Сабақтарды орындаудың НҰСҚаулығы бекітілген зертханалық және студиялық сабақтарды орындаудың нұсқаулығы негізінде


ХІ. Лабораториялық жұмыс: Бір негізді қаныққан және қанықпаған қышқылдар



бет10/13
Дата28.10.2023
өлшемі50.02 Kb.
#481822
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтар қысқаша сипаттама

ХІ. Лабораториялық жұмыс: Бір негізді қаныққан және қанықпаған қышқылдар.

74. Карбон қышқылдары мен тұздарының судағы ерігіштігі.


Материалдар: әртүрлі органикалық қышқылдар (сірке, стеарин, үшхлорлысірке; қымыздық, янтарь, сүт, фумар қышқылдары).
Зерттелетін қышқылдардың әрқайсысына бірнеше тамшы немесе кристалын (0,05 – 0,1г) 1 – 2 мл суда ерітеді. Барлық пробаға да судың және қышқылды бірдей мөлшерде алу керек.
Қоспаны салқындатып, қышқыл кристалы қыздырғанда ерігенін бақылайды.
Алынған қышқыл ерітіндісін келесі жұмыстарда пайдаланылады.
Аз еритін қышқыл тұнбасы бар пробаларды шайқап, суспензия 1 бөлігін басқа пробиркаға құяды және оған 2 – 3 тамшы сұйытылған сілті ерітіндісін қосып, сілкігенде қышқыл кристалдары ериді.

75. Қышқылдардың иондану дәрежесін анықтау.


Материалдар: әртүрлі органикалық қышқылдар (ерітінділер), фенол (қаныққан 6 % - тік еріт – сі), глицерин (5 - 10% - к еріт.), конго индикатор қағазы.
Конго қағазымен анықтау үшін әртүрлі қышқыл ерітінділерін шамамен бірдей концентрацияда алады. Сәйкес қышқылдармен дымқылданған шыны таяқшамен құрғақ конго қағазының бөлігіне жүргізгенде әртүрлі түстегі жолақтар мен түстерге боялады.
Салыстыру үшін дәл осы жолмен суға, фенол мен глицерин ерітінділеріне және сұйытылған тұз қышқылымен ( немесе H2SO4) бақылау жүргізеді.
Конго қағазы әлсіз қышқылдармен қара – қоңыр түске, одан соң түссізденеді, неғұрлым күштірек қышқылдармен қара – көк, ал өте күшті қышқылдармен тұрақты көк түске боялады.

76. Қышқылдарды олардың тұздарымен басқа қышқылдардың көмегімен ығыстыру.


Материалдар: Сірке қышқылы (сұйытылған), қымыздық қышқылы (қаныққан 8% - к судағы еріт.), натрий ацетаты (ұнтақ), Nа бикарбонаты (ұнтақ); янтарьқышқыл натрий (коцентрлі судағы еріт.).
Жеке пробиркаға көмір, янтарь, сірке қышқылдарының тұздарынан біраз мөлшерін салып, оған бірнеше тамшы зерттелгелі отырған органикалық қышқылдардың бірнеше тамшысын қосады, сонымен қатар салыстыру үшін сұйытылған H2SO4 қосады. Көмір қышқылының ығысуы – CO2 - нің бөлінуімен,сірке қышқылының ығысуы – қоспаны қыздырғандағы иісінен, ал янтарь қышқылының ығысуын 5 – 10 минуттан кейін тұнба түзілуімен байқауға болады.

78. Органикалық қышқылдардың тотығуындағы айырмашылықтар.


Материалдар: әртүрлі органикалық қышқылдар (мысалы, құмырсқа, сірке, қымыздық, шарап, фумар).
0,05 – 0,1 г органикалық қышқылдарға 1- 2 мл су қосып, органикалық қышқылдардың судағы ерітіндісін дайындайды. Алынған ерітінділердің әрқайсысына 1 мл сұйытылған H2SO4 және KMnO4 – ті тамшылатып құяды. Органикалық Қышқылдардың тотығуындағы айырмашылықтар ерітінділердің бірден немесе біраз тұрғаннан кейін түсінің өзгеруінен байқалады.

79. Оксиқышқылыдардың темір (ІІІ) хлоридімен әрекеттесуі.


Материалдар: әртүрлі органикалық қышқылдар (сірке, қымыздық, лимон, шарап, сүт), ашыған сүт өнімдерінің сары суы.
Тәжірибе алдында FeCI3 ерітіндісіне бірнеше тамшы фенол ерітіндісін қосады.
Тәжірибе әртүрлі қыщқылдардың судағы ерітіндісімен жүргізіледі. Берілген қышқылдардың 1 – 2 мл ерітіндісіне, сонымен қатар ашыған сүт өнімдерінің сары суына 2 – 3 тамшыдан құрамында фенолы бар FeCI3 ерітіндісін қосады. Оксиқышқылдардың ерітінділері және сары түске, кейде жасыл түс беріп боялады.

81. Құмырсқа қышқылдарының тотығуы.


Материалдар: құмырсқа қышқылы, известь немесе барий суы.
Газ өткізгіш түтігі бар пробиркаға 0,5 – 1 мл құмырсқа қышқылын, 1 мл сұйытылған H2SO4 және 1 -2 мл KMnO4 ерітіндісін құяды. Газ өткізгіш түтіктің екінші ұшын ішінде 1 – 2 известь ( немесе барий) суы бар пробиркаға салып қоспаны қайнау басталғанша сақпен қыздырады.
Алғашқы пробикадағы KMnO4 – пен боялған ерітінді бірден түссізденіп, 2 – ші пробикада тұнба немесе лай пайда болады. (CaCO3 немесе BaCO3 түзіледді).

83. Құмырсқа қышқылының концентрациялы күкірт қышықылында ыдырауы.


Материалдар: құмырсқа қышқылы (сусыз) немесе натрий форматы (ұнтақ).
Газ өткізгіш түтігі бар пробиркаға 1 мл концентрациялы H2SO4 пен 0,5 мл құмырсқа қышқылы немесе 1 г құмырсқа қышқылының тұзын салады. Бөлме температурасында немесе әлсіз қыздырғанда бөлінген СО2 – ны су астында пробиркаға жинап, жағады, Көмірсутек тотығуының жанғандағы жалынның түсі көгілдір болады. Егер реакция тоқтамаған болса,СО2 – ны түтіктің аузында жағады.
84.Темір ацетатының түзілуі және гидролизі.
Материалдар: натрий ацетаты (кристалл) железистосеннеродистый калий (сары қан түсті тұз, 2% - к аудағы ерітіндісі).
0,1 – 0,2 г Na ацетатын 2 – 3 мл суда ерітеді және 5 – 6 тамшы темір хлоридін (ІІІ) тамызып, шайқайды.
Сұйықтық қою қызыл түске боялады. Ерітінді қайнағанша 1 – 2 мин. Қыздырыды. Осы кезде қызыл қоңыр мақта тәрізді тұнба түзіледі. Қыздыруды тоқтатып, сұйықтықты салқындатады.
Абайлап пипеткамен тұнбаны арластырмай, мөлдір ерітіндісін алып, басқа пробиркаға құйып, оны үстіне темір (ІІІ) валентті тұзын (сары қант түсіті) қосады.
Бұл тәжірибе сірке қышқылында да дәл осылай жүргізіледі. Бұл жағдайда қышқылдардың бірнеше тамшысын 2 – 3 мл суда ерітеді де, оны лакмус көмегімен сілті еріт – де нейтралдап, FeCI3 ерітіндісін қосады.

85. Құмырсқа қышқылының тұзынан қымыздық қышқылының тұзын алу.


Материалдар: натрий формиаты ( ұнтақ); кальций хлорді( 5% - к сулы ерітіндісі).
Құрғақ пробиркаға 1 г натрий формиатын салып, ұшы сүйірленген газ өткізгіш түтігі бар тығынмен бекітетіде, қатты қыздырады. Газ түтігінің ұшына шырпы жалынын жақындатса, бөліген газ күлгін түсті жалынмен жанады. Бір минуттай қыздырғаннан кейін, пробирканы суытады да, пайда болған ерітіндіні сүзеді.
Екінші пробиркаға натрий формиатын суға ерітіп, екеуіне де кальций хлоридінің ерітіндісінен бірнеше тамшы қосқанда, 1 –ші пробиркада ақ түсті тұнба түзеді. Ол тұнба сірке қышқылында ерімейді, тұз қышқылында жақсы ериді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет