ХІV. Лабораториялық жұмыс: Оксикарбон Қышқылдары.
№ 86. Қымыздық қышқылының қыздыру кезіндегі ыдырауы.
Матиаиалдар: қымыздық қышқылы ( ұнтақ), ізбес немесе барий суы.
Прабиркаға 1 – 2г қымыздық қышқылын салып, аузын газ түтігі бар тығынмен бекітіп, түтіктің ұшын ізбес суына батырады. Қышқылды қыздырғанда бөлінген газ ізбес немесе барий суын лайлайды. Түтіктің ұшына жалын апарғанда, көгілдір түсті жалын шығарып көміртек тотығы жанады.
№ 89. Шарап қышқылының қышқыл және орта калий тұздарының түзілуі .
Материалдар : шарап қышқылы ( 5 – 7% - к ерітіндісі ), калий гидроксиді ( 0,5 н ерітіндісі).
1мл шарап қышқылының сулы ерітіндісіне фенолфталеин ерітіндісін тамызып және бюретка арқылы үнемі араластыра отырып КОН тамшылатып құяды. Шарап қышқыл калий тұзының тұнбасы түзіледі. Сілтіні одан әрі қосқанда түнба біртіндеп ериді, сілтілік р-ға жеткенде толығымен жойылады.
Алынған ерітіндінің бір бөлігіне сүйықталған H2SO4 – ті тамшылатып құяды, түнба немесе лай пайда болады.
№ 90. Шарап қышқыл тұздарының мыс гидроксидімен әрекеттесуі.
Материалдар: шарап қышқылы, калий немесе натий. ( 3 – 5 % -к сулы ерітіндісі).
CuSO4 ерітіндісіне сілті ерітіндісін қоса отырып, Cu(OH)2 – нің көгілдір түбасын алады . Одан соң қалыпты шарап қышқыл тұзы ерітіндісін қосады. Мыс гидроксиді еріп, қою көк түсті сұйықтық түзіледі.
№ 91. Лимон қышқылының концетірлі күкірт қышқылы әсерінен ыдырауы.
Материалдар: лимон қышқылы ( үнтақ ), ізбес немесе барий суы.
Пробиркаға 1г лимон қышқылын салып, оған 2мл конц. H2SO4 қосады. Қоспасы бар прабирканың аузын ұшы сүйір газ түтігі бар тығынымен тығындап қыздырады. 2 прабирка алып, оның біреуіне ізбес суы немесе барий суын, ал 2- шісіне йод ерітіндісі мен калий гидроксидін құяды ( калий гидроксидін йод ерітіндісін түсі жойылғанша қосады). Бұдан соң өткізгіш түтікті 1 – ші пробиркаға салады. Бұл кезде ізбес немесе барий сы лайланады, ал екінші пробиркаға салғанда сарғылт түсті йодоформ тұнбасы түзіледі. Қыздырғанда бөлінген газды жағуға болады. Жанғандағы жалынның түсін байқау керек.
№
Достарыңызбен бөлісу: |