Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию



Pdf көрінісі
бет32/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   181
final-1

Беларусь Республикасында оқу пәні бойынша жоспарлауды 
жүзеге асыру, жоспарлы және есепке алу 
– 
есеп беру құжаттамасын 
жүргізу Беларусь Республикасы Еңбек министрлігінің 2020.07.29 № 69 
қаулысымен бекітілген «Білім беруде жұмыспен қамтылған 
қызметкерлердің лауазымдары» қызметкерлер лауазымдарының 
бірыңғай біліктілік анықтамалығының 28-шығарылымына сәйкес 
реттеледі және айқындалады
11
.
Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық 
жоспарлауды; сабақты жоспарлауды; сынып журналын; білім 
алушылардың күнделіктерін жүргізуге міндетті. Осылайша, оқу пәнін 
жоспарлау күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды (оқу жылына), сабақты 
жоспарлауды (әр оқу сабағына) қамтиды. Оқу пәні бойынша 
жоспарлауды мұғалім өз қалауы бойынша электрондық немесе қағаз 
(баспа немесе қолжазба) түрінде рәсімдейді.
Мұғалім оқу бағдарламасында тиісті оқу пәні бойынша жекелеген 
тақырыптарды зерделеуге бөлінген уақытты ескере отырып, күнтізбелік-
тақырыптық жоспарды (КТЖ) әзірлейді. КТЖ оқу жылы басталғанға дейін 
білім беру мекемесінің басшысымен бекітіледі. Мұғалім Беларусь 
Республикасы Білім министрлігінің «Ұлттық білім институты» ғылыми-
әдістемелік мекемесі ұсынған тиісті оқу пәні бойынша үлгілі КТЖ 
пайдалануға құқылы болады.
Ұлттық білім институты ұсынған КТЖ-ны пайдаланған кезде мұғалім 
ағымдағы оқу жылы ішінде оқу қызметі нәтижелерінің деңгейіне, білім 
алушылардың танымдық мүмкіндіктеріне және өзге де объективті 
жағдайларға байланысты оқу пәнін зерделеуге бөлінген оқу сағаттары 
10
https://ohrana-tryda.com/node/3868
11
https://adu.by/images/2022/07/imp-MORB-obshchee-srednee-obrazovanie-2022-2023.docx


55 
шегінде түзетулер енгізе алады. «Ескертпелер үшін» тармағында немесе 
мұғалімдерге арналған «Үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау» 
нұсқаулығына салынған жеке парақта мұғалім білім беру ұйымының 
басшысымен келісілетін енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды 
тіркейді. 
Сабақты жоспарлауға келетін болсақ, оның құрылымдық 
элементтері: сабақтың тақырыбы, сабақтың түрі, сабақтың 
ұйымдастырушылық формасы, сабақтың мақсаттары мен міндеттері, 
сабақта қолданылатын жабдықтар, мұғалімнің қызметі мен 
оқушылардың негізгі іс-әрекетінің сипаттамасы және үй тапсырмасы 
болып табылады. Сондай-ақ, мұғалімдерге сабақтың мақсаттарын қою 
кезінде оқу пәнінің міндеттеріне (білімдік, тәрбиелік, дамытушылық) 
және оқу бағдарламасында анықталған білім алушылардың оқу іс-
әрекетінің нәтижелеріне қойылатын негізгі талаптарға назар аудару 
ұсынылады
12

Білім беру үдерісін ұйымдастыру барысында мұғалім оқу пәндері 
бойынша оқу бағдарламаларының талаптарын басшылыққа алуға 
міндетті, өйткені оның негізінде ол күнтізбелік-тақырыптық жоспарды 
құрады және нақты сыныпта оқыту мен тәрбиелеудің нақты 
жағдайларын ескере отырып, оқу сабақтарының жоспар-конспектісін 
әзірлейді. Мұғалім қолданатын кез-келген оқу-әдістемелік қамтамасыз 
ету оқу бағдарламаларында бекітілген білім беру нәтижелеріне қол 
жеткізуге бағытталуы керек. 
Қазақстандағы және шет елдердегі ҚМЖ-ны салыстырмалы түрде 
талдау отандық сабақ жоспарының үлгісі аз көлемді және тармақтарды 
қамтитынын көрсетті. Атап айтқанда, онда «педагог рефлексиясы», 
«оқушылардың алдыңғы білімі», «саралау», «оқыту ортасы», «21 
ғасырдағы оқыту» және «үздіксіз және жан-жақты бағалау» сияқты басқа 
елдер үшін міндетті болып саналатын тармақтар жоқ. Алайда, 
Қазақстанның ҚМЖ үлгісінде қаралған елдерде жоқ қысқаша тармақтар 
бар: қатысқандар саны және қатыспағандар саны. 
Орта білім беру ұйымдарындағы сабақтарды жоспарлау 
нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:
- «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 
12
https://adu.by/images/2022/07/imp-MORB-obshchee-srednee-obrazovanie-2022-2023.docx


56 
педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың 
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы; 
– «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір 
бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығы; 
- «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін 
және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына 
«Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 
Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығы. 
Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес 
мұғалімдер сабақты жоспарлау аясында екі құжат әзірлейді:
1. Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
2. Пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) 
жоспар.
Екі жоспар да қағаз түрінде де, электронды түрде де жүргізілуі 
мүмкін (word, pdf). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет