ойынша бұл іздер адамның есте сақтауының негізі болып табылады. Олар із қалдырған
құбылыстың күші мен маңыздылығына байланысты күшті немесе əлсіз болуы мүмкін.
Психиканы
зерттей отырып, Гартли ол бірнеше элементтен, түсініктерден,
көріністерден жəне сезімдерден тұрады деген тұжырымға келген.
Психиканың қалыптасуы өмір бойы жүретіні туралы тұжырымдай отырып, Гартли
баланың психикалық даму процесіне əсер ету, тəрбиелеу мүмкіндігі шексіз деп санаған.
Оның болашағы қоршаған адамдардың оған ассоциация үшін қандай материал беретініне
байланысты, сондықтан баланың қандай болып өсетіні, ол
қалай ойлайтыны тек
ересектерге байланысты. Гартли педагогтар үшін өзінің оқытушы əдістерінде психикалық
өмірдің заңдылықтарын қолдана білу қажеттілігі туралы айтқан алғашқы психологтардың
бірі болды. Сонымен қатар жағымды сезімдермен бекілітген рефлекс тұрақты, ал
жағымсыз сезім рефлексті ұмытуға көмектесетінің дəлеледеген. Сондықтан мінез-
құлықтың əлеуметтік қабылданған нормаларын құру мүмкін, идеалды құқықты адамды
қалыптастыру мүмкін – егер уақытында керекті рефлекстерді бекітсе немесе
жағымсыздарын жойса. Осылай идеалды адам теориясы ХҮІІІ ғасырда пайда болды.
Гартлидің көзқарастары психиканың дамуына үлкен ықпал жасады. Ассоцианизм
теориясы шамамен екіжүзжылдыққа дейін болды жəне бірнеше қайтара сынға түссе де,
Гартли құрған оның негізгі пастулаттары психиканың əрі қарай дамуына əсер еткендігі
туралы айтса да жеткілікті. Мінез-құлықтың рефлекторлық
табиғаты туралы пікірі
тəрбиелеу мүмкіндіктері мен бұл процессті басқару қажеттілігіне оның діни көзқарастары,
ХХ ғ-да рефлегсологтар мен бихевиористердің негіздеген тұрғылары мен сəйкестігі де өте
мəнді болды.
ХҮІІІғ. өткен дəуірдегі сияқты Батыс Европада капиталисттік қатынастардың
тұрақтануы одан əрі жалғасын тауып жатты. Индустриялық революция Англияны күшті
державаға айналдырды. Ал терең саяси экономикалық өзгерістер Францияда революция
тудырады. Германиядағы феодалдық қатынастар кең етек ала бастайды. Ағарту деп
аталған қозғалыс тұрақтанып, кеңінен жайыла бастады. Ағарту дəуірінің неғұрлым
жарқын идеялары француздық тұрғыда терең бойлаған болатын. Ал
Англияда ағарту
идеясының таратылуы идеолог Дж.Локктың есімімен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: