципі генетикалық зерттеулерде іске асырылды.
Ананьев адамның онтогенетикалық табиғи дамуы «сатылардың жүйелі алмасуы немесе
фазалардың индивидуальды дамуы... ұрықталуы, тууы, өсіп-жетілуі, ер жетуі, қартаюы
секілді қарастырды, қарттық адам ағзасы бүтіндігінің негізгі сəттерін құрайды»
1
.
Тұлғаның даму мен қалыптасу тарихы адамның өмір жолын құрайды. «Тұлғаның бастауы
индивидтің басталуынан жəне қарым-қатынас құралдарының игерілуімен, нормалармен,
ережелермен, заттық іс-əрекетпен реттеліп отыратын əлеуметтік байланыстар
комплексінің құрылуына орай анағұрлым кейін келеді» 
2
. Индивидтің басталуы
эмбриогенездің ұзақ əрі көпфазалы процесі болғанындай, тұлғаның бастауы да адам
өмірінің екінші-үшінші жылдарында анағұрлым қарқынды жүретін индивидтің ерте
əлеуметтенуінің ұзақ əрі көп фазалы процесі»
3
. Индивидуальды даму тұқым
қуалаушылыққа, ортаға, тəрбиеге жəне адамның жеке іс-əрекетіне бағынышты ішкі
қарама-қайшы процес ретінде қарастырылды. «Полифакторлық қамтамасыз ету –
психикалық құбылыстардың барлығына ортақ ереже»
4
. Жас ерекшелік (көлденең) срездар
мен лонгитдинальдық əдіс - адамның онтогенетикалық эволюциясын оқыту əдістері
болды. Адамның индивидуальды дамуын зертеуді жас ерекшелік жəне дифференциальдық
психологияны біріктіретін синтетикалық пəндер ретіндегі онтопсихология пəні құрайды.
Б. Г. Ананьевтің шығармашылығын зерттеушілердің бағалауы бойынша олардың бүкіл
өмір бойы өңдеген (жетілдірген) проблемаларының көп түрлілігіне қарамастан, адамның
индивидуальды даму проблемасын басты проблема деп сенімді айтуға болады. Жалпы
Ананьев шығармашылығында адам проблемасы негізгі орынды алады. Осы комплексті
(кешенді) проблема ішінен психологияға қолдануға келетін индивид, тұлға, іс-əрекет
субъектісі мен индивидуальдылық түсінігі бөлініп алынды
1
. Осы қалыптасулардың
əрқайсысынан қасиеттер жиынтығы мен олардың детерминанты ерекшеленді. Алайда,
тұлға құрылымына жеке тұлғалық қасиеттерді ғана емес, сонымен бірге индивидті жəне
субъектілі қасиеттерді де қосу тұлғаның биохимиялық аспектілерінен бастап əлеуметтік
аспектілеріне дейінгі психологиялық зерттеулерінің шексіз кеңеюіне алып келді.
Ананьевтің «ғылымдардың қазіргі заманғы дифференцациясында осы ғылымдардың
əрқайсысының пəнін анықтаудың маңызы зор»
деген ұйғарымына қарамастан, осындай
ықпал барысында психологиялық аспект спецификасы комплекстілік алдында кейін
шегінеді.
«Педагогикалық бағалау психологиясы» (1935) еңбегінде Б.Г. Ананьев алғаш рет адам
психикасының дамуын анықтайтын (белгілейтін) детерминанттардың бірі ретінде қарым-
қатынастың маңыздылығын көрсетті, кейін қарым-қатынас психологиясының түрлі


аспектілерін жетілдірді. Қарым-қатынас заттық іс-əрекет жəне таныммен бірге адам іс-
əрекетінің бір түрі ретінде
5
жəне іс-əрекеттің басқа түрлерінің міндетті компоненті
6
ретінде қарастырылды, қарым-қатынастың адамның мінез-құлығы мен тұлғасына əсер
етуі бақыланды, қарым-қатынастың сапалық жəне сандық оптимумы проблемалары əрі
тұлғаның дамуына жəне б. арналған қарым-қатынастағы дефицит салдары талқыланды.
Индивидуальды айырмашылық проблемасын жетілдіру Борис Михай лович Тепловтың
(1896 — 1965) да басты тақырыбы болды. Ол кеңестік дифференциальды
психофизиологияның негізін қалаушы, көрнекті ғалым. Ол сондай-ақ, жалпы
психологияның 
фундаментальды 
(іргелі) 
проблемаларының 
зерттелуіне 
де;
психологиядағы зерттеу əдістеріне, қабылдауды, ойлау қабілеттерін зерттеуге, сондай-ақ
психология тарихына үлкен үлес қосты. Индивидуальды айырмашылықтар психологиясы
саласында Теплов қабілеттілік пен дарындылыққа, сондай-ақ оның жекелеген түрлеріне
қатысты теориялық сұрақтарды өңдеді (жетілдірді): ол музыкалық, ақыл-ой қабілеттерін
зерттеді. Б.М. Теплов индивидуальды айырмашылықтардың психофизиологиялық негізін
зерттеуді арнайы жетілдіру заты етті. Ол мұндай ықпалды индивидуальды
айырмашылықтың психологиялық сипатты проблемаларын зерттеудің объективті жолы
ретінде қарастырды. Жүйке жүйесі типтерінің қасиеттері туралы И.П. Павловтың іліміне
сүйене отырып, Теплов (қызметкерлерімен бірге) аса зор ролі олардың арасындағы
талантты, өмірден ерте озған ғалым Владимир Дмитриевич Пебылицынға (1930—
1972) тиесілі адамның жүйке жүйесін экспериментальды зерттеу əдістемесін жасады.
Адамдарды бір-бірінен айыратын (ерекшелейтін) сипаттамаларды табу мақсатындағы
жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерін мұқият зерттеу еңбегі осы ғалымға тиесілі. Мұның
өзінде күш - əлсіздік, ширақтық – енжарлық секілді қасиеттер қарым-қатынасындағы
психофизиологиялық айырмашылықтар «жақсы - жаман» секілді бағалаудан тыс ықпалда,
бірақ іс-əрекет процесінде ескерілуі қажет жəне іс-əрекеттің индивидуальды стилінде
2
көрініс беретін жүйке жүйесінің өзіндік мүмкіндіктері ретінде қарастырылғанын айтып
өту маңызды.
Кеңестік дəуірдегі отандық ғылымның жалпы психологиялық теориясының даму
саласында қарастырылған бағыттарының əдіснамалық негіздерінің біртұтастығына
қарамастан айтарлықтай маңызды айырмашылықтарға ие. Олардың соның ішінде пəннің
принципиальды проблемаларына жəне психологиялық зерттеу əдістеріне де қатысы бар.
Бұл проблемалар кеңес психологиясында 1952 жылы Психология мəселелері бойынша
Бүкілодақтық мəслихатта, «Психология сұрақтары» журналында, сондай-ақ, 1959, 1963,
1968, 1971, 1077, 1983, 1989 ж.ж. болған КСРО психологтары қоғамының (1957 ж.
құрылған) съездерінде өрістеген арнайы пікір сайыстардың тақырыптары болды. Бұл пікір
сайыстар мен талқылаулар (пікір алмасулар) психология теориясы дамуының басты
формасы болып табылды.
Психологиялық теория түрлі теориялық концепциялар арнасында жүзеге
асырылған нақты зерттеулердің дамуымен бірге жəне қоғамның психология алдына
қойған практикалық міндеттерімен байланыста қалыптасып-құрылды
1
. Сөйтіп, Ұлы Отан
соғысы жылдарындағы психологтар жұмысы отан қорғау тақырыбына бағынышты
(тəуелді) болды . Техниканың алға қарыштауына орай жəне өндірістік процестерде адам
орындайтын 
функцияларды 
сапалы 
алмастырған, 
басқарудың 
күрделі
автоматтандырылған жүйесінің құрылыуына байланысты инженерлік психология да дами
бастайды. 20-ыншы жылдарда басталған əлеуметтік психологияның проблемаларын
жетілдіру тоқтағаннан кейін 50-60 жылдары əлеуметтік психологияның дамуына алғы
шарттар 
пайда 
болды. 
Арнайы 
педагогика 
мен 
психология 
саласындағы
ИванАфанасьеви ч Соколянский (1889— I960) бастап, Алексан др Иванович
Мещеряков (1923— 1974) жалғастырған зерттеулер іс-əрекет ықпалының психологиядағы
дамуы мен практикалық іске асуы болып табылды.
Балалар жəне педагогикалық психология саласындағы үлкен жетістіктер іс-əрекет
ықпалының қолданылуымен жəне Л.С. Вы готский, А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин, А.В.
Запо рожец, Д.Б. Эльконин

идеяларының дамуымен (қанат жаюына) де байланысты.
1991 ж. КСРО ыдырағаннан кейін кеңес психологиясының принципиальды
позицияларын қайта бағалау мен қайта қараудың драмалық процесі, ең алдымен
марксизмге ұмтылып келе жатқан оның əдіснамалық негіздері басталды. Психология
ғылымының дамуындағы Маркс ілімінің шынайы ролі туралы мəселе туындады. Кеңес
психологиясының - марксизм психологияның жалғыз теориялық негізі деген қағидасы
сынға ұшырады. Оның артынан кеңес дəуірінің психологиясы басқа философиялық-
психологиялық ағымдардан оқшауланып, олардан шыққан, көбіне əділ айтылған сынды
қабылдай алмады. Тоталитарлы режим жағдайында Маркс пен В.И.Лениннің айтқандарын
жоғары көтерген догмалық (кесіп айтушылық) курстың орнына, мызғымас шындықтың
дəрежесіне əдіснамалық бағдар плюрализмі (пікір алуандығы) туралы жаңа түсінік
қалыптасты (келді). Принципиалды сұрақтарды шешуде түрлі философиялық
көзқарастарға сүйену қажет болатын, соған негізделе отырып психология ғылымын
құратын бір жалғыз теорияның жоқтығы барған сайын айқындала түсті. Ғылыми сананың
схематизмдерін еңсеру мен осыған орай оның ұлғйып, қанат жайюы жəне түрлі
философиялық-əлеуметтік бағыттардағы ашық еркін пікір сайыстар арқылы дамуы
байқалды. Мұнымен қоса психология үшін Маркс қағидаларының қатары өз мəнін


жоғалта қоймайды, соның ішінде адам өмірінің спецификалық тəсілі ретіндегі іс-əрекет
қағидасы өз мəнін сақтайды. В.И. Лениннің бейнелену (сəулелену) теориясының жоққа
шығарылуы мүмкін еместігі мойындалды, бейнеленудің психологиядағы нақты ғылыми
мазмұнының отандық жəне шет ел психологтарының еңбектерінде (И.М. Сеченов, В.М.
Бехтерев, Н.Н.Ланге, Б.Г. Ананьев, П.К. Анохин, С.В. Кравков, А.Н. Леонтьев, С.Л.
Рубинштейн, Б.Ф. Ломов, С.Д. Смир нов. Аж. Брунер, Ж. Пиаже жəне б.) психиканың
бейнелену болмысындағы зерттеу көзі бар. Психологиялық таным əдіснамасында
көрсетілген ілгерілеулер мерзімдік баспада көрініс тапты.
50 ж.ж. соңы мен 60 ж.ж. басында ашық дағдарыс кезеңінде пайда болып, кейін
қайта қалыптасқан - иеобихевиоризм, неофрейдизм, гештальтлсихологияға ұшыраған
үлкен бағыттар өзінің танымалдығын, мəнін жоғалта бастайды. Алайда, бихевиоризмге,
психо талдауға жəне б. арналған тарауларда көрсетілген олардың əсері сақталады.
Сонымен қатар мінез-құлық пен тұлғаны түсіндіруде осы ықпалдар кездескен олардың
ішкі қарама-қайшылығы, қиыншылықтары ең бастапқы позицияларын қайта қарауды
талап етті, ең алдымен объективті психологияның мүмкіндігі ретіндегі бихевиористік
ықпалды қайта қарауды талап етті. Бихевиоризмге ортақ көзқарастың болу себебі – ол ең
маңызды сұрақты - психикалық ішкі процестердің, ғылымы ретіндегі психологияның
тағдырын қозғады. ХХ ғ. екінші жартысындағы психология ғылымы дамуының осы
объективті тенденцияларына жауап ретінде экспериментальды зерттеулер мен теория
саласындағы тиімді (өнімді) бағыттар пайда болады. Бұл танымдық іс-əрекетті моделдеу
құралдарымен зерттеу, когнитивті психология, гуманистік психология, логотерапия.
В.Франклдің ми туралы ғылым аясындағы адам санасын зерттеулері - нейрофизиология,
нейроморфология, нейропсихология. Адам психогенетикасы кең таралымға ие болды.
Мəдениет аралық зерттеулер дами бастайды.
Қазіргі заманғы психология рухын анағұрлым кеңірек көрсететін ағым когнитивтік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет