Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет16/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

Франц Дондерс (1818-1889) Голландық физиолог. Психикалық процестердің
ағымдық жылдамдығын эксперименталды зерттеумен айналысқан. Ол Гельмгольц
зерттеулерінен бұрын жүйке жүйесі бойынша импульстердің жүру жылдамдығын ашқан
болатын. 
Сонымен 
қатар, 
ол 
субьектінің 
обьектілерді 
қабылдау 
кезіндегі
реакцияларының жылдамдығында өлшеуге баса назар аударған еді. Осындай
зерттеулерінің негізінде психикалық процестерді де физиологиялық процестер сияқты
өлшеуге болады деген қорытынды жасалды. Соның негізінде психикалық процестер
қызметі нерв жүйесінде жүзеге асады деп саналды. Кейіннен, И.М.Сеченов бас миы
қызметінің тұтастылығын қажет ететін процесс ретінде, реакция уақытын зерттеуге бас
бұра отырып, былай деді – «психикалық əрекет барлық табиғи құбылыстар сияқты уақыт
пен кеңістікте болады».
Герман Людвиг Гельмгольц (1821-1894) – психологияның жеке ғылым ретінде
қалыптасуына негіз болған басты ғалымдардың бірі. Оның жан жақты дарындылығы
табиғат туралы көптеген ғылымдардың соның ішінде психиканың табиғаты туралы
ғылымының негізін қалады. Ол «энергияның сақталу» заңдылығын ашты. Оның


айтуынша: «біз барлығымыз КҮННІҢ баласымыз, не болмаса тірі ағзамыз, бұл физика
ғылымы тұрғысынан – энергияның құрылуын ғана түсіндіретін жүйе» деді. Сезімдерді
зерттеумен айналыса отырып, Гельмгольц оларды түсіндіру үшін энергетикалық емес,
анатомиялық бастау принципіне сүйенді. Соңғы принцип бойынша ол түстерді түйсіну
концепциясын жасады.
Өзін өзі тексеру сұрағы:
1. ХІХ ғасырдағы нерв жүйесі мен сезім мүшелерінің дамуы туралы теорияның
қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар кімдер?
2. ХХ ғасырда Г.Мендель жарытылыстану ғылымында ерекше орын алатын қандай
заңдылықты ашты?
3. Г. Мюнстерберг психология ғылымына қосқан негізгі көзқарастары?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет