Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию


-кесте. Фокус-топтық пікірталастардың нәтижелері бойынша



Pdf көрінісі
бет51/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   181
final-1

18-кесте. Фокус-топтық пікірталастардың нәтижелері бойынша 
сабақты жоспарлаудағы қиындықтар туралы мұғалімдердің 
пікірлері 

 «Уақыттың 
жетіспеушілігінен 
мұғалімдер 
сабақтың 
барлық 
мақсаттарын жазып шығуға әрдайым үлгере бермейді. Сол себепті олар 
сабақты жоспарлауда осы кезеңге (сабақтың мақсаттарын анықтау) 
қатысты қиындықтарға тап болады. Мұғалімдерге қиын, сондықтан олар 
сабақ жоспарларын жасағысы келмейтін шығар, сабақ барысында бәрін ауызша 
айту оңайырақ» (респондент N-орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі) 

«Біз сабақтың бастапқы жоспарынан ауытқып кететін кездер болады. 
Мысалы, уақыттың жетіспеуіне байланысты тапсырмаларды орындауға 
уақыт болмаған кезде, сабақтың соңында екі тапсырманы бірге орындайтын 
жағдайлар да болып тұрады. Кейде тапсырманың жоспарланған уақыты 
ұзағырақ болады, өйткені әрбір оқушы өз ойларымен бөліскісі келеді және 
осындай жағдайларда уақыт көбірек қажет болады, сәйкесінше, біз жоспардан 
ауытқып кетеміз» (респондент N-тарих пәнінің мұғалімі) 

«Оқу мақсаттарын орындау үшін материалдарды іздеу бізге кейбір 
қолайсыздықтар туғызады. Себебі КТЖ мақсаттары мен оқулықтардың 
мазмұны кейде сәйкес келмейді немесе олар мүлдем жоқ болады. Мұндай 
жағдайларда оқу бағдарламасының мақсаттарына жету үшін қосымша 
материалдарды іздеу керек» (респондент N-алгебра және математика 
мұғалімі) 

«Оқу бағдарламасы күрделі болғандықтан, сабақ барысында КТЖ-ның 
барлық мақсаттарына жету өте қиын» (респондент N-физика пәнінің 
мұғалімі) 

«Дүниежүзі тарихы бойынша белгіленген күнтізбелік-тақырыптық 
жоспарлардың мақсаттарына қол жеткізу үшін оқулықтарда берілген ақпарат 
жеткіліксіз немесе мүлдем жоқ» (респондент N-тарих пәнінің мұғалімі)

«Дайын жоспарларды қолдана отырып, мұғалім тапсырмалар қалай 
жасалатынын, қандай дағдылар нақты бағаланатынын және тапсырмаларды 
саралау қалай жүретінін терең түсінбейді. Өйткені, сыныптар әртүрлі, мұның 
бәрін бейімдеу керек» (респондент N-бастауыш сынып мұғалімі) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет