Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет50/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

Психологиялық консилиум: Психологиялық мəселе бойынша əдістерді қолдануды
талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері.
Бақылау жұмысы. Берілген сұрақтарға жазбаша түсініктерін жазу.
Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне
отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет,
кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға жəне əрбір топтың қорғауына
белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы əрбір топтың
жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Əрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа
студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл əдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына,
материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.
“Аквариум” – балаларға мəселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы.
Шағын топ белгілі бір мəселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын
таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық студенттер
көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.
Коллоквиум: Мұғалім жəне студент арасында сұрақ жəне жауап түрінде өткізіледі. Əр
студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап
беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі.
ОЖСӨЖ-1 мазмұны:
1. Психика туралы алғаш түсініктердің пайда болуы.
2. Ежелгі шығыстағы психологиялық ой пікірлердің бағдары.
Мақсаты: Тақырып жөнінде білімдерін кеңейту.
Əдістемелік нұсқау: «Аквариум» стратегиясы
Бағалау критерийлері: Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық жəне дұрыс
жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай
алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.
Мерзімі: əр апта сайын.
Əдебиеттер:
[3;4;6;14;17]
1-3 СӨЖ
Тақырыбы: Психология тарихының зерттеу əдістеріне талдау жасау. Психологияның
философия шеңберінде даму тарихын талдау. Психология ғылымының даму кезеңдерінің
кестесін дəптерге тусіру
Өткізу əдісі: Түртіп алу стратегиясы
Бағалау критерийлері: Студенттер сұрақтарға толық жəне дұрыс жауап бере алуы, арнайы
терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай алады, өз тұжырымдарын
жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.
Əдебиеттер:
[3;4;8;10;16]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет