Сабақтың қысқамерзімді жоспары 2023-2024 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулықта ұсынылған №130 бұйрық негізінде жасалды



бет3/19
Дата26.06.2024
өлшемі3.72 Mb.
#502801
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Физика 4-тоқсан 8-сынып 1712739522 2

Тапсырма 1. Жеке жұмыс. Сыни ойлауға берілген мысалдар
Жарық шығаратын денелерге мысал келтіріңдер. Жарықтың шығу себебін түсіндіріңдер.

Оқушылар табиғаттағы жарық көздеріне мысалдар келтіреді және жарықтың шығу себебін түсіндіреді



Қалыптастырушы бағалау, ауызша бағалау



Кітап, презентация



Жарық көздері
Өзінен жарық шығаратын денелер жарық көздері деп аталады. Жарық көздері екіге бөлінеді:табиғи және жасанды жарық көздері.
Табиғи жарық көздері: Күн, жұлдыздар, найзағай, өзінен жарық шығарушы жәндіктер т.б.
Жасанды жарық көздері екіге бөлінеді: жылулық және люминесценцияланатын (салқын жарық көздері).
Жылулық жарық көздері:Люминесценцияланатын жарық көздері (салқын жарық көздері): күндізгі жарық шамдары, теледидар экраныныӊ жарығы т.б.
Жарық сәулесі – жарық энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық. Жарық сәулесі толқын шебіне перпендикуляр жүргізілген және толқын ұйытқуының таралу бағытын көрсетеді.
Жарық шоғы – жарық сәулелерінің жиынтығы.




Сабақтың ортасы

15 минут

10 минут


Шағылу заңдары:
- түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
- шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады.

Айна жарықты шағылдырушы кең тараған тегіс бет.
• Айналық бет деп түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарықты ол түскен ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады.
•Егер жарық сәулесі айналық бетке түссе, одан шағылу да айналық немесе бағытталған шағылу болады.
Егер бет кедір - бұдыр болса, онда одан шағылғанда жарық шашырайды. Мұндай шағылуды шашыранды немесе диффузиялық шағылу деп атайды.
Сонымен шағылу айналық және диффузиялық деп екіге бөлінеді.
• Параллель жарық шоғы жазық айналық беттен параллель шоқ түрінде, яғни дәл бағытталған түрде шағылады.
Жазық айнадан кескін алу.
S жарық сәулесінің айнадағы кескінін алуды қарастырайық. Ол үшін бізге MN жазық айнасы беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет