Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию


Мұғалімдердің сабақтан кейінгі өзіндік рефлексиясы



Pdf көрінісі
бет52/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   181
final-1

Мұғалімдердің сабақтан кейінгі өзіндік рефлексиясы 
Мұғалімдердің өзіндік рефлексиясы мұғалімге сабақта ненің жақсы 
өткенін және керісінше, кейінгі сабақтарды жақсырақ жоспарлау үшін 
сабақтың тиімділігіне ненің теріс әсер еткенін анықтауға мүмкіндік 


91 
беретін мұғалімдердің сабақтарын оқыту мен жоспарлаудың маңызды 
элементі болып табылады. 
Өзіндік рефлексия ЭЫДҰ-ға мүше көптеген елдердің сабақ 
жоспарларына кіреді. Қазақстанның қолданыстағы ҚМЖ үлгісіне «өзіндік 
рефлексия» 
тармағы 
кірмегеніне 
қарамастан, 
фокус-топтық 
пікірталастар барысында мұғалімдер басқа міндетті мектепішілік 
құжаттар шеңберінде жазбаша өзіндік рефлексия жүргізіп жатқанын 
атап өтті. 
Сауалнама аясында мұғалімдерге «Сабақтан кейін өзіндік 
рефлексия жүргізу сіз үшін қиындық тудырады ма?» деген сұрақ 
қойылған болатын. Респонденттердің жартысынан көбі бұл сұраққа 
«жоқ» деп жауап берді (60,7%). Сонымен қатар, әрбір бесінші мұғалім 
сабақтан кейін өзіндік рефлексия жүргізуде қиындықтар кездестіреді 
(21,8%) (11-сурет). 
 
11-сурет. «Сабақтан кейін өзіндік рефлексия жүргізу сіз үшін 
қиындық тудырады ма?» деген сұраққа жауап берген 
мұғалімдердің үлесі / % 
 
Дереккөз: Республиканың 300 мектебінде Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА жүргізген онлайн-
сауалнама нәтижелері, 2023 ж. 
Оқушыларды оқыту тілі 
Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, орыс тілінде оқитын 
балаларға сабақ беретін мұғалімдер сабақтан кейін өзіндік рефлексия 
жүргізуде айтарлықтай азырақ қиындықтарды кездестіреді (13,9%). Өз 
кезегінде, қазақ және аралас (қазақ, орыс) тілдері бар сауалнамаға 
қатысқан мұғалімдердің төрттен бірі осы қызмет түрін орындаудағы 
21.8
60.7
15.8
1.9
иә
жоқ
ішінара
жауап беруге 
қиналамын


92 
қиындықтар туралы мәлімдеді. Бұл сабақ жоспары мен сабақтың өзі 
оқудың мақсаттарына, міндеттеріне және қол жеткізген нәтижелеріне 
қаншалықты сәйкес келетінін өз бетінше бағалау мұғалімдерге 
қиынырақ екенін көрсетеді (12-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет