Сабақтың жоспары Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып



бет18/36
Дата15.04.2022
өлшемі480 Kb.
#456694
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
кәсіби қазақ тілі

-ын, -ін, -сын, -сін қосымшалары тек біраз сөздерге ғана қосылып үстеу тудырады. Мысалы: қысын, жазын, жасырын, астыртын, үстіртін, ертеңгісін, кешкісін т. б.
Көнеленген формалар арқылы туған жалаң үстеулер

Оларға бір алуан сөздердің белгілі бір септік жалғау формасында әбден қалыптасып, бір-бірінен бөлінбейтіндей болып көнеленген сөздер жатады. Осындай көнеленген "қосымшалар" төркіндері септік жалғауларынан болғандықтан, сыртқы тұлғасы жағынан сол септіктердің жалғауларына ұқсас келеді. Септелу қашан да болсын есімдерге тән қасиет болғандықтан, мұндай үстеулер кейбір септік жалғауларының көнеленуінің нәтижесінде көбінесе есімдерден туады.

  1. Барыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: зорға, босқа, текке, жатқа, бекерге, әреңге, алға, артқа, ас(т)қа, үс(т)ке, бірге, кешке, ертеңіне, әзірге, қазірге, күнге т. б.

  2. Жатыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: алда, артта, аста, үсте, кейде, әлгіде, жаңада, баяғыда, күнде, түнде, аңдаусызда, абайсызда, қапыда, ілуде, қапелімде, қапылыста, лезде, жөппелдем(е)де т. б.

  3. Шығыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: шалқасынан, жүресінен, етпетінен, төтеден, кеңінен, тезінен, қырынан, келтесінен, басынан, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, тосыннан, кенеттен, қатеден т. б.

  4. Көмектес септіктің көнеленуінен туған үстеулер: кезекпен, шынымен, қалпымен, жайымен, ретімен, жөнімен, түйдегімен т. б.

Мезгіл үстеулер


Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.

Мекен үстеулер


Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет